Кукушкин ширек финалда

Кукушкин ширек финалда
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ниццеде өтіп жатқан АТР турнирінде австралиялық Бернард Томичті жеңіп, келесі ширек финалға жолдама алды.

Ойынның бастапқы кезінде Томичтің артықшылығы көзге бірден көрінетін еді. Алайда, қарсылас теннисші де өз тарапынан орындалатын соққыларға ұқыпты қарап, өліспей-беріспеді. Сегізінші геймде австралиялық теннисші брейкке қол жеткізді. Соның нәтижесінде бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте Кукушкин қызыл жейдесін ақ түске ауыстырды. Бас кезінде қарсылас теннисшінің соққыларын қайтара білді. Сөйтіп есептегі басымдылығы 2:0 болды. Есесіне Томич кезекті брейкке қол жеткізді. Бірақ, өз соққыларын қарсыласына беріп қойды. Солайша партия Кукушкиннің пайдасына 6:2 есебімен аяқталды.
 
Ең соңғы шешуші сетте екі қарсылас та тартысты ойын өткізді. Австралиялық жеңістің сәл-ақ үстінде еді, біздің әккі Кукушкин жақсы ойын көрсете білді. Қалған екі геймді де өз пайдасына шешті. 
Ендігі айналымда Кукушкин америкалық Брайн Бэкор мен француздық Гаэлем Монфисомның қайсысы ұтса, сонысымен кездесетін болады.

Сурет: rusteam.permian.ru
Л. Лига