Ресей - хоккейден әлем чемпионы!

Ресей - хоккейден әлем чемпионы!

Хоккейден әлем чемпионаты аяқталды. 10 жыл бұрын кеткен есе қайтарылды.  Араға 3 жыл салып ресейліктер чемпиондық тәжді қайта киді. Бұл жолғы ойын өте жоғары деңгейде өтті. Он ойынның бірде-бірінде жеңіліс тауып көрмеген Ресей құрамасы Словакиядан басым түсті. Есеп: 6:2.

Бұл жолғы ойынды словактар шабуылмен бастады. Екінші минутта Здено Хара мергендігімен көзге түсті. Алайда, 10 минут өтер-өтпесте Александр Семин қарымта шайбаны соғып, таразы басын теңестірді.

Екінші 20 минуттық аралықта  ресейліктер жақсы ойын өрнегін көрсетті: есептегі айырмашылықты  Александр Пережогин, Алексей Терещенко мен Семиндер еселей түсті. Ойынның соңғы минуттарында  Павел Дацюк Ресей құрамасының бесінші шайбасын соқты. Алма-кезек шабуыл кездерінде, 50-шы минутта Хара екінші шайбасын соғып, есепті қысқарта түсті. Бірақ араға 8 минут салып Евгений Малкин  алтыншы шайбаны соғып, ойынға түпкілікті нүкте қойды.

Естеріңізге салайық, чемпионаттың қола жүлдесі Чехияға бұйырды. Чехия құрамасы  Финляндия құрамасынан 3:2 есебімен басым түсті.

Сурет: sovsport.ru 

Л. Лига