"Астананың" пилоты көштің алдында келе жатыр

"Астананың" пилоты көштің алдында келе жатыр

Қазақстандық "Астана" командасының пилоты Даниэль Джункадэлья "Формула-3" Еуропа сериясындағы көшбасшылығын сақтап қала алды.

Естеріңізде болса, Франциядағы По трассасында өткен жарыста біздің пилот бұрылыстардың бірінде Паскаль Вехрлейнмен соқтығысып қалған еді.

"Осы соқтығыстан соң, мен тактикамды өзгерттім. Жарысты қалыпты қарқынмен аяқтап шығуды мақсат тұттым. Бұлай етудегі мақсатым - қарсыластарыма жалпы есепте менен асып түсуге мүмкіндік бермеу болатын. Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, саясатым сәтті болып, қазір жалпы ұпай саны бойынша, көштің алдында тұрмын", - деп сұхбат берді пилот журналистерге.

Қазір спортшының қоржынында 62 ұпай бар. Джункадэлья "Хоккенхаймринг" атты неміс трассасында өткен үшінші этаптан соң, бұл нәтижеге қол жеткізгендігін айтып өтелік. Келесі этап 20 мамыр күні Англиядағы "Брендс Хетч" трассасында өтетін болады. 

сурет: newskaz.ru