Грекияда 2012 жылғы Олимпиаданың алауы жағылды

Грекияда 2012 жылғы Олимпиаданың алауы жағылды
Фото: http://supercoolpics.com/

Грекияда күн сәулесі арқылы Лондонда өткелі отырған 2012 жылғы ойындардың алауы жағылды. Синоптиктердің болжауымен күн бұлтты болады деп күтілсе де, алауды жағу кезінде ешқандай кедергі болған жоқ.

Салтанатты жиын бүкіл әлемнен жиылған қонақтардың қатысуымен өтті. Театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарламалар жиынға ерекше көрік беріп тұрды. Алауды жағуға ұзын саны 24 "абыз" бен 14 адамнан құралған бишілер тобы қатысты. Сонымен қатар, арнайы киім киген мектеп жасындағы бала қатысты.

Олимпиада алауын жағу салтанаты. Грекия

Факел алғаш болып 10 шақырымға жүзуден 2011 жылы әлем чемпионы атанған Спирос Янниотистің қолына тиді. Ол 8 күнге созылатын эстафетаның алғашқы кезеңінде белгілі қашықтықты жүгіріп өтетін болады. Айта кетелік, 2900 шақырымдық эстафета 17 мамыр күні Афина қаласында аяқталады. Бұдан соң, Олимпиада алауы 2012 жылғы ойындардың ұйымдастырушыларына ұсынылатын болады.