Лондон-2012 Олимпиадасына қазақстандықтар 80 жолдама ұтып алды

Лондон-2012 Олимпиадасына қазақстандықтар 80 жолдама ұтып алды

Қазақстандық спортшылары Лондондағы Олимпиадаға барлығы 80 жолдама ұтып алды. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

2 мамырға дейінгі нәтиже бойынша, ауыр атлетикадан 2 жолдама, таэквондодан 3, велошосседен 3, спорттық гимнастикадан 2, көркем гиманстикадан 1, мылтықпен оқ атудан 2, бокстан 9, синхронды жүзуден 2, семсерлесуден 2, еркін күрестен 7, жеңіл атлетикадан 12, грек-рим күресінен 5, әйелдер күресінен 5 жолдамаға ие болыпты қазақстандықтар.

Айта кетелік, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, әйелдер күресі, дзюдо, жүзу, теннис, пляждық воллейбол, велотрек, триатлон спорт түрлерінен бәсеке әлі аяқталған жоқ. Қазақстандықтар жалпы 25 спорт түрінен 100 жолдамаға ие болады деп күтілуде. 

сурет: tam-s-92.deviantart.com