Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Мәнерлеп сырғанауда қандай секіру түрлері бар?

Мәнерлеп сырғанауда қандай секіру түрлері бар?

Мәнерлеп сырғанауда қандай секіру түрлері бар?

Тулуп, аксель, сальхов, риттберген, флип және лутц – қазіргі мәнерлеп сырғанаушылар мұз үстінде секірудің тек алты ғана түрін біледі. Осы алты түрі бөксе және қабырға бұру арқылы жасалатын болғандықтан үш-үштен екіге бөлінеді. Біз бұл материалымызда тулуп, флип және лутц әдістері туралы айтамыз.   

Тулуп


Тулуп сөзі ағылшын тілінен аударылғанда – toe loop деген екі сөзден құралған. Мағынасы «аяқ ұшындағы ілмек» дегенді білдіреді. Тулуп әдісін тұңғыш рет 1920 жылы Брюс Мэйпс орындады. Бастапқыда спортшылар қарапайым тулуп орындаса, кейін екі рет айналатын тулуп орындай бастады. Ал қазірде көп көретін үш рет айналатын тулуп Литц есімді спортшының 1964 жылы алғаш рет орындағанынан соң көбейе бастады. Енді осы қиын жаттығуға тағы бір рет айналманы қосу үшін спортшыларға 19 жыл керек болған. ӘЧ-1983 додасында кеңес одағының спортшысы Александр Фадеев тұғыш рет төрт айналмалы тулупты орындайды. Десе де, әділ-қазылар оның бұл әдісін қате деп есептеп, санамай қояды. Тағы да бір төрттік тулуп 1988 жылы канадалық Курт Браунингтың орындауында болады. Бірақ ол да помарка жасайды. Ал заңды түрде есептелген төрттік тулупты 1991 жылы ресейлік спортшы Алексей Урманов орындайды.  

Ал әйелдер спортында үш айналмалы тулуп орындалып келеді. 1991 жылы Францияның қара нәсілді спортшысы Скурия Бонали төрттік тулупты қателікпен орындайды. Сол кезден бұл әдісті мінсіз орындау әйелдерге бұйырмай келеді. Бірақ жапондық спортшы Микки Андо жаттығу кезінде бұл әдісті қатесіз жасап жүргені жайлы ақпараттар бар.

Жалпы бұл секіру әдісі өзге әдістерге қарағанда ең оңайы саналады. Спортшы бұл әдісті жасау үшін сол аяғымен жерден ышқына көтеріліп, үш рет айналған соң оң аяқпен түсуі қажет.

Флип


Күрделілігі бойынша тулуптан асып түсетін әдіс флип. Әдіс жасаушы артқа қарай сырғанап келе жатып оң аяқпен ышқынып секіреді де, оң аяқпен түседі.

Әдістің бұл атауы да ағылшын тіліндегі калька болып есептеледі – flip, мағынасы – спортшы секіргенде шығатын еліктеуіш дыбыс. Бұл әдіс ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап қолданылып келеді екен. Бірақ тарихта бұл секіру әдісін бірінші рет жасаған кім деген сұраққа жауап табылмады. Ал қыз балалар флип әдісін 80-ші жылдардың басында жасай бастады. 4 рет айналатын флип әлі де ешкімнің қолынан келер емес. Жапон спортшысы Дайсукэ Тахакаси әдісті бірнеше рет орындап көрмек болған, бірақ қателіктермен орындағандықтан, таза әдіс ретінде саналмаған.

Лутц


Мәнерлеп сырғанауда ең бір қиын әдістің бірі осы. Атауы осы әдісті тұңғыш рет 1913 жылы орындаған аустриялық спортшы Алоиз Лутцтың есіміне берілген. Екі рет айналмалы лутц әдісін жасау үшін ондаған жыл қажет болған. Ал үштік лутц ер спортшылардың қолынан тек 1962 жылы ғана келді. Канадалық мәнерлеп сырғанаушы Дональд Джексон үштік лутцты орындап, чемпион атанған екен. Үштік лутцты оның жерлесі Ян Хоффман тек 12 жылдан кейін ғана – 1974 жылы орындай алды. Ал төрттік лутцты орындап бақ сынау 1998 жылдан басталды. АҚШ спортшысы Майкл Вайс бірінші рет орындаған кезде екі аяққа бірдей түсіп қателессе, дәл сол сырғанауда тағы да орындап құлап қалды. Төрттік лутцты орындап көруге батылы барған ресейлік даңқты спортшы Евгений Плющенко 2001 жылы қателіктерге тап болады. Ал бұл әдісті 2011 жылы мінсіз орындаған америкалық спортшы Брэндон Мроз болып тарихта аты қалды.  Ал қыздар арасында қателіксіз екі мәрте айналатын лутцты 1942 жылы Барбара Энн Скотт орындап шығады. Ал тек 1978 жылы ғана үштік луцты швейцариялық спортшы Дениз Бильманн орындайды.   

Жалпы бұл секіру әдісін жасау үшін спортшы сол аяғын бүге отырып қолы мен денесі арқылы айналма жасап, жүріп келе жатқан бағытын өзгерте оң аяққа түседі.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: өңделген

1109 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 19 ақпан 2014, 14:26
Пікірлер
+0
19 ақпан 2014, 14:50

Тамаша материал. Жанкүйерлер білуге тиісті ақпарат

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...