АПЛ-дегі ең үздік 10 дриблер

АПЛ-дегі ең үздік 10 дриблер

«Ливерпульдың» үш жігіті, «шпорлардың» жаңа жұлдызы мен Эден Азар. Англияның ішкі біріншілігінде допты ұршықтай иіріп жүрген жігіттер. 

10. Джек Уилшир («Арсенал»)

Ойын: 20

Алдау: 40

Орта есеппен: 2,0

Шылым шегу мен бұзақылықтар осы бір шағын денелі жартылай қорғаушыға өз дегеніне жасауға кедергі келтірмейді. Соның көрінісі - біріншіліктегі айла-әдісі жоғары он ойыншының қатарына кіреді. 

ibzmxdg8gnhh4p_1.gif

9. Равель Моррисон («Вест Хэм»)

Ойын: 16

Алдау: 33

Орта есеппен: 2,1

21 жастағы ойыншы өз бітім-болмысымен ерекшеленеді. Жылдам әрі ұшқыр ойлайтын Моррисон қосалқы құрамнан табылып жүрсе де, «Вест Хэмның» осы маусымда соққан бес голына қатысып үлгеріпті. Ағылшындардың жұлдызды жастарының қатарына қосылған күні Сэм Эллардайспен керісіп қалып, қайта қосалқы құрамнан орын сайлаған көрінеді.

Равель Әлем чемпионаты баруға лайықты ойыншылардың бірі.

i3trhkkvlrlyr.gif

8. Филиппе Коутиньо («Ливерпуль»)

Ойын: 20

Алдау: 42

Орта есеппен: 2,1

Өткен маусымда "Интер" сапынан Брендан Роджерстың жас бандысының қатарына қосылған ойыншы. Көрсеткіш көз алдарыңызда: Коутинью дәл қазіргі таңда мерсисайдтік механизмның бір бүтін бөлшегі саналады. Тапқыр ойларымен тамаша пастарды асырып беру, әр жолы «Энфилдті» бас айналдырарлық айла-әдісімен қуанту - оның жұмысы. 

Филиппе өз мансап жолында жақсы таңдау жасаған ойыншы.

coutinho-run.gif

7. Рахим Стерлинг («Ливерпуль»)

Ойын: 20

Алдау: 51

Орта есеппен: 2,6

Ливерпульда бағы ашылған тағы бір жұлдыз. Стерлинг жайлы, әрине, ертеректе естіген болсаңыз да, бірақ, дәл осы маусымда ол өзінің Англияның болашағы саналатынын дәлелдеуде. Жуырда ғана "Арсеналға" қарсы өткен ойыннан соң  Брендан Роджерс Стерлингті Премьер-лигадағы ең жарқын ойыншылардың қатарына қосыпты.

raheem-sterling_2375129b.jpg

6. Росс Баркли («Эвертон»)

Ойын: 22

Алдау: 58

Орта есеппен: 2,6

Жұлдызы жанғалы жүрген тағы бір жігіт. Баркли Ромелу Лукакумен жақсы жұптасып, команданың көшбасшы ойыншыларының қатарына қосылып келеді. Соңғы уақытта ойын тағдырын өз қолына көп алып жүр. 

tumblr_mwqv1du2o01sbmryxo1_400_1.gif

5. Мусса Дембеле («Тоттенхэм»)

Ойын: 22

Алдау: 59

Орта есеппен: 2,7

Гарет Бэйлдің Мадридке кетуімен «шпорларда» басты шеберлікке талас туындамасы анық. Дембеле мен Таунсенд жұбы валиялық ойыншының орнын басып, сәтті өнер көрсетеді алады деген сенімдеміз.

4. Хатем Бен Арфа («Ньюкасл»)

Ойын: 21

Алдау: 59

Орта есеппен: 2,8

Шеберлік танытуда асқан ықыласымен танылатын француз ойыншысы. Бұрындары онысы көбіне сәтсіз шығып, допты жіберіп алатын, бірақ, осы маусымда Бен Арфаның тоқтату қиынның қиыны.

ibpdz8wef6m3ix.gif

3. Луис Суарес («Ливерпуль»)

Ойын: 20

Алдау: 58

Орта есеппен: 2,9

Маусымның сөзсіз үздік ойыншысы, сиқырлы ойынымен көзге түсіп жүрген және «Ливерпульді» Чемпиондар Лигасына сүйреп жүрген уругвайлық шабуылшы. Бір айта кетерлігі, Суарестің дриблингі көбіне қарсылас қақпасына голмен аяқталып жатады. Луис 20 ойында 23 мәрте көзге түсіп, еншісіне 8 нәтижелі пасты жазыпты. 

luis-suarez_epa_2626180b.jpg

2. Эден Азар («Челси»)

Ойын: 25

Алдау: 93

Орта есеппен: 3,7

Тоқтаусыз ойыншы. Азар әр аптада бір кереметті жасап тұрады, әлемнің ең үздік қорғаушыларын алдап, сан соқтыруда.

Солардың бірі «Ман Ситиге» қарсы ойында көрініс алды. Бельгиялық ойыншы сол ойында 11 рет сәтті алдауға түскен. Тіпті, мақтауға сараң Жозенің өзі Азарды әлемнің ең үздік жас ойыншысы деп атапты. 

_e2a633dd4f33602a0e0a45efb62879ac.gif

1. Андрос Таунсенд («Тоттенхэм»)

Ойын: 15

Алдау: 57

Орта есеппен: 3,8

"Тоттенхэмнің" бұл ойыншысы жарты жылда ішкі біріншіліктің басты жұлдыздарының біріне айналып үлгеруде. 

Таунсендтің керемет шеберлігі жанкүйерлерді ғана мәз-мейрам етіп қоймай, сонымен бірге Роя Ходжсонның өзін қуантатын көрінеді. 

Андрос Оңтүстік Америкаға баруға нағыз лайықты ойыншы. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru; telegraph.co.uk, celebrityhairstylez.com

Л. Лига