Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Кәсіпқой бокстағы ұйымдар мен чемпиондық белбеулер

Кәсіпқой бокстағы ұйымдар мен чемпиондық белбеулер

Кәсіпқой бокстағы ұйымдар мен чемпиондық белбеулер

Бүгінгі таңдағы кәсіпқой бокс – бірінші кезекте, спорттан бұрын бизнеске жақынырақ десек, артық айтпайтын шығармыз. Бұл шаршы алаңда шайқасқандар әуесқой кездесулерге қатыстырылмаса, керісінше әуесқой боксшылар кәсіби рингте жұдырықтаса алмайды. 

Кәсіби кездесулерде ешқашан қорғаныш шлемдері қолданылмайды, ал раундтар саны оның деңгейіне қарай 10-нан 12-ге дейінгі аралықта жалғасады. Сондықтан да ол ең қауіпті спорттар қатарынан саналады. Бокстың бұл түрінің тағы бір ерекшелігі – ол қазіргі таңдағы әлем чемпиондары санының көптігімен мақтана алады. Ал барлығы 17 салмақ дәрежесінде төрт бірдей ұйымның чемпиондық белбеулері бар: 

Салмағы келімен, (фунтта)

Салмақ дәрежесінің аталуы 

WBC

WBA

IBF

WBO

90,892 келіден жоғары (200)

Ауыр салмақ

Heavyweight

Heavyweight

Heavyweight

Heavyweight

90,892 келіге дейін (200)

Бірінші ауыр салмақ

Cruiserweight

Cruiserweight

Cruiserweight

Junior heavyweight

79,378 келіге дейін (175)

Жартылай ауыр салмақ

Light heavyweight

Light heavyweight

Light heavyweight

Light heavyweight

76,203 келіге дейін (168)

Екінші орта салмақ

Super middleweight

Super middleweight

Super middleweight

Super middleweight

72,574 келіге дейін (160)

Орта салмақ

Middleweight

Middleweight

Middleweight

Middleweight

69,85 келіге дейін (154)

Бірінші орта салмақ

Super welterweight

Super welterweight

Junior middleweight

Junior middleweight

66,678 келіге дейін (147)

Жартылай орта салмақ

Welterweight

Welterweight

Welterweight

Welterweight

63,503 келіге дейін (140)

Бірінші орта салмақ

Super lightweight

Super lightweight

Junior welterweight

Junior welterweight

61,235 келіге дейін (135)

Жеңіл салмақ

Lightweight

Lightweight

Lightweight

Lightweight

58,967 келіге дейін (130)

Екінші жартылай жеңіл салмақ

Super featherweight

Super featherweight

Junior lightweight

Junior lightweight

57,153 келіге дейін (126)

Жартылай жеңіл салмақ

Featherweight

Featherweight

Featherweight

Featherweight

55,225 келіге дейін (122)

Екінші жеңілірек салмақ

Super bantamweight

Super bantamweight

Junior featherweight

Junior featherweight

53,525 келіге дейін (118)

Жеңілірек салмақ

Bantamweight

Bantamweight

Bantamweight

Bantamweight

52,163 келіге дейін  (115)

Екінші аса жеңіл салмақ

Super flyweight

Super flyweight

Junior bantamweight

Junior bantamweight

50,802  келіге дейін (112)

Аса жеңіл салмақ

Flyweight

Flyweight

Flyweight

Flyweight

48,988  келіге дейін (108)

Бірінші аса жеңіл салмақ

Light flyweight

Light flyweight

Junior flyweight

Junior flyweight

47,627  келіге дейін (105)

Минималды салмақ

Strawweight

Minimumweight

Mini flyweight

Mini flyweight

WBA – Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы;

WBC – Бүкіләлемдік бокс кеңесі;

IBF – Халықаралық бокс федерациясы;

WBO – Бүкіләлемдік бокс ұйымы.

Егер боксшы аталған ұйымдардың ішінен кез-келгенінің үшеуі бойынша алтын белбеуді иеленер болса, ол абсолютті чемпион деп аталады. Сонымен, осы тұжырымдардың (ұйымдардың) әрқайсысына толығырақ тоқталайық:

WBA – бүкіләлемдік бокс қауымдастығы. 1921 жылы негізін қалаған ұйым. Бастапқыда Ұлттық бокс қауымдастығы (NBA) деп аталды.

WBA белбеуі – қазіргі таңдағы белбеулердің ішіндегі ең көнесі саналады. Ол таза қара теріден жасалып, ортасына WBA логотипі бар медальон орналасқан. Алтынмен апталған жазудың айналасында ақ және қызыл бағалы тастар топтастырылған. Белбеудің қапталында дөңгелек металл пластиналар да орналастарылған. Кезінде дәл осы белбеуді Мұхаммед Әли, Джордж Форман, Джо Фрейзер, Эвандер Холифилд және Майк Тайсон сияқты атақты боксшылар мақтанышпен беліне тақты. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің беліндегі қос белбеудің бірі де осы ұйымға тиесілі. 

1

WBC - 1963 жылы Мексикада дүниеге келген бокс ұйымы. WBC ұйымының бокстағы жетістіктері ретінде бұл спорт түрінің мейлінше қауіпсіз болуына сіңірген еңбегін айтсақ болады. Бұл ережелер әлі күнге дейін бокста қолданылып келеді. Ол бойынша салмақ дәрежелерінің саны артып, соның арқасында қарсыластар тек өзіне ғана сай келетін спортшымен жұдырық түйістіруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, бұрынғы 15 раундтық жекпе-жекті 12-ге дейін қысқартты (чемпиондық кездесулерде). Рейтинг көтеру кездесулерінде ол 10 раундты құрайды.

WBC белбеуічемпиондық белбеулердің ішіндегі ең әдемісі саналады. Ол өзі тарихында безендірілуі жағынан бес мәрте өзгеріске ұшырады. Енді ол тек қошқыл жасыл теріден жасалынады. Ортасында таза алтыннан құйылған ресми медальоны бар. Оның айналасына WBC құрамына кіретін елдердің тулары орналасқан. Одан бөлек, дизайнерлер белбеудің екі жағына Мұхаммед Әли мен Джо Луистің фотолары тігілген.

1

IBF - 1976 жылы АҚШ-та негізі қаланған халықаралық ұйым. Бастапқыда Америка Құрама Штаттарының Бокс Қауымдастығы деп аталды. 1983 жылы АҚШБҚ халықаралық деңгейге көтеріліп, ал 1984 жылы атауы Халықаралық Бокс Федерациясы (IBF) болып өзгереді.

IBF белбеуі  - WBO нұсқасына қатты ұқсайды. Оны тек қана қызыл теріден жасап, таза алтыннан құйылған медальон үстіне екі жарты шар үстіне қонған қыран бейнесі жапсырылады.

3

WBO - 1988 жылы негізі қаланған ең жас ұйым саналады.  

WBO белбеуі - қоңыр түсті табиғи теріден жасалады. Ортасында барлық ұйымдардың чемпиондық белбеулеріндегі сияқты алтыннан жасалған жер шары бейнеленген медальон орналасқан. Ал ішінде бокс рингі бейнеленсе, оны айнала «World Champion» («Әлем чемпионы») жазуы басылған.

4

Сондай-ақ әлемдік кәсіпқой боксқа кешірек болса да қосылып, дегенмен негізгі төрт белбеудің деңгейіне жете қоймаса да, бұл аренада өзіндік салмағы бар халықаралық ұйым саналатын IBO (Халықаралық бокс ұйымы) айтсақ болады.

1

IBO белбеуі - жасыл түсті теріден жасалып, WBO ұйымының белбеуіне ұқсайды. Ерекшелігі - ринг орнына, боксшының былғары қолғабы орналасқан. Алтын белбеуде қыранның бейнесі көрсетілмеген.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: 4.bp.blogspot.com, allboxing.ru

Қосылған күні: 30 қаңтар 2014, 11:01
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2014, 12:11

Құрлықтық алтын белбеулерді де жазу керек қой деймін, білгенге не жетсін!!! ПАБА т.б сол секілді!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.