Қысқы трансфер. Кім қайда баруы мүмкін?

Қысқы трансфер. Кім қайда баруы мүмкін?

Қысқы трансферлік ауысымда бірқатар ойыншылар басқа клуб сапын толықтыруы мүмкін...


Хуан Мата («Челси»)

Кету себебі. Бірнеше жыл бұрын "Валенсиядан" сатып алынған испандық жартылай қорғаушы өз ойынымен "Челсиге" бірден кірігіп кетіп, Азар мен Орскарсыз болған күнде, Анелька мен Дрогбаға басты пас асырушыға айналған болатын. Жанкүйерлер Матаны "Челси" сапындағы 2011-2012 маусымның ең үздік ойыншысы деп танып, испандық өреннен команда тізгінін ұстар көшбасшылықты күтіп еді. 

2012 жылы кәрі құрлықтың ең айтулы додасының жеңімпазын (Чемпиондар Лигасы) бірқатар өзгерістер күтіп тұрды: командаға жаңа ойыншылар сатып алынып, үлкен жасқа келген ойыншылар ауысып кетті. Азар, Оскар және Марин ағылшын біріншілігіне үйренісе алғанша, сол уақытта Мата клубтың тізгінін өз қолына ұстап, бір маусымдағы пас беру көрсеткіші жағынан рекордтарды бұзып жатты. Алайда, испандық неге екені белгісіз, Жозе Моуринюдің қырына ілігіп, Рафаэль Бенитес кеткен тұста аз ойын уақытын иелене бастады. 

Қайда барады. Ерте көктемде-ақ Матаны Париждің ең бай клубына ауысып барады деген сыбыс шығып, БАҚ құралдары қанша шулатып баққанмен, "ПСЖ"-мен арадағы келісім сол күйі шындыққа айналмады. Матаның сонымен бірге мадридтік "Реалға" қайта оралуы (бір уақыттарда қосалқы құрамында болған) мүмкін екендігін, немесе миландық "Интерді" күшейтіп, Фредди Гуаринді Лондонға қоныс аудартатын қылып қойған-ды. 

Трансферлік құны: 45 миллион евро

Демба Ба («Челси»)

Кету себебі. Фернандо Торрестің бір қалыпқа түспегені түрткі болып, Ромелу Лукакудың бар-жоғы есепке алынбастан, Роман Абрамович 2012 жылдың қысында шабуыл шебіне бір форвард алуға бел буды. Фалькаоны ала алмайтын болған соң, қыс ортасында топ клубтардың бір мықтысын сатып алу мүмкіндігі болмады (қысқы трансфер аралығында көшбасшылар өз мықтыларынан айырылғысы келмеді). Сосын Абрамовичке (бүкіл «Челси» қосынына) екінші қатардағы күшейтуді іздей бастады. Сол уақыттарда АПЛ-де «Ньюкасл» сапында ойқастаған қос сенегальдық Демба Ба – Паписс Сиссе жұбының аты шығып тұрған еді.

"Челси" Баның трансферлік құнын төлеп, топ-клубта ойнап кетер деп күткен үміті болғанмен, сол күйі арманы орындалмай қала берді. Дембаның көрсеткіші Фернандо Торрестен ары асып түспей, сенегалдық ойыншыны қалың қосынға апарып отырғызды. Ал "Челсидің" скауттері шабуыл шебіне кезекті мергенді іздестіруге көшті...

Қайда барады. Ба осы маусымда солтүстікке қарай, «Арсеналға» ауысуға бір табан жақындай түсіп еді, бірақ трансфердің соңғы күні Моуриньюдің есебінен ауыса алмай қалды. Баның төлемақысына көп сұрады деген де сыбыстар бар. Дегенмен, Ба Жирумен бәсекелестік құра алар еді, сонымен бірге "Монаконың" бірінші қосынында отырар еді немесе ағылшынның орта клубтарының біріне бара алар еді.

Соңында, жақында "Челси" "Ромаға" Баны 15,1 миллион футнқа сатқалы жатыр деген сыбыс та шығыпты... 

Трансферлік құны: 15 миллион евро


Кевин де Брёйн («Челси»)

Кету себебі. Үлкен үміт күтілген Челсидің тағы бір ойыншысы жайлы. Де Брёйнді екінші Марко Марин деп айтуға әбден негіз бар: «Генкте» ойнап жүргенде "Челси" сатып алып, Белгиядағы маусымды аяқтағанын күтті. Келесі жылы "ақсүйектер" Де Брёйнді бремендік «Вердерге» жалға беріп, онда ол жарқырай бастады. 10 гол мен 9 нәтижелі пас - Кевинді "музыкантшы" атандырып, олардың көшбасшысы мен басты үмітіне айналдырды. «Вердер» талантты ойыншының жалға беру уақытын "Челси" ұзартпасын білгенмен, соған қарамастан тағы бір мәрте сұрап көрген-ді.

Күтілгендей, "Челси" кері жауап қайтарды. Жартылай қорғаушы өз мансап жолында жаңа бір кезеңге көтерілердей көрінгенмен, алайда Моуринью жас белгиялыққа сенім арта қоймады, Де Брёйннің орнына өзге орындаушыларды құп көрді. Үш ойын, Премьер-лигадағы 133 минут -  Кевин осы күннің соңғы парақшасын алып тастап, ойын практикасы үшін клуб сапын ауыстырары анық. 

Қайда барады. Кевиннің плеймейкерлік дарынын кез келген топ біріншіліктердің бірінен бағалаушылар табылары сөзсіз. Шынына келсек, "Челси" оны тағы да жалға беруі мүмкін, онда Кевинді жалға алушылардың қатарынан Гамбург,  «Вердер» немесе «Витесс» клубтары төбе көрсетеді. Егер «Челси» Де Брёйннің өздеріне керек емесін аңғартса, онда оған Германияға аттанғаны дұрыс. Ол жақта дортмундық "Боруссия" көз тігуде екен. Не болмаса Италияға қоныс аударсын, «Юве», «Милан», «Интер» секілді алпауыттар микроскоппен қарап көруге мүмкіндік алар еді. 

Трансферлік құны: 17 миллион евро

Лукас Моура («ПСЖ»)

Кету себебі. Моура - Еуропаға үлкен ақша үшін қоныс аударған таланты бразилиялықтардың бірі. Дей тұрсақ та, Неймар мен Бернадқа қарағанда, Моура Еуропаның жасы алаңында жарқырай қойған жоқ. Нашар ойнағандықтан емес, жақсы ойнау үшін жасыл алаңнан уақыт таппағандықтан. Бүгінде оның тірлігі әлдеқайда маңыздырақ болып тұр: көп ойындардың көп бөлігінде ол қосалқы құрамда уақыт өткізіп, қос бөліктегі қарсыластарына көз тігуден қалғаны анық. Моура «гол+пас» жүйесі бойынша көп ұпай жинайтын ойыншылардың қатарынан, бірақ Лоран Блан неге екені белгісіз өзге ойыншыларға сенім артқанды жөн көруде... 

Қайда барады. Италияға. «ПСЖ» үнемі сол мекеннен жаңа ойыншыларды сатып алып жатады, Моуреге онда «Юве», «Милан» немесе «Интерге» ұсақ тиынға бармасқа? Оның ойнағысы келеді, А Сериясының клубтары оған қуана-қуана ойын уақытысын бөліп берер еді. 

Трансферлік құны: 35 миллион евро

Эдин Джеко («Манчестер Сити»)

Кету себебі. Сеньор Пеллегрини маусым алдында "Ситидің" негізгі шабуылшысына балаған босниялық сұрмерген бір турдан соң қосалқы құрамға мықтап отырып қалды. Алаңға Негредо мен Агуэро көп шығуда, ал Эдинге "қалалықтар" бірінші таймда бес гол соқсын деген тілектен басқа ой қалмады, сонда барып қана Пеллегрини оны екінші таймда ойнауты мүмкін. 

Қайда барады. Босниялықты Германияға құдаластырып жатқандар бар. Себебі, Джеко Бундеслигада өсіп-өніп, әлемдік деңгейге қол жеткізген-ді. Мүмкін, оған өз чемпионаты қолқа салып жатса, ауысу турасында ойланып көрер, мәселен, Роберт Левандовскидің орнын басар ойыншы іздестіріп жатқан «Боруссияға» баруына әбден болады. 

Трансферлік құны: 27 миллион евро

Хавьер Эрнандес («Манчестер Юнайтед»)

Кету себебі. «Юнайтедтің» басты шабуылшылары белгілі, ал Уэлбек пен Эрнандес үшінші орынға талас қылып келеуе - бірінші қосында.

Қайда барады. Эрнандеске, мәселен, «Тоттенхэмге" ауысып баруына болады. Көп уақыттан бері "шпорлардың" өздері де осы бір ойыншыға қызығушылық танытуда екен. Оларды ерте көктемде бір емес, бірнеше бөлікте тайталасуға тура келеді, Сольдадоның жалғыз өзімен Солтүстік Лондонның командасы ұзаққа бара алмасы анық. Адебайор "Тоттенхэмнің" деңгейіне әркез жете бермейді, ал Дефо көрер көзге қартайып қалды, Сольдадомен бәсекелестік  құруға қауқарсыз.

Сондықтан, «Тоттенхэмге" өмірлік "Б жоспары" қажет, сол себепті де Чичарито ауысып баруы да мүмкін. Сонымен бірге Эрнандес «Рома», «Милан», «Интер» немесе «Атлетикоға» ауысып бара алар еді. 

Трансферлік құны: 22 миллион евро

Анхель Ди Мария («Реал Мадрид»)

Кету себебі.  Командаға Гарет Бэйл келісімен Анхеля ди Марияның акциясы құлай бастады. Оған негізгі құрамда орын алуға кепілдік жоқ, бірақ аргентиналық жарқырап, жайнап келеді. Ол мадридтік клуб сапындағы бірінші маусымның ең үздік ойыншысы болды деуге негіз бар: Анхель «гол+пас» жүйесі бойынша 14 ұпай алып, сол уақытта сапалы ойын өрнегімен көзге түсе алуда. Егер Анчелотти аргентиналықтың орнына Гарет Бэйлді құп көрсе, Анхель осы аралықта-ақ "Реалмен" қоштасуына бола береді. 

Қайда барады. Мәселен, "Ситиге".  Анхельдің ойын мәнері келеді...

Трансферлік құны: 34 миллион евро

Хави Мартинес («Бавария»)

Кету себебі. Хави Мартинес Бундеслигада "Бавария" үшін бар-жоғы алты ойынға қатыса алды: 393 минут, «гол+пас» жүйесі бойынша бірде-бір ұпайсыз, жарақат алып қалу жиілігі. Мартинестің "Бавариядағы" тірлігі өз ойлағандай жүзеге аспауда - Хосеп Гвардиоланың келісімен негізгі құрамнан қосалқы құрамға ілікті.

Қайда барады. "Барселона" немесе "Реал". Каталондық клубқа тағы бір бөгет бұзушы жетіспейді немесе Серхио Бускетске  әлі күнге лайықты ойыншы табыла қойған жоқ. "Реалда" да бөгет бұзушылар көп, бірақ олардың бәрі бірдей топ ойыншылар саналмайды. Ильярраменди - болашағынан көп үміт күттіретін ойыншы, Хедира жарақатына байланысты әлі алаңға шыға қоймайды. Хаби Алонсо жарақатымен жүр, орталыққа ойнайтын бір ойыншы қажет. 

Бәрінен бұрын,  бір уақыттарда 40 миллионға сатып алыған ойыншыны «Бавария» сата қояр ма екен. Бұл трансферді топ клубтардың төрт-бесеуі ғана көтере алады, ал екеуі ғана Мартинеске мұқтаж. 

Трансферлік құны: 37 миллион евро

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: chelsea-winner.com; footblogger.ru, transferplayer.ru; newsandscore.com; merengues.ru; malaga-cf.ru; 

Л. Лига