Ардагер ойыншылардың қымбат ондығы

Ардагер ойыншылардың қымбат ондығы

Орда бұзар отыздағы ардагер ойыншылардың қымбат ондығы ұсынылады...

Эстебан Камбьяссо ("Интер" – 34 жаста, Transfermarkt бағалауы бойынша 13 млн евро тұрады)

Эстебан Камбьяссо 2004 жылдың шілдесінен "Интердің" намысын қорғаумен келе жатыр. Аумалы-төкпелі уақытта да ол команда қатарынан кеткен емес. "Интер" сапында доп тебуден жалығып көрмеді. Бүгінде біртума махаббаттың иесі футболдағы мансап жолын аяқтауға бір табан жақын.

Тас қамал қорғаушы мен "Интер" арасындағы келісім осы жыл соңына жетеді.

Майкл Кэррик ("Манчестер Юнайтед") – 33 жас, 14 млн евро.

Сэр Алекс Фергюсонның кезінде көп үміт артқан ойыншыларының бірі Майкл Кэррик болатын. 

Аталған ойыншы біршама уақыттан бері жарақатына байланысты алаңға шыға алмай жүр. "Қызыл сойқандардың" орталығы Мойес бапкердің тұсында Майкл Кэрриксіз жетімсіреп тұр.

Стивен Джеррард ("Ливерпуль") – 34 жас, 15,5 млн евро.

"Ливерпульдің" көшбасшысы команда құрамына қайта оралды. Брендан Роджерстің командасы капитандарымен қайта толықты. Айтпақшы, "Ливерпуль" көшбасшысы жазғы маусымда "неміс машинасына" баланып жүрген мюнхендік "Баварияға" ауысып баруы мүмкін.

Патрис Эвра ("Манчестер Юнайтед") – 33 жас, 15,5 млн евро.

Француз ойыншысы көп уақыттан бері Францияға оралғысы келіп жүр. Парижді сағынған қорғаушы бүгінде "Манчестер Юнайтедтен" жейде киюде. 

Джанлуиджи Буффон ("Ювентус") – 36 жас, 16 млн евро.

Джанлуиджи Буффон Италия құрамасы мен туриндік "Ювентустың" қақпасын көп жылдан бері күзетіп келеді. Әйгілі бағана күзетшісі Әлем Чемпионатында Италия құрамасының қақпасын қорғайтын болады.

Джон Терри ("Челси") – 33 жас, 17,5 млн евро.

"Ақсүйектердің" бұрынғы капитаны атышулы клубтың кемесін өрге сүйреуден бір танған емес. Көп жылдан бері көп үмітті де ақтап келуде. Бір үлгі боларлығы, футболдағы мансап жолы аяқталған тұста "ақсүйектердің" қосынына жаттықтырушы болып қалуы мүмкін. 

Неманья Видич ("Манчестер Юнайтед") – 33 жас, 25,5 млн евро.

Серб ойыншысы 2014 жылдың жазында "қызыл сойқандардан" кетуі мүмкін. Келісімшарттың уақыты жетуде. Алайда, ала доптың қыр-сырын жетік меңгерген ойыншыны Мойес алда-жалда кетірмеуі де мүмкін.

Самюэль Это’О ("Анжи") – 33 жас, 28 млн евро.

"Анжиден" Лондонға қоныс тепкен камерундық шабуылшы Жозенің жүктеген тапсырмаларын жаза баспай атқарып жүр. Дегенмен, жазғы ауысымда басқа клубқа ауысуы күтілуде...

Хави ("Барселона") – 34 жас, 31 млн евро.

"Блаугрананың" әйгілі жартылай қорғаушысы аталған ұжым сапындағы ең басты ойыншы саналады. Саналы ғұмырын "Барселонада" өткізген испандық орындаушы аз жылдарда өз орнын босатуы мүмкін. "Алтын допты" ала алмаған аяқ доп шебері Бразилияда өтетін Әлем Чемпионатына барады.

Златан Ибрагимович ("Пари Сен-Жермен") – 33 жас, 35 млн евро.

Ұлы ойыншылардың қатарында швед ойыншысы бірінші кезекте айтылады. Таудай талантына қарамастан, бір клубта тұрақтап көрмеге шабуылшыға еуропалық грандтар көз тігуде. Француздың "ПСЖ" командасын алға сүйреп жүрген сұрмергенге бүгінде АПЛ азулылары қызығушылық танытуда. Бір өкініштісі, 33 жастағы ойыншы Әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Икер Касильяс ("Реал") – 33 жас, 35 млн евро.

"Корольдік клубтың" бойтұмары Әлем чемпионатында соңғы рет өнер көрсетуі мүмкін. Қосалқы құрамда қалған әйгілі қақпашыны "Манчестер Ситиге" құдаластырып жатқандар бар. Бірақ, дей тұра испандық бағана күзетшісі жанкүйерлері алдында клубты ауыстырмайтынын айтқан болатын...

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: straikamkali.blogspot.com 

Л. Лига