Қыздарымыз Тайландқа аттанбақ

Қыздарымыз Тайландқа аттанбақ

Алдағы сенбі күні, яғни, 21 сәуірде Тайландта (Накхонратчасима) 13-ші әйелдер воллейбол клубтары арасындағы Азия чемпионаты басталады. Ел намысын талдықорғандық "Жетісу" командасы қорғайтын болды. Естеріңізде болса, тап осы команда ел чемпионы атанған еді. 

Клубтық командалар арасындағы жыл сайынғы турнир 1999 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Өткен 12 чемпионатта еліміз бір рет қана бас жүлдеге ие бола алды (2007 жылы алматылық «Рахат» командасы). Ал өткен жылы Вьетнамда өткен додада дәл осы "Жетісу" командасы үшінші орынға ие болған еді. 2004 жылы бұл бәйге Алматыда өткендігі туралы да айтып өтелік. 

Бұл жолы чемпионатқа қатысуға 9 команда ниет білдірді. Бұл командалар 2 топқа бөлінетін болады. Біздің жерлестер Қытай, Шри-Ланка, Малайзия елдерінен келген клубтармен бірге B тобынан орын алды. Ел атынан шыққан воллейболшылардың қуатын арттыру мақсатында "Астана" командасының ойыншылары Грушко Ольга мен Карпова Ольга және Алматылық Афанасьева Татьяна мен Лукомская Ирина чемпионаттта өнер көрсетуге шақырылды. Сонымен қатар Жетісулықтардың қатарынан Сыч Аленаны да көре алатын боламыз.

Топтар құрамы:

А: Тайланд, Вьетнам, Мьянма, Иран, Жапония

B:  Қытай, «Жетісу», Малайзия, Шри-Ланка

«В» тобындағы ойын кестесі:

21 сәуір. «Жетісу» - Қытай, Малайзия - Шри-Ланка

22 сәуір. Қытай - Малайзия

23 сәуір. Қытай - Шри-Ланка

24 сәуір. «Жетісу» - Малайзия

25 сәуір. «Жетісу» - Шри-Ланка

27 сәуір. Ширек финал

28 сәуір. Жартылай финал

29 сәуір. Финал

Команда құрамы: Пюрова Татьяна (1982), Наседкина Ольга (1982), Анарбаева Людмила (1983), Ишимцева Коринна (1984), Стороженко Марина (1985), Соболева Ольга (1985), Дробышевская  Ольга (1985), Грушко Ольга (1976), Карпова Ольга (1980), Сыч Алена (1988), Афанасьева Татьяна (1990), Лукомская Ирина (1991).

сурет: sportinfo.kz