Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / 90 жылдардағы футбол жұлдыздары қазір қайда жүр?

90 жылдардағы футбол жұлдыздары қазір қайда жүр?

90 жылдардағы футбол жұлдыздары қазір қайда жүр?

Даңқты француз қақпашысы Фабьен Бартез автожарыстан футболға қайта оралды. Футбол жанкүйерлері Бартездің футболдан кетіп, автожарысқа ден қойғанын жақсы біледі. Енді ол «ПСЖ» қақпашысын жаттықтырмақшы көрінеді. Сол секілді 90 жылдардағы футбол жұлдыздарының қазір қайда жүргенін, немен айналысып жатқанын анықтауды жөн көрдік.

Зинедин Зидан (Франция)

Әйгілі Зизу 2006 жылы Германияда өткен Әлем чемпионатынан соң өз карьерасын аяқтаған болатын. Аты аңызға айналған ойыншының көзден кетсе де көңілден кетпесі анық. Зиданның өзі бутсысын шегеге ілген кезде футболдан біраз уақыт демалғысы келетінін жеткізген болатын. Ол содан кейін араға екі жыл салып футболға қайта оралған еді.

2009 жылы Зинедин Зидан мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Пересның көмекшісі болып қызмет атқарды. Бір жылдан кейін француз президентінің кеңесшісі қызметіне көтеріліп, Жозе Моуриньюдың жаттықтырушылық іс-әрекетіне белсенді түрде жәрдемдесті. Бір кездерде ресми түрде жаттықтырушылар сапынан да көрініп қалды. Зидан 2011 жылдың шілде айында «Реал» клубының спорттық директоры атанды. Дәл осы кезде ол Лимож университетінде спорттық менеджер мамандығы бойынша оқып, диплом алып шықты. Даңқты ойыншы әр жыл сайын қандай да бір қайырымдылық ойындарына қатысып отырды. 

2013 жылдың жазынан бастап Зидан ақыры жаттықтырушылар қатарынан табылды. Әрине әзірге ол бас бапкерлік міндетті арқалай қоймады. Зизу Карло Анчелоттидің көмекшісі болып жүрген кезде, спорттық директор қызметіне ұсыныс жасалған еді. Бірақ Зидан бұрынғы орнында қала берді. Кім біледі Зидан Анчелоттидан кейін «Реал» тізгінін қолына ұстар...

Роналдо (Бразилия)

Бразилиялық Роналдо футболдық ғұмырнамасын ұзақ әрі жемісті өткізді. Әрине ақыр аяғы анау айтқандай сәтті бола қоймады... Роналдо 2008 жылы отанына оралып «Коринтианс» клубының сапында үш маусымда елуден астам ойын өткізді. Даңқты шабуылшы екі үлкен қиын жағдайға тап болды: бірі – артық салмақ болса, екіншісі – жарақаты болды. Роналдоға артық салмағымен күресу қиындық тудырып, бұрынғы қалпына қайта түсе алмады.

2010 жылдың шілде айында қырсыққанда қолын сындырып алды. Нәтижесінде хирургиялық жолмен емдеуге тура келді. Нақты емес ақпараттардың бірінде Роналдоның дәл сол уақытта липосакциямен емделгені айтылады. Осындай қиын жағдайларға қарамастан, Роналдо алаңдарда нәтижелі ойын өрнегін көрсете білді.

Ол футболдық карьерасының аяқталғанын 2010 жылы хабарлағанымен, 2011 жылы бір-ақ кетті. Бразилия құрамасының сапындағы өзінің соңғы қоштасу ойынында Роналдо әрмен қарай немен айналысатыны жөнінде айтып берді. Ол жеке фирмалық агенттік ашып, оның алғашқы тұтынушысы есімі елге белгілі футболшы Неймар болды. Сонымен қатар бразилиялық 2014 жылы футболдан өтетін Әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетінің басшылығына тағайындалды. Егер де төрткүл дүние көз тіккен әлемдік бәсеке өз дәрежесінде өтпесе Роналдоға сын болары анық.

Луиш Фигу (Португалия)

Криштиану Роналду Луиш Фигудың ізбасары аталады. Бұл екі ойыншының  позициясы екі түрлі болса да, әлем футболында үлкен рөлге ие. Фигу жарқын жылдарын «Барселона», «Реал», «Интер» сапында өткізді. Бұл клубтардың қайсында жүрсе де, жетекшілік қабілетімен басқаларға үлгі бола білді. 2000 жылы ол Еуропаның үздік ойыншысы атанды. Бір жылдан кейін ФИФА-ның анықтамасы бойынша, әлемнің үздік ойыншысы болып танылды.

Фигу 2009 жылы бутсысын шегеге іліп, карьерасын аяқтаған соң, ғайып болып кетті. Зидан, Роналдо секілді қайырымдылық ойындарына қатысып, белсенділік танытпады. Луиш кейін миландық «Интер» клубындағы PR-компаниясының атынан түрлі қайырымдылық шараларына қатысатын елші атанды. Фабьен Бартез секілді Фигу да автоспорттың жанкүйері. Ол тіпті өз уақытында А1 сериялы болидтің рөліне отырып та үлгерген. Алайда Фигу кәсіби автошабандоздардың қатарына енбеді.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Фигу Португалиядағы үлкен барлардың біріне ие көрінеді. Және де гольфшы Люк Дональдпен бірге спортшыларға арналған Network90 әлеуметтік желісін ашқан екен. Бұл желіде бұрынғы және бүгінгі танымал спортшылар виртуалды қарым-қатынас жасай алады. Сондықтан Фигуды "Футбол Цукербергі" десек те болатындай.

Автор: Нұржігіт Айдархан

Сурет: donbass.ua, metronews.ru 

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2013, 19:17
Пікірлер
+0
20 желтоқсан 2013, 19:25

Күшті, қызық материал! :o

+0
20 желтоқсан 2013, 19:53

қайдағы 90 жыл жұлдыз , ол кезде кариерасын енді бастап жүрген жастар. (2000-жыл)

+0
20 желтоқсан 2013, 21:35

қума, 1998-де Зиданның 2 гол салғанын ұмытып отырсың-ау деймін

+0
20 желтоқсан 2013, 20:38

Нағыз футболшылар :mrgreen:

+0
20 желтоқсан 2013, 21:25

шынындада керемет ойыншылар өте жақсы матералдар екен Нұржігітке рахмет ;) ;) ;)

+0
20 желтоқсан 2013, 23:46

ЗиЗу мансабының аяғында баспан ұрып есте қалды :idea:

+0
21 желтоқсан 2013, 13:05

күшті

+0
21 желтоқсан 2013, 20:41

Зизуға тең келер жоқ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.