"Бавария" – "Манчестер Сити": кездесу алдында...

"Бавария" – "Манчестер Сити": кездесу алдында...

Астана уақытымен 01:45-те Чемпиондар Лигасының топтық кездесулері аясында мюнхендік "Бавария" командасы өз алаңында манчестерлік "Манчестер Ситиді" қабылдайды. Қос мықтының арасындағы талас-тартыс топ ішіндегі мықтыны анықтамақ... 

Мануель Пеллегрини ағылшындық алпауыттың Twitter парақшасында: "Қазір біз «Бавариямен» бұрынғы өткен ойынға қарағанда әлдеқайда мықтымыз. Эмоцияға толы жарқын ойын болады" - деп күтілуде депті. Алпыс жастағы чилилік маман сонымен қатар өз ойыншыларының біліктілігі мен табандылығына сенім артып отырғанын жеткізген. 

Хосеп Гвардиола жеңу, жеңбеу турасында біржақты пікір айтпағанмен, аталған клубтың кең тынысын тарылтуға өз тактикасын ойластырып жатқанын жеткізіпті. Қырық екі жастағы маманның бір ойластырған жоспары болса, ол - шеткі қапталдағы жартылай қорғаушылар мен қорғаушылардың доп алып жүруіне жол бермеу. Сонымен бірге, орталық бөлікте өнер көрсететін орындаушылардың (Насри, Давид Сильва) күні бұрын ілгеріп қадамын аңдып, аттап бастырмау.

Пеллегринидің бір ішкі есебі - "Баварияның" ойыншыларына талас-тартыста доп бермеу және тәртіп бұзумен ойын ритмін бұзу. Ойын соңына дейін бір сәттілік күтудің арты неге алып соққанын біледі және ендігі кезекте жақсы түсінеді де. Өз кезегінде Марадоннаның бұрынғы күйеу баласы Агуэраны таза шабуыл өтіне шығарса, қалған барлық дерлік ойыншыларды қорғаныста сауатты қимылдауға тапсырма беруі ықтимал. Доп үшін талас-тартыста ойыншылар ауызбіршілік танытып, ұжымдық ойын көрсетеміз деуде. 

Пеп біршама уақыттан бері команданың бір құрамын ойнатып, өзара ойын түзіп, ойнау жүйесін жақсы құрылымдап келе жатыр. Өткен жолы "Вердерге" қарсы өткен ойында қол астындағы тәлімгерлері жауапсыз жеті гол соғып, бундеслига тарихындағы кезекті рекордтарына қол жеткізген-ді (жеңіске жетуден). Ойынның негізгі тізгіні бұл жолы да Гетце мен Мюллердің, Рибери мен Мартинездің қолына тиеді деп күтілуде. Манджукич ойынға алғашқы минуттардан араласып қалуы мүмкін,шығарып, өйткені, "Сити" қорғанысының алпауыттардан тұратыны ескерілсе керек. 

Бір айта кетерлігі, бірінші минуттардан қақпада Джо Харт тұрмақ. Осы күнге дейін орнын Пантилимон басып келгенмен, жауапты ойында Пеллегрини Хартқа сенім артып отыр. Ал алаң иелерінің қақпасын қай жолғыдай Мануэль Нойер күзетеді.

"Манчестер Сити" соңғы турда "Суонсимен" тең есеппен ойын өткізді. Бірақ, соған қарамастан манчестерлік клубтың ерекше көңіл-күйде екенін жасырмаймыз. Пеллегрини шәкірттері маусым басынан бері еріп келе жатқан сәтсіздіктерді жеңіп, ұпай жинауда. Алғышын біріншілігінің биылғы тартысында бірінші орын алып жатса, таңғалмаңыз. Испан өңірінен ат басын бұрған португалдық маман Жозе Моуринью де аталған ұжымның ағылшын премьер-лигасындағы ең таңдаулы, ең мықты ұжым екенін атап өткен-ді. "Ақсүйектердің" жаттықтырушысы араб миллиардерінің қол астындағы шоғырланған клубтың сапында кіл ығай мен сығайдың, дені орта жастағы білікті ойыншылардың жиналғанын айтады.

Команда жаңалықтары

Арьен Роббен тізе жарақатына байланысты ойнамайды. "Вердерге" қарсы өткен ойында Филипп Лам (жамбас) мен Бастиан Швайнштайгер (голеностоп) алаңға шықпады. Есесіне Франк Рибери қабырға жарақатынан құлан таза айығып, Клаудио Писарро жамбас жарақатын артта қалдырып отыр. Ал Джердан Шакири қазан айынан бері бірінші рет күні бұрынғы құрамға ілініпті. Гвардиола тактикалық есепке байланысты Гетцені де бірінші минуттардан ойынға араластырмауы мүмкін.

Матия Настасич пен Стеван Йоветич бұлшықет жарақаттарына байланысты лазаретте жатыр, ал Гаэль Клиши микросызаттарға байланысты Манчестерде қалыпты. Яя Туре ойынға шыға алмайды (айыбын өтейді).


Хосеп Гвардиола, «Баварияның» бас бапкері: «Ойын керемет болады деп күтілуде. Ойыншылар алдағы кездесудің маңыздылығын түсінер деп ойлаймын. «Манчестер Сити» сапында қорғанысты сөге алатын теңдессіз орындаушылар бар. Егер жақсы ойын өрнегін көрсете алсақ, топ ішінде бірінші орынды сақтап қала алмақпыз. Екінші орын біз үшін ойлаған нәрсе емес». (УЕФА-ның ресми сайты)

Тьяго Алькантара, «Баварияның» жартылай қорғаушысы: «Қатарға қосылғаныма қуаныштымын. Алдағы кездесу толқытуда. Мен әлі де өзіме жұмыстар жасаудамын, бірақ, 100 пайызға дайын екенімді айта аламын. Мен үшін ең бастысы - негізгі құрамда ойынға шығу. Мюнхенге қоныс аудару өмірімнің ең бір маңызды сәтті қадамы болды. Мұнда мен бақыттымын. Мұнда біздің клубтың бай тарихын бәрі біледі. Мен бапкерді танитынмын және команданың мықты екенін білетінмін - сондықтан ауысуға келісім бердім. Гвардиоланы он сегізге толған күнімнен бастап жақсы білемін. Одан көп нәрсеге үйрендім. Немістің күш-қуатты ойын өрнегі мен Пептің ойлағаны біздің мықты ұжымға айналдырмақ».

Мануэль Пеллегрини, «Манчестер Ситидің» бас бапкері: «Алда күтіп тұрған кездесу біз үшін үлкен маңызға ие. Топтық кездесуден шығып қойған болсақ та, «Баварияға» қарсы жақсы ойын өрнегін көрсеткіміз келеді. Ертеректе кеткен есені қайтарғымыз келеді. Бірінші орынға жайғасу қиынның қиыны, өйткені, бір ойын артта қалып қойды. Манчестерде мюнхендіктер бізден жақсы ойнады, ендігі кезекте Германияда оларды 3:1 есебімен тізе бүктіру қиынға соғары анық. Алайда, қолымыздан келгеннін бәрін жасаймыз».

Сандар айғақ


– «Бавария» ағылшын клубтарына қарсы 17 ойын өткізген. Мюнхендіктердің еншісінде 10 жеңіс, бес тең есеп пен екі жеңіліс бар.

– «Бавария» Чемпиондар Лигасында он ойында қатарынан жеңіске жету арқылы жаңа рекорд тіркеп отыр. Ертеректе бұл рекорд «Барселонаға» тиесілі тұғын.

– Томас Мюллер Чемпиондар Лигасында «Бавария» үшін 18-голын соқты, сол арқылы үшінші орында тұрған Клаудио Писарроның көрсеткішіне қуып жетті. Джоване Элбер (21) мен Марио Гомес (23) көп гол соққандар қатарында. 

– Серхио Агуэро Чемпиондар Лигасындағы алтыншы голын соқты, сол арқылы аталған турнирдің үздік сұрмергендер көшінің үшінші орнында тұрған Лионель Мессиді қуып жетті. 

– «Сити» «Этихадта» топтық кездесулерде он гол соққан. Ертеректе үй ойындағы бұл көрсеткіш «Арсеналға» тиесілі еді – алты гол.

Төрелік етпек

Кездесуде Давид Борбалан бастаған қазылар алқасы төрелік етеді. Көмекшілер - Хесус Кальво Гуадамуро мен Хосе Фернандес. Төртінші төреші болып Рауль Кабаньеро сайланыпты. 

 

 

Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: www.mcfc.co.uk

Л. Лига