"Астаналық" велошабандоз "Амстел Голд Рейсте" жеңімпаз атанды

"Астаналық" велошабандоз  "Амстел Голд Рейсте" жеңімпаз атанды

"Астана" командасының атынан өнер көрсетіп жүрген италияндық велошабандоз Энрико Гаспаротто "Амтсел Голд Рейс" біркүндігінде өнер көрсетіп, бірінші болып мәре сызығын кесті. Бұл туралы sportinfo.kz сайты хабарлап отыр. Энрико алда келе жатқан аз ғана топ финишке жақындаған сәтте, оларды басып озып, жеңісті өз қанжығасына басыпты. Кауберг тауының маңында дистанцияның аяқталар тұсында командаласымыз бельгиялық Йелле Ванендерт пен словян Петер Саганды шаң қаптырды. Осылайша жеңімпазымыз бүкіл дистанцияны  6 сағат 32 минут 35 секундта жүріп өтіп, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, Астаналық Максим Иглинскийдің де 11-болып мәре сызығын кескендігін сүйіншілеп жеткіземіз. 

Жарыс нәтижелері:

1. Энрико Гаспаротто (Pro Team Astana) 6:32:35 
2. Йелле Ванендерт (Lotto Belisol Team)
3. Петер Саган (Liquigas-Cannondale) +0:00:02
4. Оскар Фрейре (Katusha Team)
5. Томас Фоклер (Team Europcar)
6. Филлип Жильбер (BMC Racing Team)
7. Самуэль Санчес (Euskaltel - Euskadi)
8. Фабиан Вегманн (Garmin-Barracuda) +0:00:04
9. Риналдо Ночентини (AG2R La Mondiale)
10. Бауке Моллема (Rabobank Cycling Team)
11. Максим Иглинский (Pro Team Astana) 
...29. Роберт Кисерловски (Pro Team Astana) +0:00:36
...67. Франческо Гавацци (Pro Team Astana) +0:02:21
...68. Евгений Петров (Pro Team Astana)
...78. Андрей Гривко (Pro Team Astana)
...110. Симоне Понци (Pro Team Astana) +0:07:33
...139. Борут Бозич (Pro Team Astana) +0:11:31

сурет: astanafans.com