Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Жаттығу залындағы 5 қателік

Жаттығу залындағы 5 қателік

Жаттығу залындағы 5 қателік

Жаттығу залына барып жүрген жаңа заманның тұрғындары төмендегі бірнеше қателіктерге ұрынуда:

* * *

1) Диета. Егер артық келіден, артық салмақтан арылғыңыз келсе, тамақтануды шектеген дұрыс. Бірақ, бұл күніне бір ғана салаттан дәм тату деген сөз емес. Тамақтану дұрыс жолға реттеліп қойылмаған болса, күндердің бір күні құр сүлдеріңіз қалып, спорт залына жете алмай қалуыңыз да мүмкін. Ағза сол уақытта (тамақтану дұрыс жолға қойылмаса) барлығын қорға жинай бастайды.

Әр күнгі тамақтанудың нәрлі құрамын, пайдалы бөліктерін есептеп отырыңыз. 

2) Жаттағу жасауда жаттықтырушымен кеңесу. Жаттықтырушы қай уақытта қай жаттығу түрін жасау керектігін өзі ескертіп, кезек тәртібімен айтып береді. Бұл тұста физикалық күш-қуатыңыз ескеріледі. 

Көпшілік жағдайда көп адамдар бірден ауырға ұмтылып, сондағы ойы, неғұрлым ауыр көтерсем, соғұрлым тез шынығамын деп ойлайды. Замандық ғылым дәлелдегендей, бәрі керісінше орын алуы мүмкін. Бір ғана мысал, көріп жүрген көп батырларыңыздың бірі (спорттан хабары болса) денесін аз салмақтағы темірлерді көтерумен шығарған...

3) Ауыртпалық. Жаттығу залына кіре салысымен бірден кір тасын көтеріп, темір-терсектерді жұлқып-жұлқып, артынша душқа кіріп кететіндер бар. Сол уақытта сол адамның бұлшықеті, буындары, оянып үлгерген жоқ па деген сұрақ қойылады.

Ережеге сүйсенсек, алдымен 10-15 минут жүгіріп, денені қыздырып алған дұрыс. Сосын 5 минут денені әркелі икемге келтіріп, буындарды түзеу қажет. 

4) Соңғы демге дейін. Ауыртпалыққа толы жаттығуларды әр күні жасап тұру зиянды. Ертелік-кеш ағза күйреуге ұшырауы мүмкін. Үзілістегі демалыс уақытының ұзарып кетуі мұның көрінісі болып табылуы мүмкін.

Аптасына бірнеше күн демалыс алыңыз, бір-екі күн қатарынан жаттығыңыз да, үшінші күн демалыңыз. Дененіңіз сол уақытта қайта қалпына келіп, күш-қуат толыса түспек. Ағзаны жақсы көріп, бағалаған ләзім. 

5) Жатттығудың бір түрімен айналыса беру. Егер сіздің мақсатыңыз арықтау болса, артық іс-қимылсыз да салмақ тастауға болады. Қалай ойлайсыз, сізге мүмкін үйде жүріп те жаттығу жасай берген дұрыс шығар. Ең бастысы, жүгіруді ұмытып кетпесеңіз болғаны.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: lvportals.lv

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 10 желтоқсан 2013, 18:22
Пікірлер
+0
11 желтоқсан 2013, 08:45

Иә, дұрыс айтады, бірінші денені қыздыруға арналған жаттығуларды жасап, тер шығарып алу керек;)

+0
11 желтоқсан 2013, 11:57

Өте орынды, бір досым бар еді жаттығу залына баратын, соған айтпасам

+0
11 желтоқсан 2013, 13:59

Дұрыстап айналысу керек еді, әлі жүрм әр нәрсені сылтауратып)))

+0
14 желтоқсан 2013, 00:30

ең бастысы жүрекке күш салмаңдар!!! :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.