"Боруссия" - "Бавария". Бұл қызық...

"Боруссия" - "Бавария". Бұл қызық...

Неміс Бундеслигасының 13-тур ойындары аясында дортмундық «Боруссия» мен мюнхендік «Бавария» кездеседі. Қос ұжымның арасындағы бұл текетірес көпшілік есінде қалар нағыз футбол спектакліне айналмақшы... 

Біздерді 32 ұпай мен 28 ұпайдың таласы, көшбасшылық үшін тартыс күтіп тұр. Күні бұрын бір айта кетерлігі, бұл ойында Мануэль Грефе төрелік етпек екен. Бұл туралы Bild басылымы хабарлап отыр. Өздеріңіз білетіндей, УЕФА қауымдастығы ертеректе аталған бас қазыны Чемпиондар Лигасынан аластатып тастаған болатын (Грефе "Реал" - "Ювентус" ойынында" Джорджо Кьеллиниге сары қағаз көрсетудің орнына қызыл қағаз көрсетіп, ойын шырқын бұзған еді. Нәтижесінде төмен бағаға ие болып, басы дауға қалған-ды). Бұл жолы мұндай бұқпантайлықтың күтілмейтіні анық. "Неміс машиналарының" алыс-жұлысы басы артық дауға қалмайды деп күтілуде... 

Дортмундық «Боруссия» Twitter-дегі жеке парақшасына «Баварияға» қарсы толықтырылып қалуы мүмкін құрамын таныстырыпты:

«Боруссия»: Роман Вайденфеллер, Мануэль Фридрих, Сократис Папастатопулос, Кевин Гросскройц, Эрик Дурм, Нури Шахин, Свен Бендер, Якуб Блащиковски, Марко Ройс, Генрих Мхитарян, Роберт Левандовски.

«Бавария»: Мануэль Нойер, Давид Алаба, Джером Боатенг, Бонфим Данте, Филипп Лам, Хави Мартинес, Арьен Роббен, Томас Мюллер, Тони Кроос, Марио Гётце, Марио Манджукич.


Дортмундық «Боруссия» сапынан екі орталық қорғаушы жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды – Матс Хуммельс және Невен Суботич. Алыс 2009 жылы «Боруссия» осы екі ойыншысыз менхенгладбахтың «Боруссиясына» (1:1) қарсы тұрған екен. Суботич енді бұл маусымда өнер көрсетпейді, Хуммельс жылдың соңына дейін ойынға шықпайтын болып отыр. 

"Алтын допқа" үміткер Франк Рибери алаңға шықпауы әбден мүмкін. Себебі, Украинаға қарсы өткізген Франция құрамасының ойынында жарақат алып қалған көрінеді. «Мұнысы өте ренішті, – дейді бүгінде Рибери, – Соған қарамастан, команда менсіз де жақсы ойнап, ойдағыны жүзеге асырады деген сенімдемін". 

Назарларыңызға дортмундық және мюнхендік клубтардың қиын кескілескен ұрыста соққан голдарын ұсынамыз. 

Бундеслиганың ресми сайты ұсынуда:

Клопп: "Әрине, «Бавария» секілді ұжымға қарсы төтеп беру қиын іс. Қарсыластың біздің қорғанысты сөгуге тырысатыны анық. Сөйте тұра, негізгі ойыншылардың жоқтығына қарамастан, біздің құрам жақсы жасақталғанын жасырмаймын. 70 мың жанкүйердің қолдауы жеңуге көмектеседі деген сенімдемін". 


Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru; sport.news.am; sports.ru

Л. Лига