Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңіс

Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңіс

Кеше Венгрияның Секешфехервар қаласында 18 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы әлем чемпионаты басталды (I Дивизион, В тобы). Қазақстан құрамасы еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Василий Васильченконың бастауымен осы бәйгеге аттанған болатын. Кеше жерлестеріміз Украина командасымен кездесіп, чемпионаттағы алғашқы жеңістерін қанжығасына басты. 

Айтып өтелік, ойынның тағдырын шешкен шайба овертаймда қазақстандық «Казцинк-Торпедо-2» командасының қорғаушысы Юрий Сергиенконың қолымен соғылды. Үшінші периодтың соңында қазақстандық қақпашы Мадияр Ыбырайбеков ойын алаңынан қуылып, соның әсерінен екі шайба жіберіп алсақ та, жеңіске жеттік. Ойынның жалпы есебі:  4:5 (1:0, 1:3, 2:1, 0:1). Қазақстандықтардың пайдасына.

Шайба авторлары: 1:0 – Бондаренко (Кутсевич, 14.03). 1:1 – Колпаков (Кошелев, Савицкий, +2, 26.24). 2:1 – Чердак (Игнатенко, 27.11). 2:2 – Кошелев (Савицкий, Колпаков, 28.39). 2:3 – Михайлис (Кабиев, +1, 31.34). 2:4 – Михайлис (Кабиев, +1, 49.58). 3:4 – Захаров (Сирченко, +1, 57.55). 4:4 – Чердак (+1, 58.34). 4:5 – Сергиенко (Колпаков, 62.40).

Қақпашылар: Захарченко – Проходов.

Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы болып Никита Михайлис танылды. 

Келесі ойындардың кестесі мынадай:

12 сәуір
Қазақстан – Польша
Беларусь – Австрия
Венгрия – Украина

14 сәуір
Қазақстан – Австрия
Украина – Польша
Беларусь – Венгрия

15 сәуір
Польша – Австрия
Беларусь – Украина
Венгрия – Қазақстан

17 сәуір
Австрия – Украина
Қазақстан – Беларусь
Венгрия – Польша

Алдағы уақытта редакциямызға келіп түскен чемпионаттағы барлық қызықтармен бөлісіп отыратын боламыз.

суретке түсірген: Ернұр Саудагереев