Чемпиондар Лигасы. "Арсенал" есесін қайтарды

Чемпиондар Лигасы. "Арсенал" есесін қайтарды

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші күніндегі кездесулер де аяқталды. Назарларыңызға толық нәтижелерді ұсынамыз.

«G» тобы

«Зенит» (Ресей) 1 – 1 «Порту» (Португалия)

"Петровский" стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. 23 минутта Лучо Гонсалес есеп ашқанымен, араға 5 минут сала Халк есепті теңестіріп кетті. Сонымен қатар бразилиялық футболшы бірнеше мүмкіндік пен пенальтиді пайдалана алмады. Осылайша екінші орын мәселесін өзара емес, келесі кездесулерде шешетін болды.

«Атлетико Мадрид» (Испания) 4 – 0 «Аустрия В» (Аустрия)


Диего Симеоне командасы топтық кезең мәселесін шешіп қойды. Өз алаңында «Аустрияны» 4:0 есебімен тағы да ойсырата жеңді. Ал аустриялық команда әлі де болса гол соға алмай келеді.

"G" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Атлетико М        4 4 0 0 12:2 12
2.   Зенит 4 1 2 1 3:4 5
3.   Порту 4 1 1 2 3:4 4
4.   Аустрия В 4 0 1 3 0:8 1

«Н» тобы

«Аякс» (Нидерланды) 1 – 0 «Селтик» (Шотландия)


Амстердам қаласының футбол клубы өз алаңында екі апта бұрын «Селтик Паркте» кеткен есені қайтарды. Кездесудегі жеңіс голын Лассе Шоне соқты.

«Барселона» (Испания) 3 – 1 «Милан» (Италия)

«Камп Ноу» стадионында өткен ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. 30 минутта Лионель Месси пенальтиден есеп ашса,(бір қарағанда пенальти болмағандай көрінген) араға 10 минут сала Серхио Бускетс есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда алғашқы тайм аяқталар тұста Жерар Пике өз қақпасына гол соғып алды. Кездесудегі нәтиженің соңғы нүктесін тағы да Месси қойды.

 

"H" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Барселона       4 3 1 0 9:2 10
2.   Милан 4 1 2 1 5:5 5
3.   Аякс 4 1 1 2 3:7 4
4.   Селтик 4 1 0 3 2:5 3

«Е» тобы

 «Челси» (Англия) 3 – 0 «Шальке 04» (Германия)


Екі апта бұрын Гельзенкирхенде өткен кездесуді «ақсүйектер» өз алаңында қайта қайталап бергендей. Бірінші болып Хильдебранд оңбай қателесті. Это’О жылдамдық танытып есеп ашты. Жанкүйерлер күтпеген гол болды. Тіпті Самуэлдың өзі де күтпеді. 54 минутта тағы да Это’О ерекше шеберлігімен екінші допты «Шальке» қақпасында тулатты. Соңғы голды Демба Ба еншісіне жазды.

«Базель» (Швейцария) 1 – 1 «Стяуа» (Румыния)


Швейцариялық команда тағы да «Стяуамен» тең ойнап қалды. Мурат Якин шәкірттері жылдам гол жіберіп алып, есепті соңғы минуттары әрең дегенде теңестірді.

"E" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Челси 4 3 0 1 10:2 9
2.   Шальке-04      4 2 0 2 4:5 6
3.   Базель 4 1 2 1 4:4 5
4.   Стяуа 4 0 2 2 2:9 2

«F» тобы

«Наполи» (Италия) 3 – 2 «Марсель» (Франция)


Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің аса тартысты кездесулерінің бірі – Неапольда өтті. «Наполи» өз алаңында «Марсельды» тағы да ұпайсыз қайтарды. Француздық команда алғаш болып есеп ашқанымен, таблодағы нәтижені сақтап қала алмады. Инлер мен Игуаинның екі голы «Марсельге» мүмкіндік бермеді.

«Боруссия Д» (Германия) 0 – 1 «Арсенал» (Англия)


Арсен Венгер командасы соңғы 4 кездесуінде неміс жерінде жеңілмеген болатын. Бүгін сол жеңісті жолын қайта жалғады. Сонымен қатар екі апта бұрын «Эмирейтсте» жіберген есені қайтарды. Қарымта шабуылда сәтті ойнаған Юрген Клопп командасына жауап та таба білді. 62 минутта қорғаушылар мен қақпашы қателігінен кейін Рэмси кездесудегі шешуші голды еншісіне жазды.

"F" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Ұпай  О
1.   Арсенал 4 3 0 1 6:3 9
2.   Наполи 4 3 0 1 7:6 9
3.   Боруссия Д     4 2 0 2 6:4 6
4.   Марсель 4 0 0 4 4:10 0

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай