Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Чемпиондар Лигасы. Кездесулер болжамы

Чемпиондар Лигасы. Кездесулер болжамы

Чемпиондар Лигасы. Кездесулер болжамы

Бүгін Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші күніндегі кездесулер өтеді. Назарларыңызға ойындар алдындағы болжамдарды ұсынамыз.

«G» тобы

«Зенит» (Ресей) – «Порту» (Португалия)

Бұл топтағы екінші орын үшін шешуші кездесулердің бірі. Екі апта бұрын Санкт-Петербург қаласының командасы «Портуды» өз алаңында сан соқтырып кеткен болатын. Екі команда да өз қақпаларын басты назарда ұстай ойнайтыны анық. Өйткені алда әлі екі кездесу бар. Сондықтан сол ойындарға өз күштерін салуды мақсат етуі ғажап емес. Дегенмен «Зенит» өз алаңында бірінші нөмірмен ойнауы заңдылық болар. Кездесу тағдырын жалғыз гол ғана шешуі де мүмкін. Кездесу Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады.

«Атлетико Мадрид» (Испания) – «Аустрия В» (Аустрия)


Мадридтік «Атлетико» өз тарихында Чемпиондар Лигасының алғашқы 3 кездесуінде алғаш жеңіске жетіп отыр. Және өз тобының сөзсіз фавориті. Екі апта бұрынғы кездесуде де Диего Симеоне шәкірттері қарсыластарына айқын басымдық танытқан. Ал «Аустрия» клубының Чемпиондар Лигасындағы жағдайы мүшкіл. Осы бәсекедегі соңғы 22 кездесуде аустриялық ұжым өз қақпасына 55 гол өткізіп алған екен. Әлі қарсылас қақпасының торын тулатып көрмеген «Аустрия» кешегі «Андерлехт» нәтижесін көрсетуі екіталай. Бүгінгі кездесуде алаң иелері кем дегенде 3 голдан аз соқпайды деп болжануда.

«Н» тобы


«Аякс» (Нидерланды) – «Селтик» (Шотландия)

Амстердам қаласының футбол клубы өз алаңында тәуір ойнайтын командалардың санатына жатады. Сонымен қатар бүгінгі кездесуде Франк де Бур шәкірттерін фаворит деп қарауға болады. Өйткені шотландиялық клубтың құрамында негізгі құрамдағы бірнеше футболшы бұл кездесуге қатыса алмайды. Олардың қатарында Крис Коммонс, Нир Битон, Скотт Браун, Адам Меттьюз және Стивен Муйоколо бар. Бұл футболшылардың барлығы «Селтикті» алға сүйреп жүрген жігіттер. Өз алаңында «Миланмен» тең ойнаған «Аякс» бүгін 3 ұпайды еншілеуі әбден мүмкін. Есеп 2:1 немесе 3:1 нәтижесімен алаң иелерінің пайдасына шешіледі деген болжамдар жасалуда.

«Барселона» (Испания) – «Милан» (Италия)


«Камп Ноу» бүгін тартысты кездесудің куәсі болмақ. Дегенмен Херардо Мартино командасының шоқтығы биік екені мәлім. Өз алаңында «Миланға» ұпай арқалатып жіберуі екіталай. Миландық команда маусымды соңғы 32 жылда жанкүйерлері күтпеген төменгі нәтижемен бастады. Сүреңсіз кездесулер команда ойынының жүйесіне сыр бердіруде. Букмекерлік орталықтар болжамы бойынша Месси бастаған жігіттер 2:0 есебімен жеңіске жетеді деп күтілуде. Кездесуді Астана уақытымен сағат 03:35-те «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар.

«Е» тобы


«Челси» (Англия) – «Шальке 04» (Германия)

Екі апта бұрын Гельзенкирхенде өткен кездесуде «ақсүйектер» қарсыластарынан ірі есеп айырмасымен басым түскен болатын. Ал премьер-лиганың соңғы турында «Ньюкаслға» есе жіберіп алды. Мұны Жозе Моуринью өз қателігім деді. Сонымен қатар лондондық команда қатарынан Фернандо Торрес пен Райан Бертранд жарақаттарына байланысты кездесуге қатыса алмайды.

«Базель» (Швейцария) – «Стяуа» (Румыния)


Екі апта бұрынғы кездесуде швейцариялық команда Бухарестте жеңіске жетіп тұрған болатын. Алайда алаң иелерінің күтпеген шабуылы есепті теңестіріп кетті. Енді өз алаңында Мурат Якин баптайтын команда қателікке жол бере қоймас. Оның үстіне еурокубок жолындағы кездесулерде көптен бері бақ сынап келе жатқан әккі команда десек болады. Сондықтан бүгін 3 ұпайды еншілеу алаң иелеріне қиындық тудыра қоймас.

«F» тобы


«Наполи» (Италия) – «Марсель» (Франция)

Нағыз тартысты кездесулер осы топта өтуде. Алғашқы айналымнан кейін 3 команданың ұпайлары 6-дан болса, француз ұжымы 1 ұпайға да қол жеткізе алмады. Бұл сәтсіздік бүгін де орын алуы ғажап емес. Өйткені Рафаэль Бенитес командасы өз алаңында сәтті ойнайды. Осыған дейін жеңіліс тауып көрмеген. Ал «Марсель» соңғы 6 кездесуінде қатарынан жеңіліс тапты. Команда өз тарихында мұншалықты сәтсіздікке ұшырап көрмеген екен.

Кездесу алдындағы командалар құрамы:

Наполи: Рейна — Маджо, Ф.Фернандес, Альбиоль, Армеро — Бехрами, Инлер — Кальехон, Гамшик, Мертенс — Игуаин.
Марсель: Манданда — Фанни, Лукас Мендес, С.Дьявара, Морель — Имбула, Ромао — Д.Пайе, Вальбуэна, Тувен — Жиньяк.

«Боруссия Д» (Германия) – «Арсенал» (Англия)


Арсен Венгер командасы соңғы 4 кездесуінде неміс жерінде жеңілмеген екен. Бүгінгі кездесулердің орталық ойыны саналатын кездесу тартысты болары анық. Егер алаң иелері ойындағы өз жүйесін алғашқы минуттардан тауып жатса, «Арсеналдың» ұпай арқалап қайтуы екіталай. Юрген Клопп командасының қатарынан Себастьян Кель, Лукаш Пищек және Илкай Гюндоган кездесуге қатыса алмаса, «канонирлерден» Абу Диаби, Тео Уолкот, Лукас Подольски, Алекс Окслейд-Чемберлен және Яя Саного алаңға шықпайды. Букмекерлік орталықтар дортмундтық команда 3:1 немесе 2:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетеді деп болжам жасауда. Кездесуді Астана уақытымен сағат 01:45-те «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар.

«Зенит» және «Порту» кездесулерінен өзге ойындар Астана уақытымен сағат 01:45-те басталады.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru, vk.com

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 06 қараша 2013, 20:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.