"Арсеналдың" аяқ алысы

"Арсеналдың" аяқ алысы

"Арсеналдың" аяқ алысы көңіл қуантады. Лондонның жас таланттар командасы соңғы уақытта керемет ойын өрнегімен көзге түсіп жүр. Ағылшын біріншілігінің соңғы турында лондондық "канонирлер" "Ливерпульді" 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын...

Неміс фуболшысы Лукас Подольски де қатарға қосылатын күн алыс емес. Үлкен футболдың аяқ доп шеберлері Тео Уолкотт пен Уилшер де жаттығуларға кірісе бастады. Шабуыл шебінде француз жігіті Жиру бабы келісті ойыншыға айналуда. Рэмзи әр ойын сайын тамаша пастары мен голдары арқылы көпшіліктің ықыласына бөленіп, Арсен Венгердің шәкірттері ойын ырғағы жағынан теңдессіз көрікті ойындарын ұсынуда. 

Рэмзи талант тұрғысынан озық көрінбейтін, бірақ, атқару жағына келгенде шеберлік шыңы сөзсіз көрінетін ойыншы. "Арсеналға" ендігі жетпейтіні, "қызыл сойқандарға" кеткен ван Перси болып тұр. Оның өзі де алдағы уақытта қайта оралуға ниетті екенін жеткізген екен.

"Арсенал" отбасы секілді ұйып тұрған бір ұжымнан құралған. Төрт жүзге жуық адамның еңбек жемісі бір арнадан көрінетін орта. Және төрт жүзінің өз орны мен бір ғана мақсаты бар – ағылшын футболын көркейту. 

Ақыры, қысқы ауысым айтылып қалған соң, "Арсеналға" жарасып кетер бір ойыншыны айта кеткіміз келеді. Ол – Ди Мария. Аргентиналық талантты жартылай қорғаушысы Озилмен бір қатарда үйлесіп кетер еді. Өздеріңіз көрген болсаңыздар, Жозенің кезіндегі "Реалдың" күллі жеңісінің құпиясы осы екі ойыншыда жатқандай...

Озил келгелі "Арсенал" бағыт айырып, бағдар танып, сымбатты ойын өрнегін көрсетіп жүр. Неміс жігіті бірінші ойында-ақ нәтижелілігі мен қажеттілігін көрсетті. Ұтымды әрі ұқыпты қимылдайтын футболшы кез келген сәтте салқынқанды қимылдап, дәлдік турасында қателесіп жатпайды. Озил жарап тұрса, Арсен бір міндетінен құтылды деген сөз. 

Уолкоттың қатарға қосылуымен "канонирлер" сапының көркі арта түсері анық. Себебі, ағылшын ойыншысы жылдамдық арттырып қана қоймай, жұмбағы мол футбол әлемінің жаңа өрнегін қалайтындардың қатарынан. 

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет: sports.ru

Л. Лига