Бокстан Әлем чемпионаты мәресіне жетті

Бокстан Әлем чемпионаты мәресіне жетті

­­­­

Бокстан 14 қазан күні жалауын көтерген Әлем чемпионаты да мәресіне жетті. Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 2 қола иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

49 келі


Бұл салмақ дәрежесінде жерлесіміз Біржан Жақыпов қарсыластарының барлығына мықтылығын танытып, алтыннан алқа тақты. Жерлесіміз алтын алқаға оңай қол жеткізген жоқ. Ресейлік Белик Галановты, пуэрто-рикалық Чакон Риберуды, жартылай финалда кубалық Йосбани Вейтиа Сотоны тізе бүктірді.  Ал ақтық сында алжирлік Мохаммед Флиссиді сенімді түрде жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасында 2005 жылдан бері тер төгіп келе жатқан Оңтүстік Қазақстан өлкесінің тумасы Әлем чемпионы атанды. Енді Біржанның шаршы алаңға шығу, шықпауы алдағы уақытта белгілі болмақ.

Алтын – Біржан Жақыпов (Қазақстан)

Күміс – Мохаммед Флисси (Алжир)

Қола - Йосбани Вейтиа Сото (Куба), Давид Родригес (Коста-Рика)

52 келі


Бұл салмақ дәрежесінің ақтық сынына өзбекстандық Жасурбек Латипов пен ресейлік Миша Алоян көтерілді. Жасурбек жақсы-ақ жұдырық түйістірді, алайда Миша мықтылығын танытып кетті. Ал 52 келіде ел намысын қорғаған Ілияс Сүлейменов ширек финалдан аса алмаған еді. Ол британдық боксшы Эндрю Селбиден жеңілді. Лондонда кеткен есені қайтарады деген үмітіміз ақталмады. Естеріңізде болса, дәл осы британдық спортшы Ілиясты 19:15 есебімен жеңіп, ширек финалға жібермеген еді.

Алтын – Миша Алоян (Ресей)

Күміс – Жасурбек Латипов (Өзбекстан)

Қола - Чатчай Бутди (Тайланд), Эндрю Селби (Уэльс)

56 келі


Бұл салмақ дәрежесінде алтын алқа әзірбайжан былғары қолғап шебері Джавид Чалабиевқа бұйырды. Ол финалда ресейлік Владимир Никитиннен басым түсті. Ал жартылай финалда осы салмақта ел намысын қорғаған Қайрат Ералиев дәл осы Джабидтен өте алмай, қола жүлдені місе тұтқан еді.

Алтын – Джавид Чалабиев (Әзірбайжан)

Күміс – Владимир Никитин (Ресей)

Қола – Қайрат Ералиев (Қазақстан), Мыкола Бутценко (Украина)

60 келі


Алматыда бұл салмақ дәрежесінің бас жүлдесін кубалық боксшы Лазаро Эстрада еншіледі. Ол финалда бразилиялық Робсон Консеисаодан басым түсті. Ал жерлесіміз Берік Әбдірахманов үшінші сатыдан көрінді.

Алтын – Лазаро Эстрада (Куба)

Күміс - Робсон Консеисао (Бразилия)

Қола – Берік Әбдірахманов (Қазақстан), Доменико Валентино (Италия)

64 келі


Бұл салмақ дәрежесінде көк туымызды көкте желбіреп, Әнұранымыз биікте шарықтады. Мерей Ақшалов ақтық сында кубалық Ясньер Лопес Толедоны жеңіп, Әлем чемпионы атанды. Кездесуден кейін журналистермен тілдескен Мерей Ақшалов жеңісін қазақ еліне және дүниеге келген бүлдіршініне арнайтынын айтты.

Алтын - Мерей Ақшалов (Қазақстан)

Күміс - Ясньер Лопес Толедо (Куба)

Қола - Эвертон Лопес (Бразилия), Мунх-Ерден Уранчимег (Моңғолия)

69 келі


Бұл салмақ дәрежесінде қазақ боксшылары ешкімге дес бермей келеді. Мұны осы Әлем чемпионатында да дәлелдеді. Шаршы алаңға команда капитаны болып Қазақстан құрамасына бастап шыққан Данияр Елеусінов финалда кубалық Ариснойдис Диспэйнды қиналмай жеңіп, Әлем чемпионы атанды. Данияр өз жеңісін боксшыларды қолдауға келген президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады.

Алтын – Данияр Елеусінов (Қазақстан)

Күміс - Ариснойдис Диспэйн (Куба)

Қола - Араик Марутян (Германия), Габриэл Маэстрое (Венесуэла)

75 келі


Бұл салмақ дәрежесінде жиырма жастағы жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы топ жарды. Финалда отандық былғары қолғап шеберіміз ирландық Джейсон Куиглиден кездесті. Жәнібек алғашқы раундта ирландық боксшыны нокдаунға жіберіп, өз жеңісіне бір табан жақындай түсті. Сосын қазақ боксшысы епті қимылдап, ирландық жасаған шабуылдарға қарсы жауап қайтарып, әр сәтте айласын асырып отырды. Артық қимылға бара алмаған ирландық ақыры қазақ жігітінің мықтылығын мойындауына тура келді.

Алтын – Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

Күміс – Джейсон Куигли (Ирландия)

Қола - Артем Чеботарев (Ресей), Энтони Фоулер (Англия)

81 келі


Бұл салмақ дәрежесінде Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ел намысын қорғады. Ол финалда кубалық Хулио де ла Круздан айласын асыра алмады. Әділбек Бакудегі әлемдік сынның финалында осы Круздан ұтылған еді. Бұл жолы да жерлесіміз күміс жүлдені иеленді.

Алтын – Хулио де ла Круз (Куба)

Күміс – Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан)

Қола - Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан), Жозеф Вард (Ирландия)

91 келі


Бұл салмақта алтынды Италия боксшысы Клементо Руссо алды. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкодан басым түсті. Ал бұл салмақта еліміздің атынан сынға түскен Антон Пинчук өзбек Рустам Тулагановтан жеңіліп, жүлдеден қағылған болатын.

Алтын – Клементо Руссо (Италия)

Күміс – Евгений Тищенко (Ресей)

Қола - Теймур Маммадов (Әзірбайжан), Ямил Пералта (Аргентина)

+ 91 келі


Бұл салмақ дәрежесінде шаршы алаңға қазақ елінің атынан шыққан Иван Дычко ақтық сынға дейін сүрінбей жетіп, финалда әзірбайжан Мохамедрасул Меджидовтан нокаутқа түсіп, күміспен күптелді.

Алтын - Мохамедрасул Меджидов (Әзірбайжан)

Күміс – Иван Дычко (Қазақстан)

Қола - Роберто Камарелле (Италия), Эрик Пфайфер (Германия)

Сонымен Алматыда өткен Әлем чемпионатына Еуропадан 39, Азиядан 26, Оңтүстік және Солтүстік Америкадан 25, Африкадан 22, Мұхит аймағынан 4 мемлекет спортшылары қатысты. Және де ең басты ерекшелігі – былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда шлемсіз өнер көрсетті. Әлем чемпионаты жайлы АІВА президенті  Чинг Куо Ву өз рақметін жеткізіп, байрақты бәсекенің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.


Қазақстан құрамасы барлық әлемдік сындағы жүлделерінің саны 32 болды. Оның оны алтын, сегізі күміс, он төртеуі қола. Әзірге Куба, Ресей, бұрынғы КСРО, АҚШ елдерінен кейін бесінші орындамыз.

Коста Рика елі бокстан тұңғыш рет әлемдік сынның жүлдесін иеленіп отыр.

Бакудегі біріншілікте жалпы есепте бірінші болған Украина құрамасы бұл жолы бір қола ғана алды.

Бұл біріншілікте Үндістан және Қытай елдері жүлдесіз қалды.

Келесі Әлем чемпионаты 2015 жылы Катардың Доха қаласында өтеді.

1

 Қазақстан  

 

Алтын 

4

 

Күміс 

2

 

Қoла 

2

 

 Барлығы 

8

2

 Куба

 

2

 

2

 

1

 

5

3

 Әзірбайжан 

 

2

 

0

 

1

 

3

4

 Ресей

 

1

 

2

 

1

 

4

5

 Италия

 

1

 

0

 

2

 

3

6

 Бразилия

 

0

 

1

 

1

 

2

6

 Ирландия

 

0

 

1

 

1

 

2

6

 Өзбекстан

 

0

 

1

 

1

 

2

9

 Алжир

 

0

 

1

 

0

 

1

10

 Германия

 

0

 

0

 

2

 

2

11

 Aргентина

 

0

 

0

 

1

 

1

11

 Коста-Рика

 

0

 

0

 

1

 

1

11

 Англия

 

0

 

0

 

1

 

1

11

 Моңғолия

 

0

 

0

 

1

 

1

11

 Tайланд

 

0

 

0

 

1

 

1

11

 Украина

 

0

 

0

 

1

 

1

11

 Венесуэла

 

0

 

0

 

1

 

1

11

 Уэльс

 

0

 

0

 

1

 

1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, alaman.kz, sehife.az

Ө. Сансызбай