Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Чемпиондар Лигасы. Кездесу алдында...

Чемпиондар Лигасы. Кездесу алдында...

Чемпиондар Лигасы. Кездесу алдында...

Бүгін Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі командалардың үшінші кездесулері басталады. Назарларыңызға аса тартысты өтетін кездесулер алдындағы болжамдарды ұсынамыз...

«F» тобы

«Арсенал» (Англия) – «Боруссия» (Германия)

Лондондық команда екі кездесу қорытындысы бойынша «F» тобында көш бастап келеді. Сонымен қатар, ағылшын премьер-лигасында да тізгінді ешкімге бермеуде. Ал дортмундтық клуб екінші орында. Жалпы екі команда тарихында бір-бірімен 4 рет кездесу өткізген екен. Оның алғашқысы 2002/2003 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасында орын алса, 2011/2012 жылғы аталған додада бір топта өнер көрсеткен. 2 рет «Арсенал» жеңіске жетсе, 1 кездесу тең, 1 кездесу «Боруссияның» жеңісімен аяқталған екен. Қос ұжым арасындағы кездесу аса тартысты өтері айдан-анық. Бүгінгі кездесуге «канонирлер» сапынан Матье Фламини кездесуге қатыспайды. Ал «Боруссияның» бас бапкері Юрген Клопп бұл кездесуде де командасын бастап шыға алмайды. Футбол мамандарының айтуынша, Роберт Левандовски мен Марко Ройс бастаған жігіттер Лондонда жеңіске жете алмайды деп болжауда. Кездесу 2:2 есебімен тең тарқасады деген бәс тігуде.

«Марсель» (Франция) – «Наполи» (Италия)


«Марсель» бұл топта әлі ұпай иеленген жоқ. Соңғы екі кездесуде де команда жеңіліс тапты. Ал италияндық клуб та соңғы кездесуін жеңіліспен аяқтады. «Романың» жеңісті жолын тоқтатуға шамалары жетпеді. Ал бүгінгі кездесудегі ұпай команда үшін аса маңызды. Әзірге футбол мамандары мен букмекерлік орталықтар Рафаэль Бенитес командасы жеңіліс таппайды деген сенім білдіруде. Олардың болжамы бойынша, есеп 1:2 есебімен қонақтар пайдасына шешілмек. Аздаған жарақат алған неапольдық команданың белді футболшысы Гонсало Игуаин кездесуге қатысады деп күтілуде.

«G» тобы


«Порту» (Португалия) – «Зенит» (Ресей)

Халк өзі ауысып келген португалдық клубқа қарсы алаңға шығады. "Егер гол соқсам қуанбаймын" деген сөзі де бар. Алайда бұл кездесуде алаң иелері аянып қалмасы анық. Осыған дейін қос ұжым тарихында екі рет кездескен екен. 2011/2012 жылғы Чемпиондар Лигасында бір топта ойнаған командалар кездесуінің бірінде «Зенит» жеңіске жетсе, бір кездесу тең аяқталыпты. Жалпы «Порту» командасының негізгі құрам футболшылары алаңға шығуға сақадай-сай дайын. Ал ресейлік клуб қатарынан бірнеше ойыншы алаңға шыға алмайды. Олар: өткен кездесуде алаңнан қуылған Аксель Витсель мен жарақатынан әлі айыға алмаған Александр Анюков, және Вячеслав Малафеев. Футбол мамандарының пікірінше, кездесу тең аяқталуы мүмкін. Есеп 1:1 болады деп болжауда.

«Аустрия» (Аустрия) – « Атлетико М» (Испания)


Бұл кездесудің сөзсіз фавориті испандық команда. Олар осыған дейінгі екі кездесуде де қарсыластарынан басым түсіп, топты бастап келеді. Көптеген букмекерлік орталықтар «Атлетиконың» жеңіске жететініне күмән келтірмеуде. Есеп 0:1 немесе 0:2 болады деп болжауда. Ал қазіргі таңда Ла-Лигада сәтті өнер көрсетіп жүрген Диего Костаның алаңға шығу, шықпауы белгісіз болып отыр.

«Е» тобы


«Стяуа» (Румыния) – «Базель» (Швейцария)

Бұл екі команда осы топтың аутсайдерлері саналады. Алайда алғашқы турда «Базель» лондондық «Челсиді» сан соқтырып, үш ұпайды еншілеген болатын. Қос ұжым да ресми кездесулерде жолықпаған. Тек 2012 және 2013 жылдары жолдастық кездесу ғана өткізген. Алғашқысында  румындық команда жеңіске жетсе, соңғысы 1:1 есебімен тең аяқталған. Футбол мамандарының пікірінше, швейцариялық команда жеңіліс таппайды деген болжам жасауда.

 «Шальке» (Германия) – «Челси» (Англия)


Гельзенкирхендік команда бұл топта көш бастап келеді. Алдаңғы екі кездесуде топтың аутсайдерлерінен басым түскен. Ал Жозе Моуринью командасы алғашқы кездесуін сәтсіз бастаған-ды. Енді бүгінгі фавориттер арасындағы тартыс қызу болмақ. Негізінен «ақсүйектердің» неміс жерінде аса көп жолы бола бермейді. Сондықтан «Шальке» бүгін ұпай қорын молайтуға барынша үмітті. Алайда Класс-Ян Хунтелаар мен Джеффорсон Фарфан сынды шабуылшыларын жоғалтқан (жарақатына байланысты) алаң иелеріне ұпай еншілеу оңай соқпасы анық.

«Н» тобы


«Селтик» (Шотландия) – «Аякс» (Нидерланды)

Қос футбол ұжымының да дәрежелері тең. «Аякстың» еншісінде 1 ұпай бар. Ал алаң иелері әлі ұпай алған жоқ. Сондықтан бүгінгі «Селтик Парктегі» кездесуде барын салары даусыз. Футбол мамандары пікірінше, екі команда 3-ші орынға таласады. Яғни Еуропа Лигасына берілер жолдаманы місе тұтпақ. Өйткені «Барселона» мен «Милан» бұларға жол бере қоюы екіталай.

«Милан» (Италия) – «Барселона» (Испания)


Бүгін «Миланды» аса тартысты кездесу күтіп тұр. Осыған дейін командалар алаңға шығатын футболшылар тізімін жариялаған болатын. Италияндық команда сапынан Эль-Шарави мен Джанпаоло Паццини, және қақпашы Аббьяти жарақаттарына байланысты алаңға шыға алмайды. Ал «Супер Марионың» алаңға шығатыны команданың соңғы жаттығуында белгілі болды.  Ал каталондық команданың негізгі құрамында Иссак Куэнка, Жерар Пике және Лионель Мессидің алаңға шығуы белгісіз болып отыр. Дегенмен бұл кездесудің фавориті – Херардо Мартино командасы. Футбол сарапшылары тартысты кездесуде 1:2 есебімен қонақтар жеңіске жетеді деп болжам жасауда.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Cурет: luckyfootbet.blogspot.com, fc-arsenal.com, sport-xl.ru

1265 6
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 22 қазан 2013, 12:55
Пікірлер
+0
22 қазан 2013, 14:46

Жақсы айтылған, бүгін бір ставка тігетін күн болып тұр. Форумға ставка тігейік!

+0
22 қазан 2013, 15:05

Арсенал мен Дортмунд, Шальке мен Челси, Милан мен Барса. Көретін матчтар, қалғаны онша емес.

+0
22 қазан 2013, 18:07

бүгін сан-сироға барып қайтайық, ертен бернабеуге :D

+0
22 қазан 2013, 18:35

Достар форумға кіремі.
Чемпиондар Лигасы. Кездесу алдында...
Арсенал - Боруссия Д. 2-1 немесе 2-0
Марсель - Наполи 1-1 немесе 0-1
Порту - Зенит 3 - 0 немесе 2-0
Аустрия - Атлетико М 0-1 немесе 0-0
Стяуа - Базель 1-0 немесе 1-2
Шальке - Челси 1-1 немесе 1-3
Селтик - Аякс 1-1 немесе 0-10 :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:
Милан - Барселона 0-2 немесе 1-2
Басқа ойлар бар ма?

+0
22 қазан 2013, 22:59

милан-барса 1-2,1-1; Аустрия-Атлетико 0-2; Селтик-Аякс 1-2; Арсенал-Боруссия 2-1; және Шальке-Челси 1-1,1-2

+0
23 қазан 2013, 02:53

каталондыктар женетин шыгар деп ойлаймын :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев