Премьер-Лига. ХХХ тур алдында...

Премьер-Лига. ХХХ тур алдында...

Ертең футболдан ел премьер-лигасының ХХХ тур ойындары өтеді. Чемпиондыққа басты үміткер «Ақтөбе» өз алаңында «Шахтермен» кездессе, Йоан Андоне шәкірттері «Ертісті» қабылдайды.

"Ақтөбе" - "Шахтер"

Бұл турдың орталық кездесуі Ақтөбеде өтеді. Егер алаң иелері жеңіске жетіп, «Астана» командасы ұпай жоғалтса, Владимир Никитенко командасы сөзсіз ел чемпионы атағын осы турда-ақ иеленуі ғажап емес. Сондықтан да алаң иелері чемпиондыққа таласса, Виктор Кумыков командасы жүлделі орынға ену үшін тартыс жүргізбек. Соңғы кездесулерде «кеншілер» ұжымы басты қарсыластарынан айласын асыра алмай келеді.

Төрешілер: Сергей Гороховодацкий (Алматы), Виталий Дерцапф (Орал), Александр Горда (Көкшетау)
Инспектор: Агзам Хисамутдинов (Павлодар)

"Ертіс" - "Астана"


«Астана» осы турда ұпай жоғалтатын болса, чемпиондықтан түбегейлі үміт үзеді. Дегенмен «Ақтөбе» қалған ІІІ турда ұпай ала алмайды деген ойға қонымсыз-ақ. Осыған дейін павлодарлық команда соңғы айларда жалақысын ала алмай жүргені туралы мәлімдеген болатын. Егер қандай да бір шара қолға алынбаса, Астанада алаңға шықпаймыз деген де еді. Бұл дау алдағы уақытта өз шешімін табар деген үміттеміз. «Астана» соңғы 4 кездесуде қарсыласына есе жіберіп көрген жоқ. Сондықтан ертеңгі кездесуде де алаң иелері аянып қалмасы анық секілді.

Төрешілер: Акмалхан Холматов (Қызылорда), Самат Тергеусизов (Алматы), Дмитрий Филоненко (Тараз)
Инспектор: Қайрат Сламбеков (Алматы)

"Қайрат" - "Ордабасы"


Алматылық «Қайрат» үшінші орын үшін қадам жасауда. Мұны соңғы кездесулерінде дәлелдеп келеді. Ал «Ордабасы» алғашқы алтылыққа енгеннен кейін, сүреңсіз кездесулерінен көз аша алмай келеді. Соңғы 4 кездесуінде де жеңіліс тапты. Ертең «Қайрат» қақпашысы Давид Лория командасына көмектесе алмайды. Оның орнына Даниил Рихард шығатын болады. Жалпы «Қайрат» өз алаңында сәтті ойнайтын командалардың санатына жатады. Сондықтан ертеңгі ойында фаворит де.

Төрешілер: Марат Ысқақов (Астана), Евгений Бельский (Тараз), Санжар Ысқақов (Қостанай)
Инспектор: Геннадий Жуковский (Ақтөбе)

"Ақжайық" - "Жетысу"


Ертең «Ақжайық» өз алаңында «Жетысуды» жеңіп, «Тобыл» сырт алаңда «Таразға» басымдығын танытатын болса, оралдық команда оныншы орынға көтерілуі әбден мүмкін. «Ақжайық» екінші алтылықта өз алаңында сәтті ойнап келеді. Тек «Тобылға» ғана есе жіберді. Оралдық команда енді «Жетысумен» болатын кездесуде барын салары анық. Сонымен қатар кездесуде фаворит те саналуда.

Төрешілер: Руслан Дүзмамбетов (Өскемен), Құрбанжан Құрбанов (Алматы), Сергей Обрядов (Семей)
Инспектор: Вячеслав Клепченко (Ақтөбе)

"Тараз" - "Тобыл"


Төрешілер: Игорь Алешин, Семен Журавлев, Андрей Попов (бәрі де - Павлодар)

Инспектор: Олег Вялов (Алматы облысы)

"Восток" - "Атырау"


Қос футбол ұжымы да бұл маусымда сәтсіз өнер көрсетті. Шығысқазақстандық команда барлығы қарсылас қақпасына 18 ғана гол соқса, «Атырау» олардан 5 доп қана артық соққан екен.

Сонымен қатар, «Восток» командасының белді футболшысы Рамон Санчез кездесуге қатыспауы мүмкін. Өйткені бүгін ғана «Восток» командасының атына сальвадорлық футболшыны өмір бойына футболдан шеттету туралы ФИФА-дан шешім келіп түсті. Оның командасымен бірге  2010 және 2011 жылы Мексика және АҚШ құрамаларына қарсы келісімді кездесулер өткізгені дәлелденіп отыр.

Төрешілер: Виктор Антонов, Рустам Сүйінов (екеуі де - Павлодар), Александр Полуэктов (Тараз)
Инспектор: Олег Соколов (Астана)

ХХХ тур алдындағы турнир кестесі:

Р/с

 Клубтар

Ойын
өткізді

Жеңіске
жетті

Тең
түсті

Жеңіліп
қалды

Доп айырмасы

Жапы
ұпайы

1

 «Ақтөбе»

29

19

5

5

40-19

39

2

 «Астана»

29

16

5

8

48-34

33

3

 «Ертіс» (Павлодар)

29

12

8

9

38-32

27

4

«Шахтер» (Қарағанды)

29

12

7

10

41-35

26

5

 "Қайрат" (Алматы)

29

10

11

8

39-35

26

6

 «Ордабасы» (Шымкент)

29

10

6

13

28-34

21

 

7-12 орындар.

 

7

 «Тобыл» (Қостанай)

29

13

6

10

46-30

32

8

 «Атырау»

29

8

11

10

23-34

22

9

 «Восток» (Өскемен)

29

6

11

12

18-34

18

10

«Тараз»

29

6

8

15

27-36

17

11

 «Жетісу» (Талдықорған)

29

5

15

9

21-32

17

12

 «Ақжайық» (Орал)

29

6

9

14

34-48

15

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: sports.kz, fanatik.kz

Ө. Сансызбай