Күздің басты футбол трендтері

Күздің басты футбол трендтері

Күз маусымында футбол әлемінде толласыз қызықтар орын алып жатыр. Солардың бір парасы, Италия біріншілігі жаңа бетбұрыс алып, қызықты біріншіліктердің біріне айналса, испан примерасында "Атлетика" чемпиондық тәжге үміткер бірден-бір бәсекелес болып шыға келді. Күн өткен сайын ағылшын біріншілігінде жаңа жұлдыздар мен жаңа есімдер ашылуда. Рэмзи секілді жігіттер Венгер бапкердің бар үмітіп ақтаса, Янузай секілді өрендер үміттерді жалғауда...

«Манчестер Юнайтед» сэр Алекссіз...

Сэр Алекс Фергюсонның орнын басып, ұжымды жаттықтыруды қолға алған Дэвид Мойес әзірше "қызыл сойқандардың" жанкүйерлерін ренжітумен келеді. Команда манчестерлік дербиде ойсырай жеңілді, «Вест Бромвичпен» болған ойында ұпайдан айырылды және ағылшын біріншілігінің турнирлік кестесінің ортасында қалып қойды. 

Уэйн Рунимен болған дау-таласта белгиялық жас жұлдыз Маруан Феллайниді сатып алды. Қуғындауға әлі ерте, сэр Алекс те жұмысының бастапқы кезеңінде «Юнайтедтен» қуылып кете жаздаған. Алайда, көз көріп үйренбеген тұстан «Юнайтедті» көру, жайсыздау тиері анық. 

А Сериясы қайта оралды

Осыдан 10-15 жыл бұрын Италияның А Сериясы ең мықты ішкі біріншілік саналатын. Сол уақытта футбол жұлдыздарының көпшілігі Италияға қоныс аударып, тарихтағы ең қымбат трансферлік рекордтар орын алған-ды. Алайда, басқаруды құрылымдауда «Лацио», «Парма» "Фиорентина" секілді клубтар құрдымға кете бастаса, арада «кальчополи» дау-жанжалы өршіп, ақырында «Ювентус» командасы бірнеше чемпиондығы мен жүлделерінен айырылып, төменгі дивизиондарға кетіп еді. Сосын қаржылық дағдарыстың кезегі туды, жағдай қиындап, жұлдыздар азая бастады, еуропалық төрде Германия клубтары жаңа қарқын алды... 

Бірақ, бұл маусымда бәрі өзгеше. Біріншіден, "катеначчо" тезисін алып тастауға болады. А Сериясы - нәтижелігі жағынан Бундеслига ғана есе жіберетін Еуропадағы ең мықты біріншілік. Оған қоса, ұлттық құрама да жарқын ойын өрнегін көрсетіп, Бразилияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алып үлгерді. Антонио Контенің тізгініндегі барынша мықты «Ювентуспен» бір қатарда испан тілді  Рафа Бенитестің «Наполи» командасы мен кәрі тарлан атанып үлгерген Франческо Тоттидің ( Gazetta Della Sport басылымының бағасы бойынша ішкі біріншіліктің ең үздік ойыншысы) «Ромасы» аталады.

Сонымен қоса, Виченцо Монтелланың «Фиорентинасы», дағдарысты өткерген «Интер» мен Марио Балотелли секілді оркестрі мен басты үміті Стефан Эль-Шааравиі бар «Милан», мығым «Лацио», таланттарды өсіріп шығарушы «Удинезе», Ромео мен Джульетта қаласының жас өспірімдері - «Верона»... Қысқасы, А Сериясы қайта танымалдылық ала бастады. 

Примерадағы ұжымдық күш

Мадридстік «Атлетико» міне осымен бірнеше жыл қатарынан "Реал" мен "Барса" күн-көкжиегінің қасында өз орнын алып келеді, алайда, қолдан бар келгені - бұл испандық екі грандтан кейінгі ең үздік ұжым деген атақ. 

Осы маусымда Диего Симеонаның жігіттері тек бәсекелестік құра алатын ғана команда емес - олар қазірдің өзінде Мадридтен шыққан басты команда саналады. Әрине, Карло Анчелотти өз клубын құрылымдап үлгергенше, Мадридтің үздігі болар тұрар... 

Осының бәрі супермерген Фалькао кеткен соң алып отыр. "Барсадан" Давид Вильяны алдырып еді, алайда, колумбиялықтың орнын басуға бразилиялық бұзық жігіт Диего Коста лайық келді -  Примераның әр турында гол соғатын (Испания ұлттық құрамасына икемделіп жатқан) әрі жанкүйерлердің жынын келтіретін шабуылшылардың қатарында. 

Әзріше мұның бәрі ұзаққа созылар-созылмасы белгісіз. Бірақ, испандық қос алпауыт туралы ұғымға көпшілігі күмәнмен қарайтыны сөзсіз. 

Аарон Рэмзи  - «Арсеналдың» бойтұмары. 

Лондондық «канонирлерді» соңғы жылдары кімдер сынға алмады. Сынға алуға себеп те бар - жүлде ауылының алыстап кетуі, Арсен Венгердің трансферлік нарықта күдікшіл-күмәнді шешімдерге баруы, жұлдыздардың алыстауы. 

Алайда, ендігі таңда бәрі басқаша болмақ. Трансферлік ауысымның соңғы күнінде 35 000 000 евроға «Реалдағы» Карло Анчелоттиге керексіз болып қалған неміс сыйқыршысы Мезут Озилді сатып алды. 

Бірақ, Венгердің талабына сай келген неміс ойыншысы емес, валиялық Аарон Рэмзи - талантты, тұрақсыз әрі жиі жарақат алып қала беретін жартылай қорғаушы. Рэмзи Премьер-Лига мен кәрі құрлықтың додаларында қатарынан гол соғып, көзге түсе бастады. Және сөз кезегі келе отырғанда Ааронды Еуропаның ең мықты ойыншы деуге келеді. 

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет: eurosport.ru

Л. Лига