Премьер-лига. ХXVIII тур қорытындысы (видео)

Премьер-лига. ХXVIII тур қорытындысы (видео)

Футболдан ел премьер-лигасының кезекті туры мәресіне жетті. Әзірге көш басындағы «Ақтөбе» мен «Астана» арасын 3 ұпай бөліп тұр.

Йоан Андоне жаттықтыратын елордалық «Астана» командасы бұл маусымда чемпиондық атаққа үміткер командалардың бірі. ХXVIII турда «Ордабасыда» қонақта болған команда алаң иелерінен айлаларын асырып қайтты. Ал шымкенттік команда өздерінде бар мүмкіндіктерді пайдалана алмады. 46 минутта 10 ойыншымен қалған қонақтарға қарсы Виктор Пасулько командасы қауқар таныта алмады. Бұл алаң иелерінің қатарынан үшінші жеңілісі болып отыр.

«Ақтөбе» Алматының Орталық стадионында «Қайратты» жеңіп кетті. Кездесудегі жеңіс голын қонақтар ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда соқты. Бұрыштамадан асырылған допты Петр Бадло Давид Лория қақпасында тулатты. Осылайша Владимир Никитенко баптайтын команда 36 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап келеді.

Ел кубогының жартылай финалында кездескен «Ертіс» пен «Шахтер» осы турда тағы да өзара тартысты кездесу өткізді. Алғаш болып «кеншілер» ұжымы есеп ашқанымен, артынша алаң иелері есепті теңестірді. 87 минутта өзбекстандық легионер Камолиддин Мурзоев кездесудегі жеңіс голын соғып, алаң иелерін жеңіске жетеледі.

«Жетісу» сырт алаңда «Таразды» Мұрат Тілешовтың 2 минутта соққан голының арқасында жеңіп, «қауіпті аймақтан» шығудың жолын қарастырғандай сыңай танытты. Ал «Восток» өз алаңында «Ақжайықты» тізе бүктірді. «Атырау» сырт алаңда «Тобылмен» тең тарқасты. Кездесуде есеп ашылмады.

Жалпы ХXVIII турда барлығы 9 гол салынып, 3 пенальтиды футболшылар орындай алмады. 2 футболшы алаңнан қуылды.

Турнир кестесі:

р/с

 Клубтар

Ойын
өткізді

Жеңіске
жетті

Тең
түсті

Жеңіліп
қалды

Доп
айырмасы

Жалпы ұпайы

1

 «Ақтөбе»

28

18

5

5

37-18

36

2

 «Астана»

28

16

5

7

47-32

33

3

 «Ертіс» (Павлодар)

28

12

8

8

37-29

27

4

 «Шахтер»(Қарағанды)

28

11

7

10

38-35

23

5

 «Қайрат» (Алматы)

28

9

11

8

37-34

23

6

 «Ордабасы» (Шымкент)

28

10

6

12

28-31

21


7-12 орындар


7

 «Тобыл» (Қостанай)

28

12

6

10

44-29

29

8

 «Атырау»

28

8

10

10

23-34

21

9

 «Восток» (Өскемен)

28

6

11

11

17-32

18

10

«Тараз»

28

6

8

14

26-34

17

11

 «Жетісу» (Талдықорған)

28

5

14

9

21-32

16

12

 «Ақжайық» (Орал)

28

5

9

14

32-47

12

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz

Ө. Сансызбай