Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Премьер-лига. ХXVIII тур қорытындысы (видео)

Премьер-лига. ХXVIII тур қорытындысы (видео)

Премьер-лига. ХXVIII тур қорытындысы (видео)

Футболдан ел премьер-лигасының кезекті туры мәресіне жетті. Әзірге көш басындағы «Ақтөбе» мен «Астана» арасын 3 ұпай бөліп тұр.

Йоан Андоне жаттықтыратын елордалық «Астана» командасы бұл маусымда чемпиондық атаққа үміткер командалардың бірі. ХXVIII турда «Ордабасыда» қонақта болған команда алаң иелерінен айлаларын асырып қайтты. Ал шымкенттік команда өздерінде бар мүмкіндіктерді пайдалана алмады. 46 минутта 10 ойыншымен қалған қонақтарға қарсы Виктор Пасулько командасы қауқар таныта алмады. Бұл алаң иелерінің қатарынан үшінші жеңілісі болып отыр.

«Ақтөбе» Алматының Орталық стадионында «Қайратты» жеңіп кетті. Кездесудегі жеңіс голын қонақтар ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда соқты. Бұрыштамадан асырылған допты Петр Бадло Давид Лория қақпасында тулатты. Осылайша Владимир Никитенко баптайтын команда 36 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап келеді.

Ел кубогының жартылай финалында кездескен «Ертіс» пен «Шахтер» осы турда тағы да өзара тартысты кездесу өткізді. Алғаш болып «кеншілер» ұжымы есеп ашқанымен, артынша алаң иелері есепті теңестірді. 87 минутта өзбекстандық легионер Камолиддин Мурзоев кездесудегі жеңіс голын соғып, алаң иелерін жеңіске жетеледі.

«Жетісу» сырт алаңда «Таразды» Мұрат Тілешовтың 2 минутта соққан голының арқасында жеңіп, «қауіпті аймақтан» шығудың жолын қарастырғандай сыңай танытты. Ал «Восток» өз алаңында «Ақжайықты» тізе бүктірді. «Атырау» сырт алаңда «Тобылмен» тең тарқасты. Кездесуде есеп ашылмады.

Жалпы ХXVIII турда барлығы 9 гол салынып, 3 пенальтиды футболшылар орындай алмады. 2 футболшы алаңнан қуылды.

Турнир кестесі:

р/с

 Клубтар

Ойын
өткізді

Жеңіске
жетті

Тең
түсті

Жеңіліп
қалды

Доп
айырмасы

Жалпы ұпайы

1

 «Ақтөбе»

28

18

5

5

37-18

36

2

 «Астана»

28

16

5

7

47-32

33

3

 «Ертіс» (Павлодар)

28

12

8

8

37-29

27

4

 «Шахтер»(Қарағанды)

28

11

7

10

38-35

23

5

 «Қайрат» (Алматы)

28

9

11

8

37-34

23

6

 «Ордабасы» (Шымкент)

28

10

6

12

28-31

21


7-12 орындар


7

 «Тобыл» (Қостанай)

28

12

6

10

44-29

29

8

 «Атырау»

28

8

10

10

23-34

21

9

 «Восток» (Өскемен)

28

6

11

11

17-32

18

10

«Тараз»

28

6

8

14

26-34

17

11

 «Жетісу» (Талдықорған)

28

5

14

9

21-32

16

12

 «Ақжайық» (Орал)

28

5

9

14

32-47

12

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz

888 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 30 қыркүйек 2013, 20:02
Пікірлер
+0
30 қыркүйек 2013, 19:31

Шахтер Премер лигадан жеңіле берсін тек Европа лигасында жеңсін ;)

+0
01 қазан 2013, 09:36

Өмеке, мен чота түсінбедім :? Біздің ҚПЛда ұпай санау жолдары басқа ма???

+0
01 қазан 2013, 10:26

22 турдан кейін командалардан ұпай шегерілген болатын. Мысалы "Ақтөбенің" 47 ұпайынан 23 ұпай алынып, 24-пен бастаған еді. Одан кейінгі 6 турдағы 4 жеңіс 12 ұпай алып келген командаға. Сонда 36 ұпай болады.

+0
01 қазан 2013, 14:53

Ақтөбе тек алға "

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев