Баскетболшы қыздар финалға шығатын командаларды анықтады

Баскетболшы қыздар финалға шығатын командаларды анықтады

Қыздар арасындағы баскетболдан ұлттық лиганың өтіп жатқандығынан көзі қарақты оқырман хабардар болар. Олай болса, осы сайыс та соңына таяп, финалда кездесетін екі команда анықталды. 

Астаналық "Астана жолбарыстары" командасы "Алматының" санын соқтырса, павлодарлық "Ертіс ПНХЗ" көкшетаулық "Оқжетпестің" алдын орады.

Астаналықтар мен "Алматы" командасы арасындағы ойынның нәтижесі көпшіліктің болжауындай болды. "Жолбарыстарға" серияда жеңіке жетуі үшін үш ойын ғана жеткілікті болды. Алғашқы ойын 80:60 есебімен аяқталса, екіншісі 110:58 болып бітті. Ал үшінші ойын біршама таласты болды. Бар жоғы 8 ұпай артықшылығымен(80:87) бұл жолы да астаналықтар жеңіске жеті. Ақыры не керек, оңтүстік астананың баскетболшылары лигада төртінші орынды қанағат тұтатын болды. 

Ал "Ертіс ПНХЗ" мен "Оқжетпестің" ойынына келер болсақ, халық бұл сериядан басқаша ойын күтіп еді. Соңғы кезде кәсібилігімен көзге түсіп жүрген көкшетаулықтардан қызу тартысты ойын күтілген еді. Дегенмен павлодарлықтар бабында екендігін көрсетіп, жеңісті оңай бере қоймады. Алғашқы 2 ойынның нәтижесі 82:68 және 63:49 болды. Көкшетауда өткен үшінші ойында паркет иелері 4 ұпай басымдылықпен (74:70) жеңіске жетті. Дегенмен келесі күні "Ертіс ПНХЗ" 84:68 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. 

Сонымен финалда "Астана жолбарыстары" мен "Ертіс ПНХЗ" кездесетін болады. Финалды асыға күтеміз. Массагеттен көз жазып қалмаңыз!

сурет: prosportkz.kz