Премьер-Лига. "Ақтөбе" көшті бастады

Премьер-Лига. "Ақтөбе" көшті бастады

Футболдан ел премьер-лигасының ХХVІІ тур ойындары өз мәресіне жетті.  Көш басында келе жатқан «Ақтөбе» мен «Астана» арасындағы кездесуде Владимир Никитенко шәкірттері жеңіске жетті.

 «Ақтөбе» - «Астана»

ХХVІІ турдың орталық кездесуі Ақтөбенің  «Қобыланды батыр» стадионында өтті. Осыған дейін үзеңгі қағыстырып келген «Ақтөбе» мен «Астана» арасындағы кездесуде алаң иелері  жеңіске жетті. «Ақтөбе» мен «Астана»  бұл маусымда осымен  үш рет кездесіп, соның үшеуінде де Владимир Никитенко командасы қарсыластарына басымдығын танытты. 52 минутта Тимур Кападзе есеп ашса, төреші қосқан қосымша уақыт аяқталар тұста Марат Хайруллин екінші голды қонақтар қақпасында тулатты.

Кездесу соңынан «Ақтөбе» командасының бас бапкері Владимир Никитенко:

Алаңда бір-бірімен тең команда өнер көрсетті. Кездесу тартысты болды. Біз алғаш болып гол соқтық, және кездесудегі басымдыққа ие болдық. Негізі бұл голды алғашқы таймда соғуымыз қажет еді.

Ал Астана командасының бас бапкері Йоан Андоне:

Біз бұл тартыста жеңілсек те, басты бәсекеде жеңілген жоқпыз- деді.

«Ақтөбе» — «Астана»  2:0 (2:0).
Голдар:
 Кападзе 52 (1:0),  Хайруллин 95 (2:0).
Сары қағаз алғандар: Кетевоама 20,  Гейнрих 26,  Харабара 80, Дмитренко 80, Айымбетов 88.
Алаңнан қуылды: Бейсебеков 73

«АҚТӨБЕ»: Андрей Сидельников, Роберт Арзуманян, Петр Бадло, Юрий Логвиненко, Роберт Примус 71 (Асхат Тағыберген),  Тимур Кападзе,  Марат Хайруллин, Андрей Харабара, Абат Айымбетов, Александр Гейнрих 46 (Сергей Гридин 76 (Санат Шалекенов), Сергей Давыдов.
«АСТАНА»:
 Ненад Эрич,  Елдос Ахметов, Абзал Бейсебеков, Виктор Дмитренко, Зелао 62 (Сергей Остапенко), Қайрат Нұрдәулетов, Фокси Кетевоама 46 (Патрик Твумаси), Валерий Коробкин, Дамир Кояшевич, Марат Шахметов, Сисеру Казимиро 77 (Блажо Игуманович).

«Ертіс» - «Ордабасы»

Алғашқы алтылықтағы екінші кездесу Керекуде өтті. «Ертіс» өз алаңында шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдап, ірі есеп айырмасымен жеңіске жетті. Қос ұжым арасындағы алғашқы кездесуде есеп ашылмағанымен, екінші таймда Талғат Байсуфинов шәкірттері барын салып Виктор Пасулько командасының қақпасында жауапсыз үш бірдей допты тулатты.

«Ертіс» (Павлодар) – «Ордабасы» (Шымкент) 3:0 (0:0).
Голдар: 
Бақаев 48 минутта пенальти (1:0), Мухмутдинов 55 (2:0),Чернышев 86 (3:0)
Сары қағаз алды:
 Бақаев 49, Мухутдинов 57

«Ертіс» (Павлодар): Неамнья Джоджо, Бақдәулет Қожабаев, Штепан Кучер, Альмир Мухутдинов, Ғафуржан Сүйімбаев, Владислав Чернышов, Дмитрий Шомко, Евгений Аверченко, Сергей Иванов, Павел Шабалин 82 (Қуаныш Бегалин), Ұлықбек Бақаев.
«Ордабасы» (Шымкент): Александр Григоренко, Талғат Адырбеков, Пірәлі Әлиев, Фархадбек Ырысметов, Мұхтар Мұхтаров, Олег Сабиров, Андрей Карпович, Евгений Левин, Азат Нұрғалиев, Данило Белич, Эдин Юнузович.

«Қайрат» - «Шахтер»

Орталық стадионда өткен кездесуде жанкүйер қауым алты бірдей голдың куәсі болды. Алғашқы таймда алаң иелері Еуропа Лигасынан кейінгі шаршау «Шахтерды» «шаршата» бастады. 32 минутта гамбиялық шабуылшы Момоду Сиссей есеп ашса, араға 3 минута сала Виталий Ли есепті еселей түсті. Пас шығарған Сиссей болды. 55 минутта Артур Едигарян Стас Покатилов қақпасында үшінші допты тулатты. Алайда қарағандылық команда кездесу соңынан ес жия бастады. Андрей Финонченконың дубль авторы атануы мен Игорь Зенковичтің соңғы минутта соққан голыВладимир Никитенко командасын жеңілістен сақтап қалды. Сонымен қатар Андрей Финонченко «кеншілер» командасының тарихындағы үздік сұрмерген атанып отыр. Еншісінде 97 гол бар.

«Восток» - «Жетісу»

Өскемендік команда өз алаңында «Жетісумен» тең тарқасты. Кездесуде есеп ашылмады.

«ВОСТОК» (Өскемен) – «ЖЕТІСУ» (Талдықорған) 0:0 (0:0).
Сары қағаз алды: Ковалев 21, Азовский 49,
«Восток» (Өскемен): Роман Нестеренко, Әбу Бәкір, Темірлан Ерланов, Мартин Комарек, Илья Фомичев, Тимур Досмағамбетов 74 (Павел Удалов), Сергей Костюк, Вальтер Андре Мур, Рамон Санчес, Вячеслав Эрбес, Папа Ньянг 65 (Әли Әлиев).
«Жетісу» (Талдықорған):  Андрей Пасченко, Арунас Климавичус, Виктор Ковалев, Давронжан Эргашев, Руслан Эсатов, Максим Азовский, Руслан Мельзиддинов 72 (Владимир Яковлев), Серікжан Мұжықов, Саят Сариев 28 (Абылайхан Тотай), Иван Перич 46 (Шавкат Саломов), Мұрат Тілешов.

«Тараз» - «Атырау»

«Тараз» 28 минутта Одитаның соққан голынан кейін алғашқы таймда есепте алда болды. Алайда 64 минутта қонақтар сапынан Роберт Алвизесепті теңестіріп кетті.

«Тараз» — «Атырау» 1:1 (1:1).
Голдар:Одита 28 (1:0), Роберт Алвиз 64 (1:1).
Сары қағаз алғандар:
Родионов 18, Миланкович 83, Айбар Нұрыбеков 90,
«ТАРАЗ»: Рамиль Нұрмухаметов, Мақсат Әмірханов 62 (Шерхан Бауыржан), Дмитрий Евстигнеев, Александр Кучма, Ерсін Мехмедович, Абдуллаи Диакате, Николай Нестеренко, Эдуард Сергиенко, Сергей Скорых 77 (Мирослав Лечич), Тити Эссомба 74 (Константин Заречный), Обиора Одита.
«АТЫРАУ»: Андрей Шабанов, Ренат Абдулин 61 (Бейбіт Тәтішов), Сергей Куцов, Максим Самченко, Йован Голич, Тарас Данилюк 43 (Роберто Алвиз), Никола Миланкович, Георгий Пейкришвили, Денис Родионов 48 (Ненад Нияц), Айбар Нұрыбеков, Алексей Щеткин.

«Ақжайық» - «Тобыл»

Екінші алтылықтың көшбасшысы болып қостанайлық «Тобыл» келеді. Жеңісті жолын жалғап келе жатқан команда XXVІІ турда да қарсыластарына басымдығын танытты. Сырт алаңда өнер көрсеткен команда Оралда «Ақжайықты» жеңді. 7 минутта Менсур Куртиши есеп ашса, Игорь Бугаевдубль авторы атанды. Ал алаң иелері сапынан 78 минутта Павел Черны көзге түсті.

«Ақжайық» (Орал) – «Тобыл» (Қостанай) 1:3 (0:2).
Голдар: 
Куртиши 7 (0:1), Бугаев 21 (0:2), Бугаев 72 (0:3), Черны 78 (1:3).
«АҚЖАЙЫҚ» (Орал): Антонин Бучек, Михаил Любимкин, Бауыржан Омаров, Еркін Тапалов, Руслан Хайров 59 (Хаман Саджо), Якуб Хлебоун, Евгений Коструб, Мейрам Сапанов, Павел Черны, Сергей Шевцов, Алексей Мальцов 54 (Николай Забродин).
«ТОБЫЛ» (Қостанай): Александр Петухов, Ермек Қуантаев, Данияр Мұқанов, Никола Тонев, Бауыржан Байтана, Анатолий Богданов, Виталий Волков, Огнен Красич, Ненад Шливич, Игорь Бугаев, Менсур Куртиши.

ХХVІІ турдан кейінгі турнир кестесі

О Команда Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай
1 Ақтөбе 27 17 5 5 36 − 18 33
2 Астана 27 15 5 7 45 − 32 30
3 Ертіс 27 11 8 8 35 - 28 24
4 Шахтер 27 11 7 9 37 - 33 23
5 Қайрат 27 9 11 7 37 - 33 23
6 Ордабасы 27 10 6 11 28 - 29 21



О Команда  Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс    Голдар Ұпай 
7 Тобыл 27 12 5 10 44 — 29 28
8 Атырау 27 8 9 10 23 — 34 20
9 Тараз 27 6 8 13 26 — 33 17
10 Восток 27 5 11 11 15 — 32 15
11 Жетысу 27 4 14 9 20 — 32 13
12 Ақжайық 27 5 9 13 32 — 45 12

Дайындаған: Ерғали Ердос

Сурет: sports.kz, prosportskz.kz

Ө. Сансызбай