Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Чемпиондар Лигасын кім жеңеді?

Чемпиондар Лигасын кім жеңеді?

Чемпиондар Лигасын кім жеңеді?

2013-2014 жылдың Чемпиондар Лигасында жеңімпаз атануға лайықты командалар қатарында бір емес, бірнеше алпауыттарды атауға болады. Бәрі мықты, бәрі тыңғылықты дайындықпен келген. Сонда да, кім жеңімпаз атануы мүмкін?

"Бавария" жеңімпаз атанады деуге ешкімнің аузы бармайды. Азулы клубтың тізгінін Пеп Гвардиола ұстағалы бері "неміс машинасынан" бақ кете бастағандай. Ойын мәнері жұмсарып бара жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Германияда жаңа "Барселона" түзіліп келе жатқандай әсер қалдырады. Алғашқы әсер болуы да мүмкін, өйткені, испандық маман жаңа жетістіктерге жеткізу үшін барды. Тіпті, күні бұрын баратынын біліп жүрді. "Блаугрананың" бапкерлігінен кеткен соң, арада бір жылды неміс тілін үйренуге, өз әдіс-тәсілін жетілдіруге жұмсаған болар. Шыны керек, қазіргі қадамы көпшілікті қуантпайды.

Немістің екінші алпауыты "Боруссияның" да биылғы аяқ-алысы жаман емес. Мхитариян мен Обмеянг секілді серкелер Гетценің орнын жауып, мықты ұжымға жаңа тыныс беруде. Бапкерлік құрамдағы жандардың жұмысы көңіл қуантады. Тек, бап шаба ма, бақ шаба ма деген сұраққа келгенде, Клопп бапкердің тәлімгерлері жұлдызы жанбайтындай көрінеді...

"Барселонаға" жаңа жаттықтырушы тағайындалғалы бері, "каталондық" клубтың ойын мәнері түсініксіз күйде қалып отыр. Қатарға Неймар келіп қосылғанмен, әзірше Мессидің көлеңкесінде қала тұруды құп алғандай. Дегенмен, айды аспаннан шығарған азулы клуб чемпиондыққа үміткер ме деген сұраққа келгенде, бас қататыны анық. Сөйтсек, "Барселонада" әлі шешуі бітпеген, ойландыратын-толғандыратын мәселелер бар екен.

Бенитес баптаған "Наполидің" ойыны қуантады. Ұжым іші жаңарған соң, "Наполи" аренада ұзаққа шабатын секілді. Игуаин мен Колехан барған соң, тіптен күшейе түскені сөзсіз. Оның үстіне, Бенитес бапкердің әр төрт-бес жылдың бір атын шығарып қоятын әдеті бар. Құдай қолдап жатса, италияндық команданың жартылай финалға шығуға мүмкіндігі бар. 

Чемпиондыққа үміткерлердің санатында "Манчестер Юнайтед" тұр. Қатарға Маруан Феллайни келіп қосылғалы, "қызыл сойқандардың" ескі жарасы біте бастағандай. Өткен жылы қарсылас қаратпаған, алайда, бағы шаппаған алпауыттың осы жылы көп нәрседен дәмесі бар. Мойес бапкердің де біліктілігі шүбә келтірмейді. Ендеше, таңдаулы ұжым финалға шығып жатса, таңғалмаңыз...

"Реалдың" бұл жылы бар шаруасы құрамды реттестірумен кететіндей. Өйткені, кіл мықтының арасында көктемгі алауыздықтан соң көгерген әңгімелер қалып кеткен секілді. Жозе де кетерін білген соң, "корольдік клубты" күйретіп кете барды. Анчелотти бапкер қолдан келгеннің бәрін жасауда. Бэйл келіп қосылды. Айтулы ойыншылар ұжымдық өнер көрсетіп жатса, финалдық бөлікке шығып та қалар...

Автор: Фараби Арыстанбек

Сурет: dailycontributor.com

207 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 01 қазан 2013, 16:03
Пікірлер
+0
01 қазан 2013, 17:21

Барса, Реал, Боруссия және тағы біреу барып қалар :)

+0
01 қазан 2013, 17:48

Баварияның ойыны ақырындап түзеліп келеді. Бірақ былтырғы бабынан әлі де алыс екені рас. Әрі тактика өзгерді. Финал. Боруссия әлі біраз нәрсе көрсетеді, бірақ финалға жете алады деп ойламаймын. Жартылай финал. Барсаны білмедім. Реал екеуі үшінші жыл қатарынан жартылай финалдан тоқтайтын секілді. Бір бірімен кездесіп қалмаса әрине. МЮ биыл тошно чемпион бола алмайды. Бұның да барар жері асып кетсе жартылай финал деп ойлаймын. Оған гарантия. Наполи финалға шығуы мүмкін. Бірақ Бенитес былтыр ғана стрелять етті ғой, биыл топтан шыға алмай қалады деген де ой жоқ емес. Өте мощный топ. Жыл сайын бір фаворит ұшып отырады ғой, сол Наполи болады деген үміттемін))

+0
01 қазан 2013, 18:01

Таке фавориттің бәрін ап тастадың, кім ойнайд финалда?! :D

+0
01 қазан 2013, 18:03

Бавария мен бір выскочка команда. Мүмкін атлетико, мүмкін Наполи, мүмкін челси... Челси мен Бавария шықса риза болар ем :D

+0
01 қазан 2013, 18:07

:lol: :lol: :lol: , реванш десиш. атлетико өтпид. наполи боп қалар. Тек Барсамен. Бава финалда емес ;)

+0
01 қазан 2013, 18:11

Оо жоқ, тек Барса емес :D

+0
01 қазан 2013, 18:06

Бава состав өте мықты, тек ойын жүйесін жөндеу керек сияқты, кім білед, Пептің бір ойлағаны бар шығар. Дортмунд Б шаршап қалмаса сол жартыға барып қалад. МЮ ді мен бұрын сызып тастағам. Реал, Анчеге де уақыт керек. Наполи жақсы ойнап жүр, тек Дортмундқа айтқан пікірім бұларға да келеді, Барсаны финалда көреміз.

+0
01 қазан 2013, 18:14

сенімдісіңғой тегі :lol: доп домалақ, көреміз))

+0
01 қазан 2013, 18:11

Таке дим да, Еламанның құрған "футбол прогнозы" дегенін жандандыру керек сияқты. Өте қызық, мен өзім өзбек сайтында тіркеліп прогноз жасап жүрм, сайттың админдерінен кімдер бар?

+0
01 қазан 2013, 18:13

мен прогнозымды беріп қойдым, сенікін күтеміз)) Негізі менікі сондай боладыдан гөрі, сондай болса екен дегенге келеді. Әйтпесе мен болжағандай көп гол бола қоймасы анық)

+0
01 қазан 2013, 18:17

екеуің отырып ап әңгімені жібересіңдер ә :lol: Ставка тігесіңдер ме? :mrgreen:

+0
01 қазан 2013, 18:22

менікі сенікінен сәл өзгеше болд, бірақ біліп отырм тошны болмайд :roll:

+0
01 қазан 2013, 18:21

Тігіп тігіп тастадық қо, сіздерден күтеміз "ауа райын" :mrgreen:

+0
01 қазан 2013, 18:32

арсеналдыда ойлап қойындар арасында ;)

+0
02 қазан 2013, 05:44

Тап қазіргі ойындарына қарап, Боррусия, Барселона, Арсенал, Атлетико біразға барад деп айтуға болады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев