Премьер-лига. ХХVI тур қорытындысы (видео)

Премьер-лига. ХХVI тур қорытындысы (видео)

Футболдан ел премьер-лигасының  ХХVІ тур ойындары да өз мәресіне жетті.  «Шахтер» өз алаңында «Ақтөбеден» жеңілсе, «Қайрат» сырт алаңда «Ордабасыны» тізе бүктірді. Талғат Байсуфинов шәкірттері «Астанаға» қарсы қауқар таныта алмады.

«Астана» - «Ертіс»


«Астана» бұл маусымның алтын жүлдесіне қол созып келе жатқан команда. Йоан Андоне баптайтын ұжым соңғы кездесулерінде жеңіске жетіп келеді. Соның арқасында көш басындағы «Ақтөбемен» ұпайларын теңестіріп алды.

Ұлықбек Бақаев бастаған керекулік команда жейдесін киген жігіттер кездесуді тәп-тәуір бастаған-ды. Алайда алғашқы 10 минуттан кейін алаң иелері кездесуді өз қолдарына ала бастады. Оң қанат пен сол қанатты бірдей іске қосқан елордалық ұжым қонақтардың қақпасына қауіп төндіре бастады. Бұл 14 минутта-ақ өз нәтижесін берді. Кездесуде Елдос Ахметов есеп ашты. 33 минутта Виктор Димитриенко есепті 2:0-ге жеткізген. Араға 2 минут сала Игорь Юрин есепті қысқартқан. Екінші таймда алаң иелерінің сапынан Твумаси мен Сисеру көзге түссе, қонақтар қатарынан Сергей Струков бір допты еншісіне жазды. осылайша Йоан Андоне баптайтын елордалық команда көш басындағы орнын сақтап қала алды.

«Астана» — «Ертіс» 4:2 (2:1).
Голдар: Ахметов, 12 (1:0). Дмитренко, 32 (2:0). Юрин, 33 (2:1). Твумаси, 48 (3:1). Сисеру, 53 (4:1). Струков, 88 (4:2).
Сары қағаз алғандар: Сисеру 20, Игорь Юрин 29, Владислав Чернышов 81.

«Астана»: Ненад Эрич, Елдос Ахметов, Абзал Бейсебеков, Виктор Дмитренко, Луис Рикардо Зелао да Силва, Қайрат Нұрдәулетов 71 (Сергей Остапенко), Фокси Кетевоама 56 (Марат Шахметов), Ұлан Қонысбаев 64 (Дамир Кояшевич), Валерий Коробкин, Сисеру Казимиро, Патрик Твумаси.

«Ертіс»: Вячеслав Котляр, Бақдәулет Қожабаев, Штепан Кучера, Альмир Мухутдинов, Владислав Чернышов, Евгений Аверченко 59 (Дмитрий Шомко), Предраг Говедарица, Сергей Иванов, Павел Шабалин 64 (Қуаныш Бегалин), Ұлықбек Бақаев 72 (Сергей Струков), Игорь Юрин.

"Шахтер" - "Ақтөбе"


Виктор Кумыков баптайтын қарағандылық ұжым соңғы кездесулерінде "Ақтөбені" жеңе алмай келеді. ХХVІ турда да Владимир Никитенко командасынан айлаларын асыра алмады. Еуропа лигасында өнер көрсететін алаң иелері негізгі құрамда өнер көрсетпеді. Сонда да қонақтарды жеңуіне болатын еді. Егер бірнеше мүмкіндіктерін сәтті пайдаланғанда. Есесіне Сергей Давыдовтың пасын сәтті пайдаланған Сергей Гридин кездесудегі жеңіс голын соқты. Осылайша батысқазақстандық команда маңызды кездесуде жеңіске жетіп, 3 ұпайды еншілеп қайтты. 

«ШАХТЕР» – «АҚТӨБЕ» 0:1 (0:0)

 Гол: Сергей Гридин 60 (0:1).

Сары қағаз алды: Алдин Джидич 26,

«Шахтер» (Қарағанды): Александр Мокин 46 (Сергей Ткачук),  Бақыт Әбуов, Алдин Джидич 46 (Роджер Каньяс) , Сергей Малый, Евгений Тарасов, Владислав Ахмеев, Мақсат Байжанов, Асхат Борантаев, Вадим Боровский 76 (Илья Погибелко), Аслан Дарабаев, Игорь Зенькович.

«Ақтөбе»: Андрей Сидельников, Роберт Арзуманян, Петр Бадло, Юрий Логвиненко 88 (Саанат Шалкенов), Роберт Альфред Джуниор Примус, Тимур Кападзе 85 (Сергей Лисенков), Андрей Харабара, Абат Аймбетов, Александр Гейнрих, Сергей Гридин, Сергей Давыдов 66 (Асхат Тағыберген).

"Ордабасы" - "Қайрат"


Виктор Пасулько шәкірттері өз алаңында сәтті өнер көрсететін командалардың санатына жатады. Алайда ХХVІ турда алаң иелерінің жолы болмады. Алғашқы таймда Эдин Юнузовичтің баспен соққан голынан кейін "Ордабасы" жеңіске жетіп шыққан болатын. Екінші таймда алматылық команданың бас бапкері Владимир Вайсс шәкірттеріне дұрыс ойын тактикасын ұстанудың жолын тауып бергенін байқата білді. 58 минутта алаң иелері қорғаушыларының қателігінен кейін гамбиялық шабуылшы Момоду Сиссей есепті теңестірді. 73 минутта хорват Йосип Кнежевич қонақтарды алға шығарып кетті. Осылайша 22 ұпай жинаған "Қайрат" командасы ІІІ орынға көтерілді.

Кездесудегі статистика:

Доп ұстау басымдығы: 50% — 50%
Қақпаға соққы: 12 — 8
Қақпаға дәл соққы: 6 — 3
Ойын ережесін бұзу: 23 — 25
Офсайдтар: 1 — 9
Бұрыштама: 7 — 1
Сары қағаз: 3 — 2
Ойыншы алмасу: 3 — 2.

"Тобыл" - "Тараз"

 

«Тобыл» (Қостанай) – «Тараз» 2:0 (1:0).
Голдар: Бугаев, 3 (1:0), Жумаскалиев, 77 (2:0).
Пенальтиді орындай алмады: 
Игорь Бугаев 90.
Сары қағаз алды: 
Мақсат Әмірханов 72.

«Тобыл» (Қостанай):  Александр Петухов, Ермек Қуантаев, Нұртас Кургулин, Никола Тонев, Бейбіт Әбішов 65 (Әлішер Сүлей), Анатолий Богданов, Виталий Волков, Огнен Красич, Ненад Шливич, Игорь Бугаев, Менсур Куртиши 46 (Нұрбол Жұмасқалиев).

«Тараз»: Рамиль Нұрмухаметов, Мақсат Әмірханов 77 (Жақып Қожамберді), Илья Воротников, Дмитрий Евстигнеев, Александр Кучма, Ерсін Мехмедович, Абдулла Диакате, Николай Нестеренко, Эдуард Сергиенко, Сергей Скорых, Тити Эссомба 77 (Константин Заречный).

"Жетiсу" - "Ақжайық"

«Жетiсу» (Талдықорған) – «Ақжайық» (Орал) 0:3 (0:2).
Голдар: Черны, 27 (0:1). Коструб, 30 (0:2). Черны, 88 (0:3).
Сары қағаз алды: Марко Джалович, 76, Владимир Яковлев, 80, Захар Коробов, 90.
Алаңнан қуылды: Мехмедалиджа Кович, 45

«Жетісу» (Талдықорған): Андрей Пасеченко, Марко Жалович, Мехмедалиджа Кович, Захар Коробов, Дауренжан Эргашев, Руслан Эсатов, Дмитрий Мамонов 59 (Саят Сариев), Руслан Мельзиддинов, Шавкат Саломов 46 (Владимир Яковлев), Абылайхан Тотай, Иван Перич 36 (Мұрат Тілешов).

«Ақжайық» (Орал): Антонин Бучек, Михаил Любимкин, Бауыржан Омаров, Еркін Тапалов, Руслан Хаиров 83 (Хаман Саджо), Якуб Хлебоун, Елдар Әбдрахманов,Евгений Коструб, Мейрам Сапанов, Павел Черны, Сергей Шевцов.

"Атырау" - "Восток"

«Атырау» — «Восток» 1:0 (0:0)
Гол: Щеткин 56
Ескертулер: Абдулин,Фомичев, АбуБакр, Сохна 
«Атырау»: Шабанов, Чуреев, Куцов, Абдуллин, Самченко, Нурыбеков, Голич, Миланкович, Данилюк (Пейкришвили-46), Щеткин (Родионов-69), Иняц (Татишев-81)
«Восток»: Акбаралиев (Абрамов-34), Комарек, Фомичев, Мур, Ерланов, Алиев, Санчез, Сохна, Костюк (Суюмагамбетов-67), Досмагамбетов, Эрбес (Абу Бакр-44)
Бас төреші: Абданбаев (Тараз), Қошқаров (Алматы), Орынбаев (Шымкент)
14 қыркүйек. Атырау. «Мұнайшы» стадионы, 3500 көрермен.

ХХVІ тур ойындарының видеорепортажы


 Турнир кестесі

  Командалар   Ойын  Жеңіс Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1  АСТАНА 26 15 5 6 45-30 30
2  АҚТӨБЕ 26 16 5 5 34-18 30
3  ҚАЙРАТ 26 9 10 7 34-30 22
4  ШАХТЕР 26 11 6 9 34-30 22
5  ЕРТІС
26 10 8 8 32-28 21
6  ОРДАБАСЫ 26 10 6 10 28-26 21

 

7-12 ОРЫН.

 

7  ТОБЫЛ 26 11 5 10 41-28 25
8  АТЫРАУ 26 8 8 10 22-33 19
9  ТАРАЗ 26 6 7 13 25-32 16
10  ВОСТОК 26 5 10 11 15-32 14
11  АҚЖАЙЫҚ 26 5 9 12 31-42 12
12  ЖЕТІСУ 26 4 13 9 20-32 12

Автор: Ерғали Ердос

Сурет: sportinfo.kz, vesti.kz

Ө. Сансызбай