Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Еуромаусым. Бэйл алғашқы кездесуінде гол соқты (видео)

Еуромаусым. Бэйл алғашқы кездесуінде гол соқты (видео)

Еуромаусым. Бэйл алғашқы кездесуінде гол соқты (видео)

Ағылшын премьер-лигасы


«Манчестер Юнайтед» - «Кристал Пэлас»

«Қызыл сойқандарды» өз алаңында өткізген бұл кездесуіне сэр Алекс Фергюсон қонақ болып келді. Алаңға жиналған 75000-нан астам жанкүйер «Олд Трафордтағы» сүйікті командасына барынша қолдау көрсетумен болды.

Кездесудің алғашқы таймы аяқталар тұста қонақтар қатарынан жартылай қорғаушы Кахишо Дикхачои өз айып алаңында ойын ережесін бұзды. «Кристал Пэлас» қақпасына пенальти белгіленіп, оңтүстік африкалық футболшы алаңнан қуылды. 11 метрлік айып добын Робин ван Перси сәтті орындады. 62 минутта команда қатарын жаңадан толықтырған Маруан Феллайни өзінің алғашқы кездесуіне шықты. Қонақтар қақпасына екінші гол да стандартты жағдайдан кірді. 80 минутта Руни айып соққысын шиіре теуіп таблодағы есепті еселеді. 7 ұпай жинаған Дэвид Мойес шәкірттері 5-ші орынға тұрақтап отыр.


«Сандерленд» - «Арсенал»


«Стадиум оф Лайт» стадионында қонақта болған «канонирлер» 1:3 есебімен қарсыластарынан басым түсті. «Арсенал» сапында алғашқы кездесуіне шыққан Месут Озил лондондық клуб сапындағы кездесуін сәтті бастады. 11 минутта «Реалдан» ауысып келген жартылай қорғаушының арқасында Оливье Жиру есеп ашты.  Тегі түрік неміс футболшысы бұдан кейінгі сәттерде де аянып қалмады. 75 минутта Аарона Рэмзидың соққан голына да Месуттың септігі тиді.

«Эвертон» - «Челси»


Бұл турдың орталық кездесуі саналған «Эвертон» мен «Челси» арасындағы кездесуде ливерпульдік команда жеңіске жетті. Жеңіс голын алаң иелерінің сапынан жартылай қорғаушы Найсмит соқты. Ал «Челси» қатарына жақында ғана ауысып келген Самуэль Это О-ның алғашқы кездесуі  сәтсіз басталды. «Эвертон» футбол клубын өткен маусымда «Гудисон Парк» алаңында ұтқан жалғыз команда «Челси» болатын, бұл жолы Жозе Моуринью шәкірттерінің ол жетістікті қайталауларына шамасы жетпеді.

Өзге кездесулер нәтижелері:

Астон Вилла 1 - 2 Ньюкасл

Фулхэм 1 - 1 Веси Бромбич

Халл Сити 1 - 1 Кардифф

Сток Сити 0 - 0 Манчестер Сити

Тоттенхэм 2 - 0 Норвич

Саутгемптон 0 - 0 Вест Хэм

Турнир кестесі

    Командалар Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар +- Ұпай
1.
 
Ливерпуль
3 3 0 0
3:0
+3
9
2.
Арсенал
4 3 0 1
8:5
+3
9
3.
Тоттенхэм
4 3 0 1
4:1
+3
9
4.
Манчестер Сити
4 2 1 1
8:3
+5
7
5.
Манчестер Юн
4 2 1 1
6:2
+4
7
6.
Челси
4 2 1 1
4:2
+2
7
7.
Сток Сити
4 2 1 1
3:2
+1
7
8.
Ньюкасл
4 2 1 1
3:5
-2
7
9.
Эвертон
4 1 3 0
3:2
+1
6
10.
Вест Хэм
4 1 2 1
2:1
+1
5
11.
Саутгемптон
4 1 2 1
2:2
0
5
12.
Кардифф
4 1 2 1
4:5
-1
5
13.
Фулхэм
4 1 1 2
3:5
-2
4
14.
Норвич Сити
4 1 1 2
3:5
-2
4
15.
Халл Сити
4 1 1 2
2:5
-3
4
16.
Астон Вилла
4 1 0 3
5:6
-1
3
17.
 
Суонси Сити
3 1 0 2
3:5
-2
3
18.
Кристал Пэлас
4 1 0 3
4:6
-2
3
19.
Вест Бромвич
4 0 2 2
1:4
-3
2
20.
Сандерленд
4 0 1 3
3:8
-5
1

Турнир көшін бастап келе жатқан «Ливерпуль» бүгін «Суонсиде» қонақта болады.

Үздік сұрмергендер:

  Ойыншы Ұлты Командасы О Г(пен)
1.
4 4(0)  
2.
4 4(1)  
3.
3 3(0)  
4.
4 3(1)  

Бундеслига


«Бавария» - «Ганновер-96»

 Мюнхендік команда бұл кездесуде жеңіске жететініне көптеген футбол мамандары мен жанкүйерлер сенімді қараған болатын. Бұл сенімді Хосеп Гвардиола шәкірттері алғашқы таймда ақтап шықпаса да, екінші таймда дәлелдеп, қарсыластарынан екі доп басымдығымен жеңіске жетті.  51 минутта хорват Марио Манджукич есеп ашып, бұл маусымдағы 3-ші голын соқты. Араға 13 минут сала 2012/2013 маусымдағы Еуропаның үздік футболшысы атанған Франк Рибери есепті еселеді. «Бавария» әзірге өткен турдағы тең кездесуінен кейін дортмундтық «Боруссиядан» екі ұпай қалып келеді.


«Боруссия Д» - «Гамбург»


Юрген Клопп командасы үшін трансфер маусымы сәтті өткені айдан-анық. Дортмундтық ұжым сапын толықтырған Гейнрих Мхитарян мен Обамеянг бундеслига кездесулерінде керемет көзге түсуде. Бұл дегенің футболшыларға шығындалған қаржының желге ұшпағанының дәлелі. V турдағы кездесуде де екі футболшы барынша көзге түсті.

Өз алаңында «Гамбургпен» кездескен Юрген Клопп командасы қарсыластарынан 6:2 есебімен басым түсті. Обамеянг пен Роберт Левандовски еншілеріне екі доптан жазса, Мхитарян мен Ройс бір-бір голдан соқты. Ал қонақтар есепті теңестіруге дейін шамалары жеткенімен 70 минуттан аса алаң иелері соққыны қарша боратып, үлкен есеп айырмасымен кездесуді аяқтауға асықты. Бұл маусымдағы бундеслигада үлкен есеп айырмалары бірнеше рет тіркелді. Алғашқы турда «Герта» «Айнтрахт Ф» 6:1 есебімен жеңсе, өткен турда «Штуттгарт» «Хоффенхаймды» 6:2 есебімен жеңген болатын.


Өзге кездесулер нәтижелері:

Герта 0 - 1 Штутгарт

Байер 3 -1 Вольфсбург

Вердер 0 - 3 Айнтрахт Ф

Майнц 0 - 1 Шальке-04

Аугсбург 2 - 1 Фрайбург 

Хоффенхайм 2 - 1 Боруссия М

Айтрахт Бр 1 - 1 Нюрнберг

Турнир кестесі

    Командалар Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар +- Ұпай
1.
 
Боруссия Д
5 5 0 0
15:4
+11
15
2.
 
Бавария
5 4 1 0
9:2
+7
13
3.
Байер
5 4 0 1
11:6
+5
12
4.
Ганновер-96
5 3 0 2
8:7
+1
9
5.
 
Майнц
5 3 0 2
8:8
0
9
6.
Аугсбург
5 3 0 2
5:7
-2
9
7.
Хоффенхайм
5 2 2 1
14:13
+1
8
8.
Герта
5 2 1 2
9:6
+3
7
9.
Шальке-04
5 2 1 2
7:9
-2
7
10.
Штутгарт
5 2 0 3
10:8
+2
6
11.
Боруссия М
5 2 0 3
11:10
+1
6
12.
Вольфсбург
5 2 0 3
7:7
0
6
13.
Айнтрахт Ф
5 2 0 3
7:9
-2
6
14.
Вердер
5 2 0 3
3:8
-5
6
15.
Гамбург
5 1 1 3
10:15
-5
4
16.
Нюрнберг
5 0 3 2
5:8
-3
3
17.
Фрайбург
5 0 2 3
7:11
-4
2
18.
 
Айнтрахт Бр
5 0 1 4
2:10
-8
1

 

 

Үздік сұрмергендер Ұлты Командасы Ойын Г(пен)
1.
5 5(1)  
2.
5 5(0)  
3.
5 5(0)  

Ла-Лига


«Вильярреал» - «Реал»

«Вильярреал» бұл маусымды сәтті бастады. Ла-Лигаға орала сала, «Валенсиямен» өткізген жолдастық кездесуінен кейін-ақ бұл команда 2013/2014 маусымда сәтті өнер көрсетуі мүмкін командалардың тізіміне іліккен-ді. Мұны Марселино Гарсия Тораль шәкірттері алғашқы турдан бастап-ақ дәлелдеп келеді.

«Реал» әлі де болса өз ойынын таба алмай келе жатқандай сыңай танытуда. Жүйелі тактикалы ойынымен жанкүйерін таңдандырды деп баға бере алатын дәрежеде өнер көрсете алмай отыр. Себеп неде? Карло Анчелотти жаңадан келген Гарет Бэйлды күтті ме? Бәлкім алдағы уақытта көкейдегі өз жоспары арқылы «Реалды» басқа қырынан танытар. Оны көре жатармыз...

«Эль-Мадригал» стадионында өткен кездесуде алаң иелері бірінші болып есеп ашты. Араға 17 минут сала өзінің алғашқы кездесуінде Гарет Бэйл гол соғып, есепті теңестірді. Екінші таймның белортасы ауа алаңға Сами Хедира мен Ди Марияның шығуымен «корольдік клуб» шабуылына жан кіргендей болған. 63 минутта Криштиану Роналду «Реалды» алға шығарған. Алайда қонақтар қайтадан есепті теңестіріп кетті. 69 минутта көзге түскен – дос Сантос. Кездесуде «Реал» қақпашысы Диего Лопес те ерекше ойынымен көзге түсті. Бірнеше рет командасын голдан құтқарып қалды. Ал қосалқы құрамда отырған Икер Касильяс Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясындағы алғашқы «Галатасарайға» қарсы кездесуде алаңға шығады деп күтілуде.

«Барселона» - «Севилья»


«Камп Ноуда» өткен кездесу көпшіліктің есінде көпке дейін сақталары анық. «Барселона» өз алаңында «Севильяға» қарсы сенімді кездесу өткізді. 36 минутта Дани Алвеш есеп ашқаннан кейін, 76 минутта Лионель Месси есепті еселеді. Алда 15 минуттай уақыт қалған-ды. Каталондық ұжым жеңіске жететініне сенімді болғандай еді, алайда бар-жоғы 10 минутта қонақтар есепті теңестіріп кетті. Төреші қосқан қосымша уақытта алаң иелері 3 ұпай үшін күресін қайта бастады. Кездесудің соңғы секундтарында Мессидің шеберлігінің арқасында Алексис Санчес гол соғып, жеңіске бастар жолды таба білді.


Ла-Лигадағы IV турда ең ірі есеп айырмасы «Малага» мен «Райо Вальекано» арасындағы кездесуде орын алды. Алаң иелері қарсылас қақпасына жауапсыз 5 допты тоғытты. Эль-Хамдауи осы кездесуде хет-трик авторы атанды.

«Атлетико М» өз алаңында «Альмериядан» 4:2 есебімен басым түсті.


Өзге кездесулер нәтижелері:

Леванте 0 - 0 Реал Сосьедад

Гранада 0 - 1 Эспаньол

Хетафе 2 - 1 Осасуна

Бетис 3 - 1 Валенсия

(Қалған екі кездесу бүгін жалғасын табады)

Турнир кестесі

    Командалар Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар +- Ұпай
1.
Атлетико М
4 4 0 0
14:4
+10
12
2.
Барселона
4 4 0 0
14:4
+10
12
3.
 
Вильярреал
4 3 1 0
10:5
+5
10
4.
 
Реал
4 3 1 0
8:4
+4
10
5.
Эспаньол
4 2 2 0
6:3
+3
8
6.
 
Атлетик Б
3 2 0 1
5:4
+1
6
7.
 
Сельта
3 1 2 0
5:4
+1
5
8.
 
Реал Сосьедад
4 1 2 1
4:3
+1
5
9.
Леванте
4 1 2 1
2:8
-6
5
10.
Малага
4 1 1 2
7:4
+3
4
11.
Бетис
4 1 1 2
5:5
0
4
12.
Гранада
4 1 1 2
3:4
-1
4
13.
Хетафе
4 1 1 2
4:6
-2
4
14.
 
Вальядолид
3 1 0 2
3:4
-1
3
15.
Валенсия
4 1 0 3
5:9
-4
3
16.
Райо Вальекано
4 1 0 3
4:12
-8
3
17.
 
Эльче
3 0 2 1
3:6
-3
2
18.
Альмерия
4 0 2 2
8:11
-3
2
19.
Севилья
4 0 2 2
5:8
-3
2
20.
 
Осасуна
4 0 0 4
2:9
-7
0

Үздік сұрмергендер:

  Ойыншы Ұлты Командасы О Г(пен)
1.
3 6(1)  
2.
4 4(1)  
3.
4 4(0)  





Серия А

«Интер» - «Ювентус»

Италияның Серия А-сының орталық кездесуі саналған миландық «Интер» мен туриндік «Ювентус» арасындағы тартыс тең аяқталды. 73 минутта «Интер» сапынан Мауро Икарди есеп ашқанымен, араға 2 минут сала туриндік команда мінезін танытып есепті теңестірді. Кездесу алдында біз Артур Видальдан көз жазып қалмасақ болды деген миландық ұжымның қорқынышы шындыққа жанасты. Артур Видаль есепті теңестірді. Осылайша қос алып тең тарқасты.

«Торино» - «Милан»


Массимилано Аллегри баптайтын «Милан» командасы сырт алаңда «Ториноға» есе жіберуге шақ қалды. Негізгі құрамда алаңға шыққан Кака да командасына толық көмектесе алмады. 70 минутта бразилиялық шабуылшының орнын Вальтер Бирса басты. 87 минутқа дейін екі доп айырмасымен жеңіліп келген миландық ұжым кездесу аяқталар тұста есепті теңестіріп кетті. «Милан» сапынан Суллей Мунтари мен Марио Балотелли көзге түсті. Сонымен қатар қонақтар сапынан Андреа Поли мен Рикардо Монталиво жарақат алса, алаң иелерінің футболшысы Марсело Ларрондо да дәрігерлік көмекке жүгінуге мәжбүр болып кездесуді аяқтады.

Италия Серия А-сының көш басында неапольдық «Наполи» келеді. Рафаэль Бенитес шәкірттері ІІІ турда өз алаңында «Аталантаны» 2:0 есебімен жеңді. Команда сапына осы жазда ауысып келген «Реал» футболшылары Гонсало Игуаин мен Хосе Кальехон мергендік танытты.

Өзге кездесулер нәтижелері:

Фиорнтина 1 - 1 Кальяри

Верона 2 - 0 Сассуоло

Лацио 3 - 0 Кьево

Ливорно 2 - 0 Катания

Удинезе 1 - 1 Болонья

Сампдория 0 - 3 Дженоа

Турнир кестесі

    Командалар Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар +- Ұпай
1.
 
Наполи
3 3 0 0
9:2
+7
9
2.
Интер
3 2 1 0
6:1
+5
7
3.
Фиорентина
3 2 1 0
8:4
+4
7
4.
Ювентус
3 2 1 0
6:2
+4
7
5.
 
Рома
2 2 0 0
5:0
+5
6
6.
Ливорно
3 2 0 1
6:3
+3
6
7.
Лацио
3 2 0 1
6:5
+1
6
8.
Верона
3 2 0 1
4:4
0
6
9.
Милан
3 1 1 1
6:5
+1
4
10.
Удинезе
3 1 1 1
5:4
+1
4
11.
Торино
3 1 1 1
4:4
0
4
12.
Кальяри
3 1 1 1
4:5
-1
4
13.
Аталанта
3 1 0 2
3:4
-1
3
14.
Дженоа
3 1 0 2
5:7
-2
3
15.
Болонья
3 0 2 1
3:6
-3
2
16.
 
Парма
2 0 1 1
1:3
-2
1
17.
Сампдория
3 0 1 2
2:6
-4
1
18.
Кьево
3 0 1 2
2:7
-5
1
19.
Катания
3 0 0 3
1:7
-6
0
20.
 
Сассуоло
3 0 0 3
1:8
-7
0

Үздік сұрмергендер:

  Ойыншы Ұлты Командасы О Г(пен)
1.
3 4(0)  
2.
3 3(0)  
3.
3 3(0)  
4.
3 3(0)


Лига 1


«Бордо» - «ПСЖ»

«Бордо» өз алаңында барын салғанымен, «ПСЖ-ны» жеңе алмады. 30 минутта өз қақпаларына гол жіберіп алды. 64 минутта Марко Вератти асырған пасына сәтті пайдаланға Лукас Моура есепті 2:0-ге жеткізіп, 3 ұпайды қанжығаларына байлап қайтты.

«Монако» - «Лорьян»

Өзге кездесулер нәтижесі:

Тулуза 1 - 1 Марсель

Аяччо 2 - 3 Эвиан

Генгам 1 - 1 Бастия

Монпелье 0 - 0 Реймс

Нант 1 - 0 Сошо

Валансьен 1 - 3 Сент-Этьен

Лилль 0 - 2 Ницца

Лион 0 - 0 Ренн

Турнир кестесі

    Командалар Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар +- Ұпай
1.
 
Монако
5 4 1 0
9:2
+7
13
2.
Сент-Этьен
5 4 0 1
7:3
+4
12
3.
ПСЖ
5 3 2 0
8:3
+5
11
4.
Марсель
5 3 1 1
8:4
+4
10
5.
 
Ренн
5 2 2 1
5:4
+1
8
6.
 
Реймс
5 2 2 1
4:3
+1
8
7.
Ницца
5 2 2 1
6:7
-1
8
8.
 
Лион
5 2 1 2
8:4
+4
7
9.
Нант
5 2 1 2
5:4
+1
7
10.
Бастия
5 2 1 2
5:5
0
7
11.
Эвиан
5 2 1 2
7:8
-1
7
12.
Лилль
5 2 1 2
3:4
-1
7
13.
Монпелье
5 1 3 1
6:8
-2
6
14.
Лорьян
5 2 0 3
3:5
-2
6
15.
Генгам
5 1 1 3
4:7
-3
4
16.
Бордо
5 1 1 3
3:7
-4
4
17.
 
Аяччо
5 0 3 2
3:5
-2
3
18.
Валансьен
5 1 0 4
4:7
-3
3
19.
Тулуза
5 0 3 2
3:7
-4
3
20.
Сошо
5 0 2 3
3:7
-4
2

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballtop.ru, sportbox.ru, sport-xl.net
3436 2
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 16 қыркүйек 2013, 02:40
Пікірлер
+0
16 қыркүйек 2013, 16:30

Боруссия Атлетико Мадрид звезды 2014 года

+0
16 қыркүйек 2013, 21:10

Боруссия Д, Арсенал, Реал!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев