Әлем чемпионаты іріктеуіндегі үздіктер

Әлем чемпионаты іріктеуіндегі үздіктер

Жақында ғана 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің кезекті кездесулері мәресіне жетті. Осы кездесулерден кейін Еуропада тіркелген нәтижелер жайлы аз-кем сөз қозғамақпыз...

Кәрі құрлықтың 53 мемлекетінің ұлттық құрамалары бақ сынап жатқан додада командалар 9 топқа бөлініп өнер көрсетуде. Іріктеу кезеңінің аяқталуына да көп топтарда екі ғана кездесу қалды. Ал осыған дейін өз тобынан үздік шыққандар 2014 жылы Бразилияда өтетін «мундиальға» жолдама алып үлгерген де болатын. Жолдама алған 9 құрама жайлы осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Өз тобының фавориттері саналған Германия, Бельгия және Нидерланды ұлттық құрамалары іріктеу кезеңі аяқталмай жатып-ақ жолдаманы қанжығаларына байлады. Үш ұжым да 8 кездесуден кейін 22 ұпай жинап, 1 кездесулерін тең нәтижемен аяқтап отыр. ( Бельгия – Хорватия 1:1, Германия – Швеция 4:4, Нидерланды – Эстония 2:2). Ал ең көп жеңіске жеткен ұжымдар да осы үш құрама болып отыр.

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде ең көп тең кездесулер өткізген - Әзірбайжан құрамасы. Олар 8 кездесудің 5-iнде тең нәтижеге қол жеткізген. Ал Армения, Уэльс, Мальта, Словения, Ресей және әлі де бірде-бір ұпай иеленбеген Андорра, Сан-Марино мен Фарер аралдары әлі де тең кездесу өткізбеген.

Сегіз ұлттық құрама іріктеу кезеңінде жеңіліссіз келеді. Атап айтар болсақ, Бельгия, Италия, Германия, Нидерланды, Швейцария, Англия және Испания командалары. Тек қана «F» тобындағы командалардың барлығы жеңілістің ащы дәмін сезген.

Қарсылас қақпасына ең көп гол салған – Германия құрамасы болып отыр. Олар «С» тобындағы 8 кездесуінен кейін 28 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.  

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы кездесулерде нәтижелі ойындарымен ерекшеленіп, өз қақпасына аз гол өткізген құрамалардың қатарына Бельгия мен Испания құрамалары еніп отыр. Бельгия 8 кездесуден кейін, ал Висенте дель Воске шәкірттері 6 кездесуден кейін өз қақпаларына небәрі 2-ақ гол жіберген.

Іріктеу кезеңінде әлі де гол соға алмай келе жатқан ұлттық құрама бар. Ол – Андорра командасы. Осыған дейін Андоррамен қатар, гол соға алмай келе жатқан Сан-Марино жігіттері соңғы кездесулерінде Польша қақпасында доп тулатты. Бұл Аппенин түбегінің өкілдерінің бес жыл күттірген голы. Есесіне Сан-Марино құрамасы іріктеу кезеңінде ең көп гол жіберген команда. Олар өз қақпасынан 43 рет доп алып шығуға мәжбүр болыпты. Мұны әр кездесуге шаққанда 5,4 допты құрайды.

2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының Еуропадағы іріктеу кезеңінің үздік сұрмергендері кімдер? Бұл көшті Босния және Герцеговина құрамасының («Тоттенхэм») шабуылшысы Эдин Джеко мен Робин ван Перси (Нидерланды) бастап келеді. Үштікті Израиль құрамасының шабуылшысы Томер Хемед («Мальорка») қорытындылап отыр.

1.
7 8(2)  
2.
8 8(0)  
3.
4 6(0)  
4.
8 6(3)  
5.
8 6(0)  
6.
4 5(1)  
7.
6 5(1)  
8.
6 5(0)  
9.
6 5(1)  
10.
8 5(0)  

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: trend.az, blogosport.ru 

Ө. Сансызбай