Ағылшын Премьер-лигасының ең қымбат клубтары

Ағылшын Премьер-лигасының ең қымбат клубтары

Ағылшын Премьер-лигасының ең қымбат клубы болып лондондық «Челси» танылды. Роман Абрамовичтың командасының жалпы құны 475.8 млн евроны құраған. Лондондық "ақсүйектердің" ең қымбат ойыншысы ретінде Испания құрамасының 25 жастағы жартылай қорғаушысы Хуан Матаның есімі аталады. 

Екінші орында «Манчестер Сити» тұр - 469.8 млн евро, ал команданың испандық жартылай қорғаушысы Давид Силва мен аргентиналық сұрмерген Серхио Агуэро ең бағалы ойыншылары (40 млн евро).

Премьер-лиганың үздік үштігін Англияның чемпионы «Манчестер Юнайтед» қорытындылайды – 412 млн евро. Команданың ең бағалы ойыншысы болып Англия құрамасының 27 жастағы шабуылшысы Уэйн Руни табылған (50 млн евро).

Ағылшын Премьер-лигасының ең бағалы футболшылары (Transfermarkt ұсынады)

1. «Челси» 475.8 млн евро

2. «Манчестер Сити» 469.8 млн евро

3. «Манчестер Юнайтед» - 412 млн евро

4. «Арсенал» - 343 млн евро

5. «Тоттенхэм» - 293.5 млн евро

6. «Ливерпуль» 275.5 млн евро

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: sport.news.am

Л. Лига