Ағылшын премьер-лигасы

Ағылшын премьер-лигасы

Ағылшын примьер-лигасының биылғы аяқ-алысы жаңа сүрлеу салмақ. Бұлай деп айтуымыздың себебі, алпауыт командалар мен азуы қарыс клубтар жаңа ойыншылар сатып алып, жаңа жүйе құруда. Лондондық "Арсенал" трансферлік ауысымның соңғы күнінде Месут Озилді сатып алды. "Тоттенхэм" басшылығы бірнеше жақсы ойыншыларға құда түсті. Ашынған "Ливерпуль" ашыла түсіп, Стивен бастаған жігіттер үздіктер қатарына қосылуға дәмелі. Бәрін айт та, бірін айт, биылғы ағылшын біріншілігі несімен ерекше?

Алдымен, "Челсиге" оралған Жозе Моуриньюды айтпай тұра алмаспыз. "Корольдік клубты" өрге сүйреген білікті маман Лондонға қайта оралған болатын. Фрэнки бастаған, Терри қостаған жігіттер жаңа маусымда топ жармақшы. Топ жарып жатса, таңғалмаңыз. "Ақсүйектердің" сапында "сен тұр, мен тебейін" ойыншылар кез келген соқпаққа түсуге дайын. Тек, Жозе дұрыс бағыт сілтесе болғаны. 

Венгердің тәлімгерлері өсіп-өніп, шеберлік шыңында шындалып қалғандары көрініп тұр. Уолкотт пен Жирулар жылдамдыққа құрылған футболда ешкімге есе жібермек емес. Озил келіп қосылған күннен бастап лондондықтарды жеңімпаздар қатарына қосып отырған да бар. 

"Тоттенхэм" жылдамдыққа құрылған, алып-ұшпа дәстүрлі ойынын түрлендіруде. Виллаш-Боаш бапкер жаңа маусымда жаңа ойыншыларға арқа сүйейтін секілді. Вильям Галлас, Скотт Паркер сынды аға ойыншылармен хош айтысты да, Роберто Сольдадо, Паулиньо, Эрик Ламелаларды алдыртты. Ұжымның мұншалық өзгерісі Виллаш-Боаштың ойлағанын жүзеге асырар деген ойдамыз. 

"Манчестер Юнайтед" сапына Феллайни келді. Мойес бапкер орталықтағы олқылықтың орнын толтырғандай болып отыр. Шындап келгенде, 25 жастағы белгиялық жігіт "қызыл сойқандардың" көшбасшы ойыншыларының біріне айналып шыға келері сөзсіз. Ол жағынан күмән болмасын. Бар күмән, "Манчестер" биыл да чемпион бола ала ма? 

"Ливерпуль" клубы маусым алдында үздіктер қатарына қосылуға тілек-ниетті екендіктерін жеткізген. Стивидің артынан ерген жігіттер аңыз-тірлікті қайта оралтпақ. Бірнеше жылдар бұрын Еуропаны аузына қаратқан алпауыт команда Филиппе Коутиньо, Коло Туре, Дэниел Старридждерге сенім артатын болады. 

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет: pixelsport.ru   

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс