Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Еуропа Лигасы аясында "Шахтер" қандай стадиондарда ойнайды?

Еуропа Лигасы аясында "Шахтер" қандай стадиондарда ойнайды?

Еуропа Лигасы аясында

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасының аясында ПАОК, АЗ Алкмаара және Маккаби командаларына қарсы сырт алаңдағы кездесулерін өткізу үшін Грекия, Голландия және Израиль елдеріне сапарға аттанатын болады. Осыған байланысты аталған клубтардың стадиондарымен толығырақ танысуды жөн көрдік.

Қарағандылықтардың қарсыластарының ішінде ең үлкен стадионға ПАОК клубы ие екен: Стадионның сыйымдылығы – 28 701 адам. Ал ең ескі стадион ретінде «Маккабиді» айтуға болады. Ол 1955 жылы бой көтеріпті. 

"Тумба" стадионы. Салоники, Грекия:

Стадионның ресми атауы – ПАОК стадионы. Ол Салоники қаласының Тумба ауданында орналасқан. Сыйымдылығы – 28701 адам. Стадион жергілікті чемпионат кездесулерін өткізу үшін 1959 жылы соғылған. Алғашында бұл стадионның сыйымдылығы 40 000 орын болған екен.



1979 жылдан бастап, жергілікті ПАОК клубының алаңына айналған. 1998 жылы стадион күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Нәтижесінде тұрып тұратын орындар алынып, стадион сыйымдылығы 32 000 адамға кеміген болатын. Екі жыл өте, қауіпсіздік үшін тағы бір жөндеу жұмыстары өтті және бұл жолы да жанкүйер орындары азайды – 28 701. 2004 жылы (Олимпиада кезінде) стадион Грекия құрамасының резиденциясы әрі жаттығу базасы болған.



2003 жылдың жаз маусымынан 2004 жылға дейін стадионның соңғы құрылыс жұмыстары жүрді. Басты жаңалық – жоғары рангтағы үкімет және спорт шенеуніктеріне арналған стадионның батыс трибунасы маңындағы төрт қабаттық ғимараттың құрылысы болды.

АФАС стадионы. Алкмар, Нидерланды:

Бұл Голландияның Алкмар қаласында орналасқан көп мақсатты стадион. Ол көбіне футбол матчтарын өткізуге пайдаланады және "АЗ Алкмаар" клубының алаңы болып саналады. Стадионның сыйымдылығы – 17 023 адам.

Стадион 2006 жылы 4 тамыз күні Аз-дың «Ареналға» қарсы өткізген жолдастық кездесуімен ашылды. Бастапқыда стадион клубтың бас демеушісінің атымен, яғни DSB деп аталды, бірақ демеушінің банкрот болуынан соң, атауы өзгертілді. Кейінірек «АФАС-стадион» деген атауға ие болды. 

"Кирьят-Элиэзер" стадионы. Хайфа, Израиль:

Израильдің Хайфа қаласында орналасқан көп мақсатты стадион. Бірақ қазіргі таңда көбіне футбол матчтарына ғана қолданылып келеді. Стадион кейде футболдан Израиль құрамасының алаңы да болған. 1956 жылдан бастап, тұрақты түрде "Макаби" Хайфа және "Хапоэль" Хайфа клубтарының стадионы болып саналады. Стадион 14 002 көрерменге есептелген және 14 секторға бөлінген. 



Аталған стадион 1955 жылы 24 қыркүйек күні "Макаби" Хайфа және "Хапоэль" Хайфа клубтарының өткізген кездесуімен ашылды. Стадион Хайфа қаласы муниципалитетінің қарауындағы қаланың жеке меншігі болып есептеледі.



Естеріңізге сала кетсек, қарағандылық «Шахтердің» Еуропа Лигасы аясындағы сырт алаңдағы алғашқы кездесуі 19 қыркүйек күні ПАОК-қа қарсы өтеді. Ал қарағандылықтар өз алаңындағы ойындарын «Астана-Аренада» өткізетін болады, себебі, «Шахтердің» стадионы әзірге УЕФА талаптарына сай келмейді. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: soccernews.nl, panoramio.com, mantelzorgdag.nl, 

paok1926newsait.weebly.com

1599 14
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 09 қыркүйек 2013, 16:00
Пікірлер
+0
09 қыркүйек 2013, 17:54

Шахтердікі ең крутой стадион болайын деп тұр ғой :)

+0
09 қыркүйек 2013, 20:32

Төбесі жабылад мы :D

+0
09 қыркүйек 2013, 21:32

шөбіда шірімид) суарып қажеті жоқ :D

+0
09 қыркүйек 2013, 21:56

Ең шумный, кез келген ойында лық толы болып отыратын стадион! :lol:

+0
09 қыркүйек 2013, 21:58

еще волна жасайд. футболисттерді шошытып (с)Тұрсынбек

+0
09 қыркүйек 2013, 22:01

:lol: :lol: :lol: , ой қараш, біздікілер де жасай алад екен ғой :shock:

+0
09 қыркүйек 2013, 22:54

Құрметті Қазақстандықтар. Футболға бармайық. Футболшыларымыз еркін ойнасын :D

+0
09 қыркүйек 2013, 21:58

Испандықтар Хала Мадрид десе, біздер Қара Шахтер диміз! :!: :D

+0
09 қыркүйек 2013, 22:47

Оранжево-Қара Банды деген ыңғайлырақ-ау :D

+0
09 қыркүйек 2013, 22:03

Массагет мына смайликтердің орнына басқасын қойсаңыздар. немесе көбейтіп қойыңыздар. Шарф устап айқайлайтындар бар ед ғо

+0
09 қыркүйек 2013, 22:45

алғашқы кездегідей АшТыМыЛ кодты қабылдайтын жасап қойса ең болмаса. Өзім-ақ тауып қоя берер ем. Сайттың техникалық жағымен айналысатын админдері жалқау. Контент-менеджерлеріне базар жоқ бірақ :D

+0
10 қыркүйек 2013, 14:20

Шыр пыр етіп отырған осы екеумізден басқа ешкім жоқ па дим. Оу, скаузеры, қайдасыңдар? Сәл пәл ымхым деп отсаңдарш.

+0
10 қыркүйек 2013, 14:30

қызықтырмайт епті байымайт

+0
10 қыркүйек 2013, 14:36

ымхым :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев