Әлемнің ең қымбат 10 құрамасы

Әлемнің ең қымбат 10 құрамасы

Испания құрамасы әлемдегі ең қымбат ұлттық құрама саналады. Футболшылардың ортақ құны 456 миллион еуроны құраған. Ең қымбат испандық ойыншы - каталондық "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста (65 миллион еуро).

Екінші орында – Германия құрамасы (415 миллион еуро). Бұл құрамда мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Томас Мюллер бағалы ойыншылардың көш басында тұр (45 миллион еуро).

Үштікті Бразилия құрамасы қорытындылайды (382 миллион еуро). Бразилиялық құрамда "Барселонаның" шабуылшысы Неймар ең қымбат ойыншы саналады (50 миллион еуро).

* * *

Әлемнің ең қымбат құрамалары (Transfermarkt ұсынуда)

1. Испания - 456 миллион евро

2. Германия - 415 миллион евро

3. Бразилия - 382 миллион евро

4. Англия - 348.5 миллион евро

5. Франция - 318 миллион евро

6. Бельгия - 302.8 миллион евро

7. Португалия - 298.5 миллион евро

8. Аргентина - 266.3 миллион евро

9. Уругвай - 199.8 миллион евро

10. Колумбия - 195 миллион евро

Қазақстан - 6.3 миллион евро


Ал осы немістің «Transfermarkt» сайты Қазақстан ұлттық құрамасының футболшыларының да жалпы құнын есептеп шығыпты. Сайт деректеріне сүйенетін болсақ, біздің теңбіл доп шеберлеріміздің (24 адам) жалпы құны 6 300 000 еуроны құрайды екен. Жерлестеріміздің арасынан ең бағалы ойыншылар көшін Алексей Мулдаров ("Ақтөбе"), Константин Энгель (Котбус,"Энерги") және Таңат Нөсербаев ("Астана") бастап тұр. Олардың құны – 500 000 еуро екен.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: football.sport-express.ru

Л. Лига