Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Реалдың" жаңа жұлдызы

"Реалдың" жаңа жұлдызы

Гарет Бэйл барды. Мадрид жанкүйерлері қуануда. Көптің көкейінде бір ғана сауал қалды: валиялық ойыншы ойнап кете ала ма? "Реалдың" жарқын жұлдызы кім атанбақ?

Валиялық жігіттің ойнап кетуіне толық негіз бар. Дегенмен, олқылықтар да жоқ емес. Алдымен, Гарет ойнайтын алаң бөлігінде Роналду өнер көрсететінін еске алайық. Бұл өз кезегінде португалдық жігіттің оң жақ бөлікке немесе орталыққа ойысуына тура келуімен бірдей. Алайда, Жозенің кезінде бұл қылыққа барып көрген болатын, ақтамады. Допты алып шығуына оң жақ бөлік қолайлы болып шықты...

Озил кетті. "Арсеналдың" жейдесін киген неміс футболшысы ағылшын футболына үлес қоспақ. Қайта оралсақ, негізгі құрамға ілікке, Иско жігіттің жақсы қырынан көрініп жүрген жайы бар. Карло Анчелоттидің тактикасына келетін, асықпай-аптықпай пас шығаратын жігіттің үйлесіп-ақ тұрғаны. Сол себепті, неміс ойыншысын ешкім ұстап қалмады. Ұстап тұра да алмайтын еді. Бір маусымға талмай жететін Искоға сенім арту өте-мөте қажет еді. 

Гарет ойқастап жүрер өз бөлігі үшін аз таласқа түспелі тұрған жоқ. Егер орталыққа зер салсаңыз, Исконы қояр болсаңыз, онда өз бөлігін шетте қалдырып, доп артынан жүгіретін жігіт Гаретке кедергі келтіруі мүмкін. Бұл - бір жағынан. Екінші жағынан, Роналдудың керемет шеберлігін есепке ала отырып, аталған басшылықтың мықты шабуылшыны құрбандыққа шалмайтындықтары белгілі жайт. Демек, Гарет тереңге ойысуы ықтимал. Өкпесін ала жүгіретін жігіт өрт те сөндіретін болады, өрт те салатын болады. 

Гареттің бедел-даңқынан Неймардың атағы ат үркітіп тұр. Әр ойында жарқырап қалуға тырысатын бразилиялық жігітке сенім мол артылуда. Таңдаулы әлем басылымдары мен атақты мамандар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, каталондық жаңа шабуылшыға бәс тігілуде. 

Гарет "Реалдың" жарқын жұлдызына айнала ала ма? Түр-әлпеті жағынан да Гареттің оза шаппайтыны бір байқалды. Ерлік пен табандылыққа тән бет-әлпет "Реалдың" бұрынғы және қазіргі жұлдыздарынан табылушы еді. Мысалға алсақ, Фигу, Бекхэм, Роналду, Кака. Әйтсе де, Гарет өз артықшылығын түрмен болмаса да, жекелеген қасиеттерімен көрсете алмақ. Мейлі, ол Месси секілді қарапайым көрінсін, Роналду секілді емен-жарқын болып жүрсін, әйтеуір, өзіне қолайлы жүріс-тұрысты таңдауы қажет-ақ. 

Перес мырза қомақты қаржыны қалтасынан төлеп отырған жоқ. Төлемін қайтаруға тура келеді. Гареттің әр ойыны биіктен табылып, ең аз дегенде, "Реалдың" жұлдыздарымен деңгейлесуі шарт. "Корольдік клубтың" қосалқы құрамынан көзін төңкере қарайтындар табылып жатса, жау іштен шықты дей беріңіз. Ол аздай, Гареттің баруына қарсы болған ойыншылардың да бар екенін еске сала кеткіміз келеді. Икер секілді қақпашыны қосалқы құрамда қалдырған басшылық орайы келген тұста опындырудан тайынбайды. 

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет:pes-files.ru

22
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2013, 19:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.