Челси - Бенфика (2:1). (ВИДЕО)

Челси - Бенфика (2:1). (ВИДЕО)

Чемпиондар Лигасының қызықтарын жалғастырамыз. Реал Мадрид пен Апоэл арасындағы текетірес туралы айтып өткен болатынбыз. Кезек Челси мен Бенфикада.

“Челси“ – “Бенфика“ – 2:1 (1:0)

Сонымен екінші жауаптық матчқа да келіп жеттік. Ойындарды бақылап жүрген жанкүйерлер бұған дейінгі текетіресте де Челси 1:0 есебімен жеңіске жеткендігінен хабардар. Лиссабондағы ойыннан кейін ағылшындар Лондонда қонақтарды күтіп алды. Алғаш болып алаң иелері көзге түсті. Фрэнк Лампард 21-минутта пенальтиден доп теуіп, ойынның бетін ашты. 

Бірінші таймның соңына қарай төреші Дамир Скоминаның екі ескертуі үшін бенфиктік қорғаушы Макс Перейроны алаңнан қуды. Осылайша ағылшындар территориялық басымдылыққа ие болды. Дегенмен негізгі уақыттың аяқталуына 5 минут қалғанда португалдық Хави Гарсия шеберлігімен Петр Чехты қапы қалдырып, допты қақпадан бір-ақ шығарды. Осылайша, Бенфиканың жанкүйерлерінде жартылай финалға өтеміз деген үміт оты пайда болған еді. Дегенмен төрешінің қосып берген қосымша уақытында Рауль Мейрелеш алаң ортасынан сытылып шығып, Бенфика қақпасына қауіп төндірді. Нәтижесінде Челсидің қанжығасы тағы бір майланды. (2:1)

Жалпы есеп 3:1. Жартылай финалда Челси испаниялық Барселонамен кездесетін болады. Алғашқы ойын 18 сәуірде Лондонда, жауаптық матч 24 сәуірде "Камп Ноуда" өтеді деп жоспарланып отыр. 

Голдар: Лэмпард, 21 (пенальти) – 1:0, Хави Гарсия, 85 – 1:1, Мейрелеш, 90 - 2:1.  

Құрамда: 

“Челси“: Чех, Иванович, Луис, Терри (Кэхилл, 64), Коул, Оби Микель, Рамирес, Лэмпард, Мата (Мейрелеш, 87), Калу, Торрес (Дрогба, 89). 

“Бенфика“: Мораеш, Эмерсон, Перейра, Капдевила, Хави Гарсия, Сезар (Родриго, 71), Аймар, Гайтан (Джало, 63), Матич, Витцель, Кардосо (Оливейра, 56). 

Ескертулер: Иванович, 38, Рамирес, 44, Оби Микель, 78 - Кардосо, 19, Перейра, 20, Бруно Сезар, 20, Аймар, 27. 

Алаңнан қуылған: Перейра, 40 (екінші сары қағаз). 

Төреші: Дамир Скомина (Словения).

сурет: itar-tass.com