Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Чемпиондар лигасы. «Шахтер» - «Селтик»

Чемпиондар лигасы. «Шахтер» - «Селтик»

Чемпиондар лигасы. «Шахтер» - «Селтик»

Бүгін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қарағандылық «Шахтер» Шотландияның «Селтик» командасымен кездеседі. Назарларыңызға кездесу алдындағы болжамдарды ұсынып отырмыз.

Владимир Кумыков жаттықтыратын «кеншілер» командасының қарсыласы оңай шағылар жаңғақ емес екені анық. Алайда бүгін «Астана-Аренада» өтетін алғашқы кездесуде «Шахтер» барын салары сөзсіз. «Селтиктің» бір футболшысының (Скотт Браун) құны бүкіл қарағандылық команданың құнынан жоғары болғанымен, кездесуді қателіктер мен жеңіске деген құштарлық шешері анық. Жерлестерімізге қателікке бой алдырмай, жеңісті жолын жалғаса деген үміт артамыз. Сонымен, бүгінгі кездесу жайлы...

Владимир Кумыков, «Шахтер» командасының бас бапкері:

- "Селтик» тәжірибелі қарсылас. Бірақ мен шәкірттеріме қарсыластарына шамаларының жететініне көз жеткізе дайындаудамын. Біз шотландиялық команданың кездесулерін қарап шықтық. Көптеген статистикаларды назарға алдық. Қарсыластың ойын өткізу мәнері бізге ыңғайсыздау болғанмен, оған жол табамыз. Меніңше, бүгін біздің команданы бүкіл Қазақстан қолдайды деп ойлаймын". Сонымен қатар, осыған дейін «кеншілер» ұжымының бапкері «егер командам «Селтикті» айналып өтсе, темекі шегуімді тоқтатамын» деген болатын. Ал Владимир Кумыковтың темекімен "дос болғанына" 35 жыл болған көрінеді.

Нил Леннон, «Селтик» командасының бас бапкері:

- "Қос команда үшін де бұл кездесу маңызды. Егер біз осы жолы нәтижелі ойнасақ, өз алаңымызда оңай болары анық. Тең нәтиженің өзі келесі кезеңге өтуге мүмкіндік береді. «Шахтер» алаңда ағылшындық футбол мәнерінде өнер көрсетеді екен. Алайда біздің мақсат – жеңіс" - деді. 

Талғат Байсуфинов, «Ертіс» командасының бас бапкері:

- "Селтиктің» Қазақстанға келуі, бұл қазақ футболының өркендеп келе жатқанының көрінісі болса керек. Мен қос командадан қызықты кездесуді күтемін. Және өз елімнің патриоты ретінде «Шахтерға» жанкүйер боламын".

Омари Тетрадзе, «Жетысу» командасының бас бапкері:

- «Шахтер» бүкіл Қазақстанның футбол жанкүйерлерін қуантып келеді. Плей-офф кезеңіне шықты. Енді «Селтик» - қауіпті қарсылас. Алайда «Шахтер» барын салса, ұтылмас деген сенімдемін. Бүгін «кеншілер» ұжымы нәтижелі ойын өрнегін көрсетеді деп ойлаймын».

Бүгінгі «Астана-Аренада» өтетін кездесуге Чехиядан келген төрешілер қазылық етеді. Бас төреші Павло Краловец және оның көмекшілері Мартин Вильчек пен Антонин Кордуло. Қосымша төрешілер – Радек Пржигода мен Михал Патак. Кездесудегі төртінші қазы – Патрик Филипек, ал төрешілердің бақылаушысы ресейлік Сергей Зуев болады.

Көптеген букмекерлік орталықтар «Селтиктің» жеңісіне 1,88, ал жерлестеріміздің жеңісіне 4,18, ал тең ойынға 3,41 коэфициент ұсынуда. Сонымен қатар, «Шахтердың» бес бірдей футболшысы сары қағаз алудан сақтануы тиіс. Өйткені Чемпиондар лигасында үш сары қағазы бар футболшы келесі кездесуге қатыса алмайды. Әзірге «кеншілер» сапында Андрей Финонченко, Андрей Порываев, Алдин Джидич, Александр Симчевич және Сергей Малый сынды ойыншылардың еншілерінде екі сары қағаздан бар.

Қос команда арасындағы кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. Ойынды «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-xl.net, vesti.kz

13
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 20 тамыз 2013, 20:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.