Жолдастық кездесу. Қазақстан - Грузия

Жолдастық кездесу. Қазақстан - Грузия

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузиямен жолдастық кездесу өткізеді. Мирослав Беранек баптайтын жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Темури Кецбая жаттықтыратын Грузия ұлттық құрамасы қазіргі таңда ФИФА рейтингінің 97 орынына жайғасқан. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы 149-шы орында келеді. Егер бүгін жерлестіріміз тең ойнап, немесе жеңіске жетіп жатса, рейтингтегі жағдайымызға әсер етері сөзсіз. Алайда букмекерлік орталықтар ұлттық құраманың жеңіске жетуіне күмәнмен қарауда. Олар Қазақстанның жеңісіне 3,4, тең кездесуге 3,3, қонақтардың жеңісіне 2,1 коэфициент беруде. 

Темури Кецбая, Грузия ұлттық құрамасының бас бапкері

- "Біз команданың 80 пайыз негізгі құрамдағы футболшыларын жинадық. Сонымен қатар жастарды да ерте келдік. Олар да енді бірнеше жылдан кейін ұлттық құраманың негізгі болашағы болары анық. Тәжірибе жинағаны дұрыс. Тартысты ойын көрсетеміз деген сенімдемін. Алайда біздің команда кездесуге аса дайын емес. Кешегі оқу-жаттығуға 8-ақ футболшы қатысты. Қалғандары Грузиядан бүгін ұшып келді. Алаңдарыңыз керемет екен. Бәлкім, Грузияда да жолдастық кездесу ұйымдастырып қалармыз"-деді. Сонымен қатар журналисттер сұрағына жауап бере, Қазақстан ұлттық құрамасы тізгінін ұстау ұсынылса кетары емес екендігін де байқатты.

Мирослав Беранек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

- " Бұл кездесуге дайындық өте аз уақытты қамтыды. Құрама сапында Олег Недашковский жарақат алып қалды. Сонымен қатар, командаға тәжірибелі ойыншы да қажет екені рас. Мен сол үшін Нұрбол Жұмасқалиевты құрама сапына шақырдым. Еурокубок жолында тер төгіп келе жатқан "Шахтер" мен "Ақтөбе" ойыншылары алаңда 45 минуттан ғана ойнайды. 

Нұрбол Жұмасқалиев, "Тобыл" командасының капитаны

- Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі кездесуде барымызды салып, жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз.

Сұрақ: Қайтадан команда капитаны болуды қалайсыз ба?

- Жоқ, бұл туралы ойламаймын да. Ең бастысы ұлттық құрамада ойнау.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Грузия арасындағы жолдастық кездесу "Астана Аренада" өтеді. Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Кездесуді "Ел-арнадан" тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosport.kz

Ө. Сансызбай