Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Премьер-лига. Алғашқы айналым қорытындысы

Премьер-лига. Алғашқы айналым қорытындысы

Премьер-лига. Алғашқы айналым қорытындысы

Футболдан ел премьер-лигасының алғашқы айналымы өз мәресіне жетті. ХХІІ тур қорытындысы бойынша командалардың нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз.

«Астана» (Астана) — «Тобыл» (Қостанай)

Бұл екі ұжым осыған дейін премьер-лигадағы таласатын орындарын анықтап үлгерген-ді. «Астана»  командасы  алғашқы алтылықта қалып, жүлде жолында барын салатын болса, қостанайлық команда 7 мен 12-ші орындар арасында таласатын болады.

«Тобыл» кейінгі алтылықта қалса да кездесуді ширақ бастады. 3 минутта Ненад Шливичтің есеп ашуға тамаша мүмкіндігі болған, алайда қақпашыдан айласын асыра алмады. «Астана» сапынан кездесудің 29 минутында Ұлан Қонысбаевтың бағыттаған соққысы қақпа бағанынан қайтып, кейін серпілген допты қақпаға бағыттаған Танат Нөсербаевтың соққысынан нәтиже шықпады. Екінші таймды жергілікті команда шабуылдармен бастады. 57 минутта жарақатынан жақында ғана айыққан Сергей Остапенко алаңға шықты. Сергейдің алаңға шығуымен «Астана» командасының шабуылына жан кіргендей болды. 64 минутта Дамир Кояшевичтің бұрыштамадан асырған добына Сергей Остапенко бірінші болып жетіп, баспен айып алаңындағы командаласы Танат Нөсербаевқа пас тастады. Танат өзіне берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланып есепті ашты. Кездесудің 80 минутында қонақтар сапынан Игорь Бугаев есепті теңестірді. Алайда қонақтардың бұл қуанышы ұзаққа созылмады. 85 минутта Дамир Кояшевичтің айып соққысынан асырған пасын ұлттық құраманың капитаны Қайрат Нұрдәулетов баспен соққы жасап, «Тобыл» қақпасының торын тулатты. Сонымен «Астана» командасы 41 ұпай жинап, турнир кестесінің екінші сатысына нықтап жайғасты.

«Астана» (Астана) — «Тобыл» (Қостанай) 2:1 (0:0)
Голдар:
 Нөсербаев (Остапенко, 64), Нұрдаулетов (Кояшевич, 85) — Бугаев (Красич, 80)
«Астана»: Эрич, Нұрдаулетов, Қонысбаев (Остапенко, 57), Дмитренко, Кетевоама (Исламхан, 74), Игуманович, Бейсебеков, Нөсербаев, Кояшевич (Куат, 86), Шахметов, Зелао (к)
Қосалқы құрам: Логиновский, Горячий, Сисеро, Тажимбетов
 Сатубалдин, Шкот, Богданов, Куртиши, Шливич, Жұмасқалиев (к), Волков, Алумона (Бугаев, 58), Қуантаев, Красич, Абишев (Байтана, 69)
Қосалқы құрам: Бекбаев, Нұргалиев, Кургулин, Муканов, Андреев
 Қуантаев 84.
Төрешілер: Р. Дүзмамбетов (Өскемен), С. Шарипов (Атырау), Е. Бельский (Тараз).
тамыз. Астана. «Астана Арена».

«Жетысу» (Талдықорған) – «Қайрат» (Алматы)

Қос ұжым алғашқы турда кездесіп 3:3 есебімен тең тарқасқан болатын. Бұл жолы да екі команда арасындағы кездесу тең аяқталды. Есеп 0:0. «Қайрат» алғашқы алтылықта қалса, талдықорғандық ұжым екінші алтылықта 7 мен 12-ші орындар үшін таластар жүргізетін болады. Жалпы «Жетысу» премьер-лигада сәтсіз ойнады деп айтуға келмейді. Команда 22 кездесудің 12-де қарсыластарымен тең ойнаған.

«Жетысу» — «Қайрат» 0:0
Ескертулер:
 Климавичус 53 — Кнежевич 44, Шестаков 90+2
«Жетысу»: Цирин, Коробов, Климавичус, Эргашев, Даутов, Джалович, Мельзиддинов, Мамонов, Тотай (Сариев 40), Саломов (Перич 80), Яковлев (Тлешев 56)
Қосалқы құрам: Пасеченко, Чович, Азовский, Эсатов
«Қайрат»: Рихард, Аддо, Кислицын, Михалик, Гурман, Едигарян (Землянухин 89), Дафф, Кукеев (Сахалбаев 78), Кнежевич (Шестаков 70), Ли, Нехтий
Қосалқы құрам: Лория, Еременко, Калинин, Байжанов
 Тевяшов (Орал), Кенжебаев, Ибрагимов (бәрі де — Шымкент)
4 тамыз. Талдықорған. «Жетысу» стадионы. 3000 көрермен.

«Атырау» (Атырау) – Тараз (Тараз)


Ел премьер-лигасында өнер көрсетіп келе жатқан қос ұжым осыған дейін бір-бірімен 23 кездесу өткізіпті. Оның 10-да батысқазақстандық команданың мерейі үстем болса, 7-де «Тараз» басым түскен. Ал қалған 6 кездесу тең аяқталған. Алғашқы айналым қорытындысы бойынша, қос ұжым да алғашқы алтылыққа ене алмады. Енді тек 7-ші және 12-ші орындар арасында таластар жүргізетін болады.

ХХІІ турда «Атырау» өз алаңында Арно Пайперс шәкірттерін жеңіп, өзінің жеңістер санын 11-ге жеткізе білді. 23 минутта Евгений Овшиновтың бағыттаған соққысы қақпа бағанынан кері қайтты. Кейін серпілген допты Тарас Данилюк қайта бағыттап есеп ашты. Кездесудің соңында Милош Стойчев есепті еселесе, 90 минутта Георгий Пейкришвили таблодағы көрсеткішті 3:0 жеткізді. Алайда қонақтар сапынан Илья Воротников есепті қысқартты. Сонымен 27 ұпай жинаған «Атырау» екінші алтылықтың көшін бастады.

«Атырау» — «Тараз» 3:1 (1:0)
Голдар:
Данилюк 23 (1:0), Стойчев 84 (2:0), Пейкришвили 90+ (3:0), Воротников 90+3 (3:1)
Ескертулер: Самченко 33, Голич 73 — Эссомба 19
«Атырау»: Шабанов, Чуреев, Абдулин, Куцов, Самченко, Нурыбеков (Маров 76), Овшинов, Голич, Данилюк (Стойчев 66), Иняц (Пейкришвили 46), Щеткин
Қосалқы құрам: Плотников, Туторич, Фомин, Татишев
«Тараз»: Нурмухаметов, Воротников, Кучма, Шабаев (Мехмедович 66), Айтбаев (Сергиенко 77), Скорых, Д. Евстигнеев, Эссомба, Заречный, Кенбаев (Лечич 46), Қожамберды
Қосалқы құрам: Цветков, Бауыржан, Амирханов, В. Евстигнеев
Төрешілер: Искаков (Астана), Мамашев, Журавлев (оба — Павлодар)
4 тамыз. Атырау. «Мұнайшы» стадионы. 4000 көрермен.

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Восток» (Өскемен)


ХХІІ турда Владимир Никитенко шәкірттері өз алаңында «Востоктан» жеңіліп қалды. Бұл «Ақтөбенің» өз алаңындағы алғашқы жеңілісі. Еуропа лигасына дайындық барысында бас бапкер алаңға екінші құрамдағы ойыншыларды шығарды. Бұл кездесудің сөзсіз фавориті алаң иелері болатын. Алғашқы турда «Ақтөбе» Өскеменде алаң иелерін 0:1 есебімен қапы қалдырған-ды. «Восток» бұл жолы сол есесін қайтарды. 36 минутта Тимур Досмағамбетовтың бағыттаған соққысы қақпа бағанынан кейін серпіліп, Али Алиевтың аяғынан табылды. Өскемендік ұжымның жартылай қорғаушысы мүмкіндікті сәтті пайдаланып, командасына жеңіс голын сыйлады.

«Ақтөбе» — «Восток» 0:1 (0:1)
Гол: 
Алиев 36
Ескертулер: Гейнрих 71 — Байтеряков 90+2
«Ақтөбе»: Нарзикулов, Харабара (Кенжисариев 51), Арзуманян, Мулдаров, Логвиненко (Кападзе 35), Хайруллин, Ковальчук (Гейнрих 58), Мирошниченко, Балтаев, Тағыберген, Гридин
Қосалқы құрам: Сидельников, Бадло, Примус, Аймбетов
«Восток»: Байтеряков, Комарек, Абу Бакр, Мур, Костюк, Джанузаков, Санчес, Сохна, Алиев (Соболев 90+4), Досмағамбетов (Молтусинов 90+3), Суюмагамбетов (Удалов 73)
Қосалқы құрам: Акбаралиев, Шевченко, Фомичев, Ерланов
Судьи: Карлибаев (Орал), Тергеусізов (Алматы), Будниченко (Екібастұз)
4 тамыз. Ақтөбе. «Центральный» стадионы. 8000 көрермен.

«Ертіс» (Павлодар) – «Ордабасы» (Шымкент)

 Қос ұжым арасындағы кездесу аса тартысты өтті деп айтуға келмейді. Өйткені, екі команда да алғашқы алтылықта қалу мәселесін шешіп қойған-ды. Соңғы турда«Ертіс» Алматыда «Қайраттан» жеңілсе, «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбеден» ұтылып қалған болатын.

Алғашқы таймды қос ұжым да сылбыр шабуылдармен бастады. Тек қауіпті сәт 33 минутта ғана орын алды. Эдин Юнузовичтің тастаған пасын Роман Пахолюк бос қақпаға бағыттай алмай састы. Араға бірнеше минут сала екі бірдей қорғаушының арасынан сытылып шыққан оңтүстіктік команданың капитаны Қайрат Әшірбеков өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Есесіне алаң иелері есеп ашты. Бұрыштамадан асырған допты малилік қорғаушы Мамуту Кулибали қонақтар қақпасының торында тулатты. Есеп 1:0.

Екінші таймда командалар сәл ширағырақ қимылдай бастады. Екі команда да гол соғудың жолдарын қарастыра бастады. Алайда 70 минуттан аса қонақтар алаңда он ойыншымен қалды. Алғашқы таймда сары қағаз алған Мохаммед Арури екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Кездесудің соңғы минутында Евгений Аверченко есепті еселеді. Осылайша керекулік команда 34 ұпай жинап, турнир кестесінің 4-ші орнына жайғасты.

Кездесудегі статистиканы назарларыңызға ұсынып отырмыз:

Доп ұстау: 54% — 46%
Қақпаға соққы: 8 — 9
Ереже бұзу: 9 — 15
Қақпа бағаны: 0 — 1
Офсайдтар: 3 — 2
Бұрыштама: 3 — 1
Сары қағаз: 1 — 2
Қызыл қағаз: 0 — 1. 

«Ертіс» — «Ордабасы» 2:0 (1:0)
Голдар:
Кулибали 40, Аверченко 89
Ескертулер: Кучера 58, Мухутдинов 76, Юрин 90+1 — Арури 54
Алаңнан қуылды: Арури 76
«Ертіс»: Джоджо, Кулибали, Қожабаев, Кучера, Чичулин, Шомко, Мухутдинов, Аверченко, Суюмбаев (Шабалин 63), Мурзоев (Струков 46), Бақаев (Юрин 78)
Қосалқы құрам: Котляр, Бегалин, Чучман, Говедарица
«Ордабасы»: Григоренко, Адырбеков (Лопес 83), Мухтаров, Мвесигва, Арури, Левин, Карпович, Алиев, Пахолюк (Нұрғалиев 60), Әшірбеков (Белич 68), Юнузович
Қосалқы құрам: Отарбаев, Сыдықбек, Бабатунде, Бейсенов
Төрешілер: Чесноков (Өскемен), Қошқаров, Васютин (бәрі — Алматы)
4 тамыз. Павлодар. «Центральный» стадион. 3800 көрермен.

Сонымен ХХІІ ел премьер-лигасының ХХІІ тур ойындары да өз мәресіне жетті. Кеше өз алаңында «Шахтер» оралдық «Ақжайықты» ойсырата жеңген болатын. Ал алғашқы алтылыққа енген командалар ХХІ турда-ақ анықталып қойған-ды. 

 Орын Команда  Тур  Жеңіс  Тең   Жеңіліс  Доп айырмасы  Ұпай 
1 АҚТӨБЕ 22 14 5 3 30-12 47
2 АСТАНА 22 12 5 5 35-24 41
3 ШАХТЕР 22 10 5 7 31-23 35
4 ЕРТІС 22 9 7 6 24-20 34
5 ҚАЙРАТ 22 7 10 5 28-24 31
6 ОРДАБАСЫ 22 8 6 8 20-20 30
7 АТЫРАУ 22 7 6 9 18-28 27
8 ТОБЫЛ 22 7 5 10 30-27 26
9 ВОСТОК 22 5 8 9 12-24 23
10 ЖЕТІСУ 22 4 12 6 20-25 21
11 ТАРАЗ 22 4 6 12 19-29 18
12 АҚЖАЙЫК 22 4 7 11 24-35 13

 

 Үздік сұрмергендер:

Игорь Зенькович (Ақжайык/Шахтер) - 11(2)
Эдин Юнузович (Жетысу/Ордабасы) - 8(1)
Момоду Сиссей (Қайрат) - 7
Игорь Бугаев (Тобыл) - 7(2)
Александр Гейнрих (Ақтөбе) - 5
Нұрбол Жұмасқалиев (Тобыл) - 5
Олег Недашковский (Қайрат) - 5
Сергей Хижниченко (Шахтер) - 5
Марат Хайруллин (Ақтөбе) - 5(1)
Дамир Кояшевич (Астана) - 4
Мануэль Курто (Тараз) - 4
Папа Ньянг (Восток) - 4
Алексей Щеткин (Жетысу/Атырау) - 4
Рождер Каньяс (Шахтер) - 4(1)
Йосип Кнежевич (Қайрат) - 4(2)

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, vk.com,alaman.kz


1561 0
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 05 тамыз 2013, 01:25
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...