Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Василий Ломаченко кәсіпқой боксқа өтті

Василий Ломаченко кәсіпқой боксқа өтті

Василий Ломаченко кәсіпқой боксқа өтті

Украиндық боксшы Василий Ломаченко Top Rank промоутерлік компаниясымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды "Р-Спорт". Яғни ендігі кезекте боксшы мансабын кәсіпқой рингте жалғастырмақшы.

Ломаченко жаңа мансабы жолында алғашқы кездесуін жартылай ауыр салмақта (57,153 келіге дейінгі) өткізетіндігі белгілі болды. Ал осыған дейін ол алғашқы кездесуде-ақ чемпиондық белбеуді иеленгісі келетіндігін мәлімдеген еді.   

Естеріңізге салсақ, қазақстандық бокссүйер қауым украиндық боксшымен WSB сериясы финалдық кезеңі аясындағы Ukraine Otamans пен Астана Арланс арасында елордада өткен кездесуден жақсы таныс. Ол осы кештің басты бәсекесі болған «арландардың» капитаны Самат Бәшеновпен өткен жекпе-жекте жеңіске жеткен еді. Алайда оның бұл жеңісі украиндықтарға жарыста топ жаруға мүмкіндік берген жоқ.  

Василий Ломаченко әуесқой бокс тарихындағы физикалық және техникалық мүмкіндіктері жағынан ең үздік боксшы деп саналады. Ол әуесқой бокс мансабы жолында 397 кездесу өткізіп, оның 396-ын жеңіспен аяқтаған. Ломаченко ғұмырында тек бір жекпе-жекте жеңілді. Бұл оқиға 2007 жылы әлем біріншілігінің финалы аясында Альберт Селимовке қарсы өткен кездесуде орын алды. Алайда кейін Ломаченко одан екі рет есе қайтарды. Бірінші жеңіс 2008 жылы Олимпиада ойындарында болса, екінші рет ол оны 2013 жылғы WSB жартылай кәсіпқой турнирінде ұтты. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rian.com.ua

Қосылған күні: 29 шілде 2013, 14:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.