Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Алматыда парашют спортынан ел чемпионаты өтті

Алматыда парашют спортынан ел чемпионаты өтті

Алматыда парашют спортынан ел чемпионаты өтті

Алматыда классикалық парашют спортынан өткен 22-ашық чемпионаттың қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Today.kz. 

Әуе қорғаныс күштері авиациалық базасының Алматы облысындағы аэродромында бірнеше күнге созылған жарыста Қазақстанның Қарулы Күштерінің парашютті дайындық Орталығының спортшылары мен Алматы, Балқаш, Қарағанды, Шымкент, Орал және басқа да қалалардың паршютшілері өзара мықтыны анықтаған еді. 

Жарыс кезінде спортшылар 1000 метр биіктіктен жекелей және топтық секірістерді жасап сынға түсті. Сондай-ақ олар 2000 метрден де акробатикалық фигуралардың кешенін жасай отырып сайысты. Ал жарысқа қазылық еткен төрешілер спортшылардың дәлдігі мен шеберлігін электронды құралдар арқылы көріп, оларға өз бағаларын беріп отыры.

Сонымен екі жаттығудың қорытынды ұпайы бойынша Қарулы Күштер мен Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы болып Қазақстанның Қарулы Күштері парашютті дайындық Орталығының сарбаздары танылды. 

Ерлер арасында чемпион болып парашютті дайындық Орталығының аға прапорщигі Вячеслав Ли танылса, әйелдер арасында дәл осындай жетістікке парашютті дайындық Орталығының спортшы-нұсқаушылары прапорщик Наталья Николаева мен Бибігүл Рамазанова жетті.  

Ал жастар арасындағы жарыста бірінші орынды тағы да Қазақстанның Қаурлы Күштері парашютті дайындық Орталығының спортшысы кіші сержант Денис Исламов иеленді. Ол сондай-ақ "Қазақстан Республикасының спорт шебері" нормативін де қоса орындады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: risk.ru

Қосылған күні: 26 шілде 2013, 19:26
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.