Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Чемпиондар лигасы. «Шахтер» жеңіске жетті (видео)

Чемпиондар лигасы. «Шахтер» жеңіске жетті (видео)

Чемпиондар лигасы. «Шахтер» жеңіске жетті (видео)

Чемпиондар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастаған қарағандылық «Шахтер» командасы Беларус чемпиондары «Батэны» тізе бүктірді. Бұл қазақ футболы тарихындағы алтын әріппен жазылатын жеңіс десек болады. «Кеншілер» командасы 2012-2013 жылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен беларустық ұжым «Батэны» жарыс жолынан шығарды. 

Алғашқы тайм басталысымен қос команда бір-бірін тактикалық тұрғыдан аңдумен бастады. Ойын алдында көптеген футбол сарапшылары «кеншілер» командасы тек қорғаныста ойнауы мүмкін деген болатын. Алайда қарағандылық команда швейцариялық төрешінің ысқырығы шалынысымен сарапшылардың бұл ойын теріске шығарғандай болды. Доп ұстау көрсеткіші бойынша «Батэ» алға шыққанымен, қарағандылық команданың қорғаушылары сауатты өнер көрсете білді. «Шахтер» сапынан армяндық легионер Георг Казарян ерекше ойынымен көзге түсе білді. Бірнеше рет соққы да бағыттады. Алғашқы таймдағы қауіпті соққы қонақтар сапынан орын алды. Денис Радионовтың соққысы Александр Мокин қорғаған қақпаның бағанасынан қайтты. Жалпы алғашқы таймда «Шахтер» сенімді ойынымен көзге түсті.

Екінші тайм басталысымен беларустық ұжым шабуылға баса назар аудара бастады. Александр Мокин қорғаған қақпаға соққы бағыттаумен болды. Тек ұлттық құраманың қақпашысы қателікке бой алдырмады. Ойынның 65 минутында «Шахтер» қақпашысы аса қауіпті соққыны қайтарды, алайда араға бірер минут салып «кеншілер» командасына 11 метрлік айып добы белгіленді. 11 метрлік айып добын Александр Мокин керемет қайтара білді. «Батэ» қолда бар мүмкіндігін жіберіп алды.

«Шахтер» қорғаныста ойнауды жөн көріп жүріп, ойынның 78 минутында аса қауіпті соққы бағыттады. Бірақ доп қақпашы қолынан кейін серпілді. Араға 2 минут салып қарағандылық команда жеңіс голын соқты. Қарсылас қақпашысы Горбуновтың қателігін сәтті пайдаланған Игорь Зенкович жеңіс голын еншісіне жазды. Осылайша Виктор Кумыков шәкірттері қос ойын нәтижесі бойынша беларус чемпиондарын 2:0 есебімен жеңді. Енді қарағандылық ұжым "Нефтчи" (Баку, Әзірбайжан) - "Скендербеу" (Корча, Албания) арасындағы жеңімпаз командамен кездеседі. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Ойынның қаһарманы Александр Мокиннің пенальти қайтарған сәті.


Игорь Зенковичтің жеңіс голы.

"Шахтер" — "БАТЭ" (Борисов, Беларусь) 1:0 (0:0)
Гол:
 Зенькович 82 (1:0)
Пенальти соға алмады: Кривец 67
Ескертулер: Порываев 30, Джидич 54, Мокин 67, Малый 68, Симчевич 77 — Лихтарович 23, Родионов 68
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян (Зенькович 70), Каньяс (Байжанов 90), Финонченко (Габышев 87), Хижниченко
БАТЭ: Горбунов, Радьков, Бордачев (Юревич 81), Филипенко, Поляков, Лихтарович (Павлов 53), Володько А., Алексиевич, Кривец, Глеб (Концевой 75), Родионов
Төреші: Штефан Клосснер (Швейцария)
Бірінші ойын: 
1:0.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: sports.kz

236 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 шілде 2013, 21:35
Пікірлер
+0
23 шілде 2013, 22:08

Жарайсың қарағандылық "Шахтер"! Жеңісіңе шын жүректен қуанып отырмын! Биыл Еуропада өзімізді дәлелдей алатын нәтиже көрсетіп келеміз. "Ертіс" те "Левскиді жарыс жолынан шығарды, жалпы қазақ футболының ілгерілеуі байқалады.Тағы да жарайсыңдар!

+0
23 шілде 2013, 22:11

Керемет дайындапты ғо мынаны автор! Респект!

+0
23 шілде 2013, 22:26

Shakhter you'll never walk alone!!!! Жарайсыңдар!

+0
24 шілде 2013, 01:24

Ал, ұзағынан болсын!)

+0
25 шілде 2013, 02:40

Жарайсы4 Шахтер. Енді тек қана жеңіске жетуді Аллах нәсіп етсін. Шахтерді тек Топтық турнирде көргім келеді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...