Уэйн Руни

Уэйн Руни "Челсиге" ауыса ма?

Марадона Испанияны Бразилиядан артық қояды екен. Бәрінен бұрын, Аргентина құрамасына еш команда жете алмайды депті. Ал сол уақытта Андрей Шевченко Роналдуға "Реалда" қалуына кеңес қылған. Айтпақшы, Боливияда туылған әр бесінші балаға "Неймар" деп ат қойылады. Футбол әлемінің өзге де жаңалықтары:

"Барса" Тиаго Силва үшін 32 млн ұсынуда

Каталондық "Барселона" басшылығы француз клубына ресми ұсыныс тастап көрмек. Бразилиялық Тиаго Силваны өз құрамдарынан көруге асығуда. 

Sport.es хабарлап отырғандай, «Барселона» өкілдері аталған қорғаушының агенті Пауло Тонеттомен кездесіп, париждік клубқа 32 миллион еуроны қолма-қол төлеуге дайын екендіктерін мәлім еткен. Тонеттоның өзі де қорғаушының каталондықтардың сапына ауысуын құптап отырған көрінеді. Силваға келетін болсақ, талантты тас қамал қорғаушы аз табысқа да келісетіндігін айтқан. 

Естеріңізде болса, 28 жастағы қорғаушы 2012 жылы "Милан" сапынан "ПСЖ"-ға 42 миллион еуроға ауысқан болатын. 

"Ақсүйек" Каванидің жылдық табысы 9 млн еуро болмақ


Итальяндық «Наполи» клубының уругвайлық шабуылшысы Эдинсон Кавани лондондық «Челсиге» ауысуға бір табан жақын. 

26 жастағы угурвайлық ойыншының жылдық табысы 9 млн еуро болмақ. Ендігі таңда лондондық "ақсүйектер" "Наполимен"  Каванидың ауысым құны туралы ортақ келісімге келсе болғаны. 

Айтпақшы, тісқаққан ойыншыға мадридтік "Реал" да қызығушылық танытып отыр. 

«Ювентус» үш бірдей ойыншысын сатпақ

Туриндік «Ювентустың» басшылығы Фабио Квальярелланы, Мирко Вучиничты және Алессандро Матриды сатылымға шығармақ.

Италия чемпиондары испандық Фернандо Льоренте мен аргентиналық Карлос Тевес секілді ойыншылардың келуіне байланысты аталған шабуылшыларды сатып жібермекші.

Матриге "миландықтардың" назары ауса, Квальярелл «Лацио» мен «Романың» біріне ауысып қалуы мүмкін. Ал Вучиничке «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм» және «Зенит» секілді алпауыттар ерекше ықылас білдіруде. 

Ибрагимович "Реалға" барғысы келеді 


Швеция құрамасы мен "ПСЖ" клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович мадридтік "Реалдың" сапынан табылуға тілек білдіруде, деп хабарлайды Tuttomercatoweb.com.

Хабарланып отырғандай, "корольдік клубтың" тізгінін ұастаған Карло Анчелоттимен бір қатарда мадридтіктердің сапына ауысқысы келетінін айтқан. Сонымен қатар, швед ойыншысы төменгі жалақыға да келісім беріп отырған болып шықты. 

Бүгінгі таңда Ибрагимович «Реалдың» бас бапкері Анчелоттимен ауысым турасында келіссөздер жүргізіп, жақын таңда жеке агенті Мино Райлойды араға салмақшы. 

 "Қызыл сойқанның" ауысым құны 20 млн фунт стерлинг


"МЮ"-дің бас бапкерлігіне келген Мойес бапкер Рунимен келіссөзге бармақ. Білікті маман жаңа келісімшарт қарастыруы да мүмкін. 

Рунидің Лондонға баруына кесе-көлденең бір бөгет тұр. Ағылшын чемпиондары сұрмерген ойыншыны сыртқы елдердің біріне ғана сатуға құлықты. Құда түсуге ниетті "ПСЖ" мен мадридтік "Реал" асыға күтуде. 

Дарынды шабуылшыны лондондықтар 20 млн фунтқа бағалап отырған көрінеді.

сурет:sport.news.am; selenagomezcaughtdatingwithjadensmith.blogspot.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?
Танымал дәрігер Әділжан Хамзин көз жұмды
Танымал дәрігер Әділжан Хамзин көз жұмды
Воркута лагерінде күй тартқан қазақ
Воркута лагерінде күй тартқан қазақ
Елде магистратура мен докторантураға қабылдау басталды
Елде магистратура мен докторантураға қабылдау басталды
Ағаш сақинасына қарап климаттық өзгерісті анықтауға болады
Ағаш сақинасына қарап климаттық өзгерісті анықтауға болады