Финалда Кейперс төрелік етпек

Финалда Кейперс төрелік етпек

УЕФА басшылығы Конфедерация Кубогінің финалдық ойыны Бьорн Кейперстің төрелігімен өтетінін мәлімдеді.

Бразилия мен Испания арасындағы финалдық ойынға нидерландық бас қазы Бьорн Кейперс төрелік қылады. Ал үшінші орынға болатын таласта, Уругвай мен Италия арасындағы ойында алжирлік Джамель Хаймуди қызмет етпек. 

Айта кетер болсақ, үшінші орынға болатын талас бүгінгі күн Сальвадорда өтпек, ал финал - маусымның 1 жұлдызында Рио-де-Жанейрода. 

Естеріңізде болса, Кейперс Еуропа Лигасының финалында («Челси» - «Бенфика») қазылық еткен болатын (2011 жыл, тамыз). Сосын, «Барселона» мен «Порту» (2:0) арасындағы Еуропа Суперкбогінде қазы болды. 

Айтпақшы, Кейперстің иелігінде бірнеше супермаркет пен шаштараз орталықтары бар. 

сурет:ppministries.com

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Л. Лига