"Реал" Мессиді сатып алмақ

"Реал" Мессиді сатып алмақ

Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы Уйэн Руни әйелі Колиинмен бірге "Glastonbury" ән кешіне барған. Ал Германия құрамасы мен лондондық "Арсеналдың" 28 жастағы шабуылшысы Лукас Подольски Рианнаның Кельнде өткен концертіне бас сұғып, өнер жұлдызының бетінен сүйіп отыр. Футбол әлемінің өзге де жаңалықтары:

"Реалға" тағы бір үміткер...

«Ювентустың» жартылай қорғаушысы Андреа Пирло мадридтік "Реал" клубының трансферлік тізіміне еніп отыр екен, деп ақпар таратуда испан баспасөз құралдары. 

Пирло кезінде "Милан" сапында жүріп, "корольдік клубтың" тізгінін ұстаған Карло Анчелоттимен істес болған. Естеріңізде болса, екеуі италиялық клубтың сапында жүріп, толағай табыстарға қол жеткізіп еді. Алайда, Анчелотти бас бапкерліктен кеткен соң, Пирло қажетсіз болып табылып, сол арада «Ювентусқа» ауысып алған-ды. Жасы үлкен болғанына қарамастан, Андреа "синьорлардың" көшбасшысына айналып, туриндік сапта екі мәрте ел чемпионы атанды.

Конфедерация кубогі жолында жемісті ойын өрнегі Анчелоттидің көзіне ыстық басылып, ендігі таңда Мадридке шақырғысы келіп отыр екен. Football Italia басылымының сөзіне сенсек, Италия бапкері әйгілі ойыншыны Испанияға қоярда-қоймай шақырып алуға дайын. 

Бүкіл шабуылды құрылымдап отырған ойыншыны «Ювентус» клубы да жібере қоюы екіталай. Дей тұра, жасы үлкен ойыншыға (Пирло 34 жаста) «Реалдың» көңіл ауаны бұрылып жатса, қомақты қаржыны жұмсаулары қажет болады. 

Иньеста клбуын қатерден сақтап қалды

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста кезінде өзі өсіп-өнген «Альбасете» клубын испан бріншілігінің үшінші біріншілігінде сақтап қала алды. 

«Альбасете» клубы ойыншыларына қарыздарын қайтармағандықтан, тағы бір саты төмен дивизионға түсіп кету қаупі бар еді. Құрдымға кетер сәт тақап қалғанда, Иньестаның жеке есебінен клубқа 240 мың еуро аударылған. Бұл туралы goal.com. хабарлайды. 

Андрес аталған клубтың (өзі мансап жолын бастаған) ең ірі акционері саналады. Естеріңізде болса, «Альбасете» академиясында Иньеста екі жыл жүріп, сосын 12 жасар баланы "Барселона" мектебі өз қарауына алған-ды. 

Клуб басынан өтіп отырған бұл бірінші жағдай емес. Каталондық ойыншы қай жолғыдай сақтап қала алды. Осыдан екі жыл бұрын клубқа 420 мың еуро аударған көрінеді.

"Ливерпуль" "Верон" ойыншысына 8 миллион ұсынуда

Daily Mail-дің хабарлауынша, "Веронның" 21 жастағы орталық жартылай қорғаушысы Жоржиньюға "Ливерпуль" құда түспек. 

"Қызылдар" бүгін таңда келісімді бастап та кетіпті және аталған футболшы үшін 8 миллион фунт стерлинг ұсынған. Бұл тұста "Ливерпульмен" бір қатарда "Арсенал", "Манчестер Юнайтед" секілді алпауыттар да қызығушылық білдіріп отыр. 

Жоржинью Б сериясының 2012/13-маусымында 41 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пастың авторы атанған. 

"Юве" Коларовты 1,5 миллионға жалға алмақ


"Ювентус" "Манчестер Ситимен" арада 27 жастағы шабуылшы Александр Коларовты жалға алуға келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Football Italia хабарлайды. 

Туриндіктердің ұсынысында серб ойыншысы үшін 1,5 миллион еуро ұсынумен қатар, сатылған жағдайда 5,5 миллион еуро төленетіндігі айтылған. 

Коларовтың өзі де бұған дейін клуб ауыстыру жайын қозғап келіп еді. Бір сөздерінде серб шабуылшысы қосалқы құрамда қалып қоя беретіндігіне көңілі толмайтындығын мәлімдеген көрінеді. 

Ағылшын біріншілігінің 2012/13 маусымында серб 30 ойын өткізіп, 1 гол соғып, екі ретте нәтижелі пастың авторы атанған.

"Милан" Адем үшін 10 миллион ұсынуда


"Фиорентинаның" 21 жастағы жартылай қорғаушысы Адем Ляичке "Милан" клубы қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Corriere dello Sport.

"Фиалкаларға" 10 миллион еуро көлемінде ұсыныс та келіп түскен. "Фиорентина" басшылығы ойыншымен арада бір жыл келісімнің барына қарамастан, талантты жігітті сатып жіберуге әзір екендіктерін мәлімдепті 

Ертеректе екі жақтың келіссөзі сәтсіз аяқталған еді.

Италия чемпионатының 2012/13 маусымында Адем Ляич 28 ойын өткізіп, 11 доп соғып, 6 ретте нәтижелі пастың авторы атанған. 

"Реал" Мессиді сатып алуға дайын


"Реал" президенті Флорентино Перес "Барселонаның" ойыншысы Лионель Мессиді сатып алуға дайын екендіктерін  мәлім еткен. 

Мадридтік "Реалдың" президенті "Radio Nacional de Espana" эфирінде каталондық Лиoнeль Мессиді стаып алуға әзір екендігін мойындаған:

- "Егер алда-жалда "Бaрсa" Мессиді сатқысы келіп жатса, бізге хабарлассын" - депті Пeрeс.

Естеріңізде болса, Мeссидің келісімшартында көрсетілген төлем (өз құқығынан, талабынан бас тартқаны үшін берілетін төлем) 250 миллиoн eурoны құрайды.

сурет: footballprice.ru; eurosport.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига