Зидан Шығыс Қазақстанға қонаққа келмек

Зидан Шығыс Қазақстанға қонаққа келмек

Аты аңыз француз ойыншысы Зинедин Зидан Шығыс Қазақстанға қонаққа келуі мүмкін. Осылай деп Шығыс Қазақстан әкімдігі хабарлайды.

"Арада келісім жүріп жатқаны анық. Әйгілі футбол жұлдызының келу-келмеуі күн тәртібінде тұрған мәселе. Әзірше, осы жаңалықтармен шектелеміз", - дейді әкімшілік.

Зидан қазақ футболына 100 жыл толуына орай Шығыс Қазақстанға ат басын бұрмақ.

Ертеректе хабарланып қойғандай, қазақ футболының 100 жасқа толуына орай күз айында Қазақстан құрамасы футболдан Еуропаның көшбасшылары саналатын - Испания,  Италия, Франция немесе Нидерланды секілді алпауыт құрамалардың бірімен жолдастық кездесу өткізбек.

Бір ақпар: Зидан футболдағы мансап жолында 1998 жылы әлем чемпионы, 2000 жылдары Еуропа чемпионы атанды. 2006 жылы өткен Әлем Чемпионатының финалында Италия құрамасына қарсы ойында италиялық Марко Матерацциді баспен ұрып жығып, кәсіби футболмен қош айтысып еді.

Cурет:iwww.piralokus.blogspot.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига