Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Астана арландары" қайта жеңіске жетті

"Астана арландары" қайта жеңіске жетті

"Астана арландары" Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында өтіп жатқан бірінші жартылай финалда "Dinamo" былғары қолғап шеберлерін тізе бүктірді.

Бағдарламаны салмағы 54 келіге дейінгі "Астана арландарының" сапында өнер көрсетіп жатқан Мирхан Рахымжанов пен "Dinamo"-ның намысын қорғап жүрген Владимир Никитин ашты. Кездесудің алғашқы секундтарынан бастап, ресейлік боксшы шеберлігімен  көзге көрінді. Никитиннің көрсеткен өнері бәсекелесінен артық көрінгенімен, Рахымжанов намысты қолынан оңай беретіндердің қатарынан емес. Рахымжановтың шабуылдары тактика жағынан тиімді болғанымен, бұл бағыт нәтиже бермеді. 5 раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңімпаз ретінде ресейлік клуб шеберін таныды.

Салмақ дәрежесі 61 келіге дейінгі Мерей Ақшалов "Dinamo"-ның сапындағы ең мықты боксшылардың бірі Вазген Сафарянецпен шаршы алаңға шығып, жұдырықтасты. Біздің боксшының ресейлік спортшыдан басым түсіп, үш раундта жинаған ұпайлар саны көп болғанымен, төрешілер екі раунд жеңімпазы ретінде Вазгенді таныды. Сонда да жеңіс Ақшаловқа бұйырды.

Салмақ дәрежелері 73 келіге дейінгі "Астаналық арлан" Мирас Баирханов пен "Dinamo" сапындағы Виталий Бандаренка арасындағы кездесу біздің боксшының жеңісімен аяқталды. Бұл кездесу өте тартысты болып өтті. Екі боксшы да намысты қолынан оңай бергісі келмеді. Спортшылар кезек-кезек бір-бірінен басым түскендіктен, ақтық раундта таразы басы теңескен болатын. Ақтық раундта Мирас жеңісті Виталийдің қолынан жұлып алып, жеңімпаз атанды. Жарайсың Мирас!

85 келіге дейінгі салмақ дәрежеде "Астана арландарының" намысын өзбек легионері Рамзжон Ахмедов қорғады. Оның бәсекелесі Данил Швед болды. Кездесудің басында шаршы алаң қожайыны әдемі өнер көрсеткенімен, екінші раундта ресейлік боксшы таразы басын теңестіруге үлгерді. Бірақ, ақтық сында Ахмедов Шведтен басым түсіп, "Астана арландарына" бірінші жартылай финалға жолдама әкелді.

Бағдарламаны 91 келіден жоғары салмақ дәрежеде өнер көрсетіп жүрген Руслан Мырсатаев пен "динамолық" боксшы Сергей Кальчугин аяқтады. Бұл кездесуде ресейлік боксшы тактикасы мен шеберлігімен көзге көрінгенімен, төрешілер 3:2 есебімен жеңісті біздің спортшыға берді. Жауапты кездесулер 30 наурыз күні Мәскеу қаласында өтпек.

Сурет Даниал Окасов

1562 13
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 24 наурыз 2012, 10:40
Пікірлер
+0
24 наурыз 2012, 12:24

Жарайсыңдар жігіттер!!

+0
24 наурыз 2012, 13:13

Жарайсыздар :D кеше осы боксты 2 ағаммен үшеуміз отырып көреміз деп әбден ұрыс естідік бар емеспа :lol: :D :? :mrgreen:

+0
24 наурыз 2012, 13:42

спорттан хабарыңыз бар-ау дим

+0
24 наурыз 2012, 13:44

Бокс менің сүйікті спортым, бұрындары түннің бір жарымына дейін отырып Тайсоннын рингқа шыққанын күтетінмін :D бір сөзбен айтқанда Бокс десе ішкен асымды жерге қоямын :mrgreen:

+0
24 наурыз 2012, 13:46

:mrgreen: ))

+0
24 наурыз 2012, 13:49

Айтпақшы Қайреке менің сұрақтарым бар еді Массагетке байланысты, кімнен сұрарымды білмей жүрмін, маған Мои мир желісіне қосылыңызшы, егер бар болсаңыз :mrgreen: :oops:

+0
24 наурыз 2012, 13:22

Кеше біраз нервті тауыстық-ай

+0
24 наурыз 2012, 14:23

әй жарайсыңдар

+0
26 наурыз 2012, 09:13

4-1 қылуға болушы еді! Әй сол Руслан тәртіпті бұзбағанда гой? :(

+0
26 наурыз 2012, 09:46

өзінен көрсін енді! не диміз, басына таяқ боп тиді, енді олай істемитін шығар!

+0
26 наурыз 2012, 09:50

Менің ше осы бокста бір ашуыма тигені біздің боксшылардың қабақтары жарыла берді ғой :? бетті қорғамайды екенда :roll:

+0
26 наурыз 2012, 10:16

Қабақтары слабый гой! ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...