"Бавария" Чемпиондар Лигасын жеңіп алды

"Бавария" Чемпиондар Лигасын жеңіп алды

Чемпиондар Лигасының финалында дортмундық "Боруссиямен" болған ойында "Бавария"командасы  2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Массагет сайты хабарлайды.

60-минутта баварлықтардың шабуылшысы Марио Манджукич ойындағы есепті ашты. Арада 8 минут өтер-өтпесте Илкай Гюндоган 11 метрлік айып добын сауатты орындап, таразы басын теңестірді. Шешуші гол 89-минутта орын алды. Арьен Роббен Рибери берген пасқа сытылып шығып, қақпашыны қапы қалдырып кетті. 

Ойынның үздік ойыншысы болып  Арьен Роббен танылды. 

"Бавария" командасы Чемпиондар Лигасындағы бесінші жүлдесіне (Чемпиондар Кубогі) ие болып отыр.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига